Медицина • 06 Маусым, 2018

2018-2021 жыл­дарға арналған қоғамдық ден­сау­лықты басқару жөніндегі іс-шаралар қолға алынбақ

675 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Денсаулық сақтау министрлігінде денсаулық үшін зиянды өнімдер мәселелері жөніндегі сектораралық кеңес өтті. 

2018-2021 жыл­дарға арналған қоғамдық ден­сау­лықты басқару жөніндегі іс-шаралар қолға алынбақ

Маңызды жиынға Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы мүшелері, Дүниежүзілік банк сарапшыларының, еліміздегі ҮЕҰ мен Ресей өкілдері қатысты. Отырысты ашып берген вице-министр  Қазақстан соңғы 10 жылда темекіге қарсы күрес процесінде белгілі жетістіктерге  қол жеткізгендігін атап өтті.

Елбасы өзінің биылғы Жол­дауын­да  қазіргі денсаулық сақтау ісі қым­бат­қа түсетін стационар­лық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиістігін, сон­дай-ақ саламатты өмір салтын на­си­хаттай отырып, қоғам­дық ден­сау­лықты басқару ісін  күшейту керек­тігін, жастардың репродуктив­ті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару қажеттігін айтқан болатын. «Елбасының Жолдауын іске асыру үшін 2018-2021 жылдарға арналған қоғамдық денсаулықты басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген», деді вице-министр.

ДДҰ деректері бойынша әлем­де шамамен мерзімінен бұ­рын орын алатын өлімнің  80 пайы­зы анағұрлым кең тараған қауіпті төрт фактормен байланысты, яғни темекі шегу және  алкоголь қолдану, дұрыс тамақтанбау, сондай-ақ аз физикалық белсен­ділік. Осыған орай Денсаулық сақтау министрлігі 2018-2021 жыл­дарға арналған қоғамдық ден­сау­лықты басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шең­бе­рінде халық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық фак­тор­­­ларының әсерін төмен­дету­ге ба­­ғ­ыт­­талған шараларды іске асы­ру­­ды көз­дейтіндігін айтқан болатын. 

Оған қоса, вице-министр Қазақ­станда темекі жарнамасына тыйым салу практикасы енгізілгенін, ауруха­налардың, жұмыс орын­дарының, мектептердің, қоғамдық көлікті қоса алғандағы қоғамдық объектілердің темекі түтінінен 100 пайыз арылғандығын атап өтті. Сонымен қатар вице-министр өз сөзінде темекі өніміне салынатын салық бөлшектеп сауда­лау құнының 40 пайызын құрай­ты­нын, темекіні тастауға тілек біл­дірген адамдарға тегін қыз­мет­тер көрсетілетінін жеткізді. 

Кеңеске қатысушы­лар талқы­лау барысында басқа елдердің тәжіри­бесін ескере отырып, Қазақ­стан Республикасындағы мүдделі мем­ле­кеттік органдар мен қоғам­дасты­қ­тардың үйлестірілген іс-қимылдары арқылы негізгі инфек­циялық емес ауруларды профилактикалау мақсатында денсаулыққа әсерін тигізетін зиян­ды өнімдерді азайту бойынша қосымша шараларды енгізу мүмкіндігін пайдалану қажет деген пікірге келді.

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»