Аймақтар • 02 Маусым, 2018

Павлодарда 9 жатақхана салынады

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, облыстағы 22 колледждің әрқайсысының өз жатақханалары бар. Былтыр демеушілер есебінен облыс орталығында екі Студенттер  үйі ашылды. Биыл да  құрылыс жалғасады. 

Павлодарда 9 жатақхана салынады

Суретті түсірген Ақмаржан Әділбек

Қазір С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университет, мемлекеттік педагогикалық университет жатақханалар салу үшін орын қарастыруда. Көлік және коммуникация колледжі мен Ақсу қара металлургия колледжі жанынан студенттер үйі бой көтереді. Жатақханалар демеушілер есебінен салынады. Екібастұздағы отын-энергетикалық сала мамандарын даярлайтын орталықта да жатақханалар қалпына келтірілмек.

Облыс орталығындағы Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледждің де екінші жатақханасы салынады. Медициналық колледж студенттері үшін ескі ғимарат сатып алынып, жаңарту жағы қарастырылуда.

Жалпы, өңірдегі төрт жоғары оқу орнында 11,4 мың, ал колледждерде 17,6 мың студент оқиды. 4 мың студентке жатақхана қажет.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар