Теннис • 05 Маусым, 2018

Теннис. Парижде кім қанша табыс тапты?

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Үлкен дулыға» санатын­да­ғы турнирлердің жүлделік қоры өте мол екені баршаға мә­лім. Сол себепті де осы спорт түрін серік еткен саң­лақ­­тардың барлығы да айтулы жарыста барынша табыс­ты өнер көрсетуді мақсат тұ­тады. 

Мәселен, бұл күндері Па­рижде өтіп жатқан «Ролан Гарростың» жүлде қоры 39 197 000 еуроны құрайды. Бұл бәсекеде Қазақстанның теннисшілері арасында Юлия Путинцева ең жақсы нәти­же көрсетуде. Қазірдің өзінде Путинцева 380 000 еуроны әмиянына салды. Егер осы межеден отандасымыз сү­рін­бей өтсе, онда оның есеп-шотына 560 000 еуро ауда­рылады. Яғни жартылай финалға шыққан ойын­шы­ларға осыншама кө­лем­де қа­ра­жат тиесілі. Ал ақтық ай­қас­қа жолдама ал­ған­дар 1 120 000 еуроны иелен­се, «Ролан Гарростың» жеңім­паз­дары 2 200 000 еуроны ол­жалайды.

«Үлкен дулыға» турнир­ле­рінің бір ерекшелігі – оған қатысудың өзі әр теннисші үшін зор абырой, үлкен мәр­тебе және материалдық жағ­дайын түзеп алуға тамаша мүмкіндік. Тіптен «Рол ан Гарростың» тұ­сау­кесер кездесуінде сүрін­ген ойыншының өзі 40 000 долларды қалтаға басады. Екін­ші және үшінші айналым­да өнер көрсеткендер 79 000 жә­не 130 000 еуроға ие­лік ет­се, төртінші кезеңге өт­кен­дер 222 000 еуроны енші­леді.

Осы орайда жоғарыда айтылған әңгіме тек ерлер мен әйелдердің жекелеген сайысына қатысушыларға ғана қатысты екенін ескерте кеткен жөн. Сонымен қатар жұптық және аралас жұптар арасындағы бәсекелерде бақ сынаушыларға берілетін қаражат тағы бар.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»