Жаңа жүйе науқастың жағдайын жеңілдетеді

Денсаулық сыр беріп, бойдағы дертті дәрігер қандауырмен сылып алғаннан кейінгі пышақ тиген жердің алғашқы күндері қалай бебеулете ауыратынын басынан өткен әрбір жан біледі.  

 

Егемен Қазақстан
06.06.2018 3249
2

Астанадағы Ұлттық онкология және трансплантоло­гия ғы­лыми орталығын нағыз із­деністер мекені деп ауыз толтырып айтуға болады. Адам бала­сының басына түскен тауқы­метті кеселді қалай емдейміз, органды ауыстырып, пациенттің әрі қарайғы өмірін қалай жеңілдетеміз, операциядан кейін қалай ауруды мейлінше тез аяққа тұрғыза аламыз деген ойлар орталықтағы дәрігер қауымын әркез мазалайды. Оның үстіне әлемдік медицинаның не­бір жақсы үлгілерін ендіруге деген ынта, ізденістерге қолдау көр­сетіліп жатса.

Сондай жақсы жаңалықтың бірі – ERAS хаттамасы. Бастауын Даниядан алған бұл хаттаманың мәнісі – қандай күрделі операциядан кейін пациенттің тілінген жердің ауырғанын сезбей, тезірек аяққа тұруына қол жеткізу. Әсіресе бұл орган ауыстыру, он­ко­ло­гиялық қатерлі ісіктерді сылып алу сынды ауыр операция­лардан кейін төсекке таңылған адамның өкпесіне су жиналу, тағы да басқа қолайсыз әсерлерді болдырмау жолындағы аса ма­ңызды хаттама. Оқырмандарға тү­сінікті болуы үшін хаттама де­геннің өзін айта кеткен жөн шығар. 

Қазіргі күні әлем бойынша кез келген ауруды емдеудің ха­лық­аралық стандарттарға негіз­делген хаттамасы бар. Онда қан­дай ем-шаралар жүргізу, егер опе­рация жасайтын болса оған қа­лай даярлау қажет, қандай дәрі-дәрмек қолданады, операция­дан кейінгі күтім тәрізді толып жат­қан жұмыстарды жүргізуде дәрігер сүйенетін қадамдар жиын­­­тығы қарастырылған. Ал жоғарыдағы ERAS хаттамасын басшылыққа алған елдер ауру азабын жеңілдетуде біраз жетіс­тікке жеткен.

Біз әңгімеге тартқан израиль­дік ғалым-дәрігер Александр Злотниктің айтуынша, бұл хаттаманы жүзеге асыру бір күннің шаруасы емес. Мәселен, өзі жұ­мыс істейтін Израильдегі клиника оны ендіру үшін екі жыл уа­қыт кетіріпті. Нәтижесінде не­бір ауыр операцияны өткер­ген пациент төрт күннің ішін­де отба­сына оралады екен. «Неғұр­лым ауруханада аз жатқан сайын дертті жанның жазылу мүм­кіндігі соншалық артады.­ Қан­ша күрессең де бәрі­бір ауруханаішілік инфекция болады. Ал операциядан кейін әлсіреген жанның онымен күресуге қауқары аз. Сонымен қатар орнынан тез тұрып кету операциядан кейін туындайтын кері салдарды да болдырмайды. Көбіне жатып қалған адам пневмонияға шалдығады. Осындай салдармен күресуде және пациенттің өмірінің сапасын арттырып, қатарға қосы­луында хаттаманың мәні зор», дейді ол.

Дәрігер Злотник түсіндірген­дей, адамның операциядан кейін тез тұруы үшін кесілген жерді ультрадыбыстық аппаратпен қадағалап, перифериялық жүйке талшықтарына препарат жіберу арқылы уақытша блоктаудан, пациенттің ауруды сезінуі мүлде болмайды. Яғни аурудың орнынан тез тұрып кете алатынын айтқан дәрігер бір суретті көрсетті. Реанимация бөлімінде онкооперациядан кейінгі пациент штативке бекітілген аппарат­тарға қосылып қойып, орнынан тұрып жүр екен.

«Хаттаманы енгізуге арнайы ультрадыбыстық қон­дыр­ғы қажет. Бұл болмаса жүйке жүйелерінің қай жерде орналасқанын, препаратты қай талшыққа жіберу керегін білу мүмкін емес. Оны алу бел­гілі бір қаржыны талап етеді. Соны­мен бірге хаттаманың қол­данысқа енуі клиникадағы бүкіл қызметкерлердің санасына өзгеріс енгізіп, барлығы бір­дей жұмылатын, тұтастай қай тұрғыдан да қайта құры­луды көздейтін үлкен іс. Бұл – науқастарға да, мемлекет­ке де тиімді, мораль­дық-психология­лық тұрғыдағы игілігін есепке алма­ғанның өзінде экономикалық жа­ғы­нан қалта қағылмауына өте пайдалы», дейді израильдік дәрі­гер.

Осыдан кейін Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы Реанимация және анестезиология бөлімінің жетекшісі Евгений Мусинді әңгі­меге тарттық. Оның баға­­лау­­ын­­­ша, бүгінгі денсаулық сала­сындағы қолданыстағы хаттама мен ұсынылып отырған жаңа­сының айырмашылығы жер мен көктей. Егер қазіргі хаттама бо­йынша операциядан кейін па­циентті 10-20 күн ұстау керек болса, мұнда бар-жоғы 3-4 күн аясында науқас өз ортасына, үйіне оралады. Ал егер қолданыстағы хаттаманы орындамасақ, емдеу мекемесіне айып салынады. Қаржыдан қинау кімге оңай тиеді? Сондықтан Үкімет тарапынан қолдау білдіріп Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы негізінде осы хаттаманы жоба ретінде енгізуге рұқсат беріп, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсе, артылып қалған уақытта қаншама кезек күткен адамдар ем алар еді. Тіпті тезірек қатарға қосылып, жұмысына шығып, өзіне, отбасына, Отанға да пайдасы тиген болар еді, деді ол.

Жуырда Астанада анестезиологтар мен реаниматологтардың ха­лық­аралық II конгресі өтіп, атал­ған саладағы түйткілді мә­се­­лелер ортаға салынды. Атап айтқанда, Қазақстанда 10 мың адамға тек бір ғана анесте­зио­­лог пен реаниматолог қыз­мет көрсетеді екен. Астана мен Ал­матыда тапшылығы байқалма­ғанымен, аудандық ауруханаларда анестезиологтар мен реа­ниматологтар жеткіліксіз. Жер­гілікті емдеу мекемелерінде олар­дың біліктілігін арттыруға ар­нал­ған шаралардың аздығы, ма­ман­дық мәртебесінің тү­сіп кетуіне жалақы төмендігі баса айтылған. Бұрынғы кеңес­тік кеңістіктен шыққан Бал­тық бойындағы елдерде анестезио­лог-реаниматологтың еңбегі 1,5-2 мың доллар көлемінде бағаланса, отан­дық дәрігер 60 мың айлық шамасына ұйқы көрмей ажалмен арпалысады. Құрал-жаб­дық­тармен қамтамасыз ету жағы­ның әлсіздігі, медициналық препа­раттардың жетіспеушілігіне қоса жергілікті жерде наркоз беретін аппараттардың техникалық жағдайы сын көтермейтіні айтылды.

«Анестезиологтар мен реани­ма­тологтардың біліктілігін арттыру үшін кадрлар ротациясын жасауға болады. Мәселен, облыс­тық және аудандық ауруханалар бір-екі айға маман алмас­тырып, өзара тәжірибе алмаса алады. Әйтпесе бүгінде кейбір аудан­дық ауруханаларда анестезиолог мүлдем жоқ. Бар болса да облыс орталығына, Астана немесе Алматыға ауысып кетуге ты­ры­сады. Ротация жасаса, ол ма­ман облыс орталығына барып, көп нәрсеге үйреніп, ауданға келіп, соның бәрін жүзеге асырады», дейді Қазақстан анестезио­логтары мен реаниматологтары қоғамының төрағасы Ағзам Жұма­ділов. Оның мәліметіне сүйенсек, көрші Ресей Федера­ция­­сында 10 мың адамға келетін анестезиологтар мен реаниматологтар коэффициенті 2,2 адам болса, АҚШ-та – 3,1, ал Еуропада 3,2 маманды құрайды екен. Ал елімізде осы салада 2700-ден астам адам еңбек етіп жүр десек те, әлі 200 маман қажет екен. Енді бұл бағытты жастар арасында кеңінен таныстырып, жалақыны көтеру жайын ойластыру қажет. Өйткені ілімнің медицинада қолданбайтын жері жоқ.

Әрине проблемалар бар. Алай­да отандық дәрігерлер дең­гейі­нің әлемдік стандарттарға жауап беретіндей дәрежеде екенін де есте ұстауға тиіспіз. Кей тұста жекелеген дәрігерлерімізден сабақ алып жүрген шетелдік маман­дар да баршылық. Анесте­зиология мен реаниматология саласында жаңа хаттама енгі­зілсе жоғарыдағы маман жетіс­пеушілігі де азая түскен бо­лар еді. Өйткені анестезиологтар мен реаниматологтардың көтерер жүгі жеңілдей түсуінен тұтастай сала алға жылжиды. Ең бастысы, пациенттер тартар азап азаяды.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.12.2018

Алматыда «Сиқырлы әуендер» киноконцерті өтті

18.12.2018

Ақтөбе облысында алпыс отбасы қоныс тойын тойлады

18.12.2018

Қарағандының 2018 жылғы аруы белгілі болды

18.12.2018

Қарағанды облысында спорт кешені пайдалануға берілді

18.12.2018

«Астана» велоклубының жаңа маусымдағы құрамы анықталды

18.12.2018

«Айка» фильмі «Оскар» жүлдесіне үмітті картиналар тізіміне енді

18.12.2018

Отырарда «Оқсыз» спорт кешені ашылды

18.12.2018

Үндістанда ауруханадағы өрттен 6 адам қаза тапты

18.12.2018

Бүгін Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады

17.12.2018

Алтын домбыра иесі анықталды

17.12.2018

Батыс Қазақстан облысында Тәуелсіздік құрбандарына ас берілді

17.12.2018

Чемпиондар Лигасының 1/8-ші финалының жеребе тарту рәсімі өтті

17.12.2018

Жамбыл өңірінде 28 нысан ашылды

17.12.2018

Атыраулықтар «Елбасы жолы» фильмін тамашалады

17.12.2018

Тәуелсіздік күні БҚО-да 37 бала дүниеге келді

17.12.2018

Гиннестің рекордтар кітабына енген Notre Dame de Paris мюзиклі қазақ тілінде қойылады 

17.12.2018

Татарстандағы қазақ студенттері Тәуелсіздік күнін атап өтті

17.12.2018

Солтүстік Қазақстанда допты хоккейден ел кубогы біріншілігі өтуде

17.12.2018

«Ырыс» Түркістан облысында 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал етті

17.12.2018

Солтүстік Қазақстанда 80-ге жуық  полицей марапатталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу