Тарих • 05 Маусым, 2018

Сабырға берілген сый

962 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сабырға берілген сый

Мұсылманға, жалпы адам баласына аса қажет дүние – сабыр. Яғни сабырлы болу. Сөзімізге дәлел ретінде мына бір оқиғаны баяндап берсек: үлкен сахаба Әбу Талқаның жалғыз баласы сырқаттанып, әкесі түзде жүргенде қайтыс болады. Оның әйелі Үмма Сүлейм өлген баласын жуындырып, кебіндеп, оң жаққа жатқызып қояды. Күйеуі үйіне келіп, әйелінен сырқат баласының ахуалын сұрайды. Әйелі: «тыныш, демалып жатыр» дейді, күйеуін жабырқатқысы келмей сабыр сақ­тап. Әбу Талқа таңертең ерте тұрып, намазға баруға ыңғайланған тұста әйелі баласының дүниеден өткенін естіртеді. Осы әйелдің сабы­рының өтеуіне Алла оларға тағы то­ғыз ұл береді. Осы тоғыз ұлдың бәрі құран-қари атанады.

Жоғарыдағы оқиғаны тәпсірлеген имам Хафиз былай депті: «Үмма Сүлейм күйеуіне ұлының қайтыс болғанын айтып, жыламай, баласын жуындырып кебіндеп, болған жайды оған таңертең айтты. Оны мұндай әрекетке жетелеген – сабырлылығы мен Алланың ісіне мойынсынуы және жоғалтқанының орнын толтырып береді деген үміті. Егер ол күйеуіне болған жайды сол сәтте айтып, сабырсыздық танытса қалаған мақсатына жете алмас еді. Алла тағала мүмкін әйелдің шын ниетін біліп мұратына жеткізді».

Демек сабырдың пайда беруі: дәл қиындыққа тап болған сәтте оған сабырлылық таныту екен. Қиын­дық басылған соң танытқан сабыр­лық, амалсыз көну немесе еріксіз бой­ұсы­нуға жатады. Оның сауабы аз.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»