Ұлттық спорт • 03 Маусым, 2018

Астанада теңге ілуден екінші, аударыспақтан үшінші Азия чемпионаты аяқталды

500 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласындағы "Қазанат" атшабарында қазақтың ұлттық спорты теңге ілуден екінші, аударыспақтан үшінші Азия чемпионаты аяқталды. Мәртебелі жарыста тоғыз мемлекеттің спортшылары бақ сынады.

Астанада теңге ілуден екінші, аударыспақтан үшінші Азия чемпионаты аяқталды

Суреттерді түсірген Мақсат ҚҰЛМАХАНОВ   

Алғашқы күні ұйымдастырылыған теңге ілу сайсының шарты  - 150 метр қашықтықты 20 секунд ішінде шауып өтіп, жол ортаға тігілген 5 теңгені іліп алу. Егерде ілінген теңге саны бірдей болған жағдайда, шауып өткен жылдамдығы ескерілді, дейді жарысты ұйымдастырушылар.

Сонымен теңге ілудің алтын медалын 1 500 000 теңге жүлдесімен қоср оңтүстік оғланы Мағжан Сапарбеков жеңіп алса, келесі күміс жүлде тағы да жеңімпаздың ауылдасы Ғалымжан Изжановқа бұйырды. Қола медал қырғызстандық   Амантур Минуур уулына бұйырды.

Келесі күні бес салмақ бойынша аударыспақтан өткен сайыстың барлық жеңімпаздары қазақстандық спортшылар, яғни жерлестеріміз. Атап айтқанда,

60 келі салмақ дәрежесі бойынша:

1-ші орын - Серғазин Азамат (Қазақстан)

2-ші орын - Матей Базарбай (Моңғолия)

3-ші орын - Сағанбеков Акыл (Қырғызстан)

70 келі салмақ дәрежесі бойынша:

1-ші орын - Ержанов Шыңғыс (Қазақстан)

2-ші орын - Мохаммед Исхад (Ауғанстан)

3-ші орын - Бакболат уулы Азирет (Қырғызстан)

80 келі салмақ дәрежесі бойынша:

1-ші орын - Рахмәтіллә Есімхан (Қазақстан)

2-ші орын - Минур уулы Амантур (Қырғызстан)

3-ші орын - Серік Жеңісбек (Моңғолия)

90 келі салмақ дәрежесі бойынша:

1-ші орын - Ізбасаров Сырым (Қазақстан)

2-ші орын - Холов Фархот (Тәжікстан)

3-ші орын - Байысғалан Досжан (Моңғолия)

+ 90 келі салмақ дәрежесі бойынша:

1-ші орын - Қосалиев Біржан (Қазақстан)

2-ші орын - Талипов Ихтияр (Өзбекстан)

3-ші орын - Жұмабек Думан (ҚХР)

Бұлардың сыртында аударыспақтан жарыстың "түйе балуаны" анықталды. Яғни, абсолюттік салмақ бойынша 10 азамат сайысқа түсіп, чемпиондық  белдік пен 2 миллион жүлде қоры ақтөбелік Арман Сағынбаевтың қанжығасына байланды.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

"Егемен Қазақстан"

Суретте:

1. Аударыспақ сайысының жеңімпаздары

2. Бас чемпион Арман САғынбаев