Спорт • 12 Қаңтар, 2017

Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты

5388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты

Қазақстандық боксшы жақында ғана құрылған MJA Entertainment’s промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды. Келісімнің анық-қанығы кейінірек белгілі болады.

Бұған дейін Елеусіновтің, сондай-ақ Олимпиада жүлдегері Иван Дычконың кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін екендігі хабарланған болатын. Екі спортшы да қазіргі уақытта өтіп жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығу жиынына қатыспады.

yeleusinov 1