Теннис • 05 Маусым, 2018

Юлия Путинцева – ширек финалда

321 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Францияда өтіп жатқан «Үлкен дулыға» санатына енетін Франция ашық чемпионаты, яғни «Ролан Гаррос» турниріне қазақстандық теннисші Юлия Путинцева ширек финалға жолдама алды.

Юлия Путинцева – ширек финалда

Франция ашық чемпионатына Путинцевадан бөлек, Қазақстан құрамасынан Михаил Кукушкин, Александр Не­­до­весов, Александр Бублик жә­не Зарина Диас өз бақтарын сы­­нау үшін Франция кортына шыққан болатын. Алайда атал­ған теннисшілеріміздің жолы бол­май, қарсыластарынан жеңі­ліп қалады. Қазақстандық тен­нис­­шілерден тек Юлия Пути­н­цева ғана жарысты әрі қарай жал­ғастыруға мүмкіндік алды.

Жексенбі күнгі жарыс кү­нін­­де Путинцева (әлемнің 98-ра­­кеткасы) жүлде қоры 38 мил­­лион еуроны құрайтын жа­рыс­­тың төртінші айналымы­на шы­ғып, «Ролан Гаррос» тур­ни­ріндегі өзінің үздік нәти­же­сін қайталады. Бір жарым сағатқа жал­ғас­қан үшінші ай­на­лымда че­хиялық Бар­бора Стры­цо­ваны (әлемнің 26-ракеткасы) жеңді. Бұл кездесуде Юлия қарсыласына қарағанда сау­атты ойын көрсетіп, жеңіске әб­ден лайық екенін көрсетті. Кездесудің бірінші сетінде отан­дасымыз 6:4, екінші сетте 6:3 есе­бімен еш қиындықсыз басым түсті. Бұл екі теннисшінің өза­ра үшінші рет кездесуі. Бұ­ған дейін Юлия Путинцева пен Барбора Стрыцова екі рет кез­десіп, чехиялықтың жеңі­сі­мен аяқталған-ды.

Юлия Путинцева матчтан кейін ойын туралы өз пікірін айт­ты. «Неге екені белгісіз, әй­теу­ір Парижде үнемі жолым бол­­ғыш. Сондай-ақ маған бұл қа­ла қосымша күш бе­ре­ді. Бірнеше турнирде жыл­да­­м­дығым жетіспей жеңі­ліп қа­­лып жататынмын. Осы жол­ғы турнирге физикалық мүм­кін­­дігімді арттырып, тың­ғы­лық­ты дайындықпен кел­дім», дей­ді ол.

Бір қызығы, Юлия Пути­н­­цева ширек финалға дейін «Ро­л­анд Гаррос» турнирінде өзі­­нен рейтингі жоғары тен­нис­шілерді қоғадай жапырып келеді. Мысалы, алдымен әлем­нің 10-ракеткасы ағылшын Джоанна Контаны, кейін аме­ри­калық Брэди (86), қытайлық Ван Цянды (85) ұтты. Төртінші айна­лымда чех Барбора Стры­цовадан (26) екі сетте басым түс­ті. Тіпті Путинцевның ши­рек финалдағы қарсыласы да рейтинг жағынан жоғары тұр. Америкалық теннисші Мэ­дисон Киз әлемнің 16-ракета­сы са­нала­ды. Сонымен қатар ол 2017 жылғы US Open тур­нирі­нің финалына дейін жеткен.

Айта кетейік, осы жарыстың ширек финалына шыққаны үшін отан­дасымыз да рейтингтегі жағ­дайын біршама жақсартып ал­ды. Егер, Юлия Путинцева Киз­ді жеңетін болса, ТОП-50 тен­нис­шінің қатарына кіреді. Фран­ция ашық чемпионаты 10 мау­сымда аяқталады.

Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»