Кәсіпқой бокс • 05 Маусым, 2018

Грузиялық боксшы 40 жылға сотталуы мүмкін

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кезінде орта салмақтағы Грузияның танымал кәсіпқой боксшысы Автандил Хурцидзе WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанып отырған Қазақстанның өрені Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға ерекше құлшыныс танытқан еді.

Грузиялық боксшы 40 жылға сотталуы мүмкін

1979 жылы Кутаисиде туып-өскен Автандил 2002 жылдан бері кәсіпқой рингте күш сынасуда. Сол кезден бері 37 кездесу өткізген ол 33 рет жеңіске жетіп, 22 қарсыласын нокаутқа жіберді. 2 рет ұтылып, тағы 2 бәсекені тең аяқтады. 2011 жылы Хурцидзе IBO нұсқасының алтын белбеуін иеленсе, 2017 жылы WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атанды. Грузия боксшысы өзінің соңғы 10 кездесуінің барлығында басымдық таныттты.

Былтыр Автандил Хурцидзе WBO нұсқасының толыққанды чемпиондық тәжі үшін ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен айқасуға тиіс еді. Алайда дәл сол жекпе-жек қарсаңында «ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар» деген күдікпен ол тағы 33 адаммен бірге қамауға алынды. Қазіргі кезде АҚШ соты оларды бірнеше ауыр бап бойынша айыптауда. Егер тағылған айыптар дәлелденсе, танымал боксшы 40 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»