Аймақтар • 08 Маусым, 2018

Бурабай ұлттық паркіне арналған «A day in Burabay» атты бірегей фотоальбом шықты

294 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда Бурабай курорттық аймағының сұлу табиғаты мен тартымдылығын танымал ету мақсатында көптеген жобалар қолға алынып келеді. Сондай жобаның бірін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жүзеге асырды. Аталған Қор Бурабай ұлттық паркіне арналған «A day in Burabay» атты бірегей фотоальбом шығарып, алғашқы данасын Ақмола облысы әкімдігіне табыс етті.

Бурабай ұлттық паркіне арналған «A day in Burabay» атты бірегей фотоальбом шықты

 Іші қанық та тартымды көріністерге толған фото­альбом­ның бірінші данасын сыйлық ретінде Ақмола облысы әкімінің орынба­сары Қанат Ыдырысов қабыл­дап алған­дығын айта кету керек. Фотоальбомның маңыз­дылығын әкімнің орынбасары былайша тұжы­рымдады: «Қазіргі кезде, Ақмола облысы әкімдігі та­ра­пынан «Four Seаsоns» тұ­жырымдамасы жүзеге асырылуда. Аталмыш фотоальбом курортты аймаққа туристерді ғана емес, шетелдік, отандық инвесторларды тартуға да септігін тигізеді». Өз кезегінде Қазақстан Рес­публи­касы­ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы дирек­то­рының кеңесшісі Әлия Қайшарова Бурабай табиғатының біре­гейлігін және өзіндік ерек­шелік­терін әлемге әйгілеу үшін фотоальбом шығаруды ұйғар­ған­дықтарын айтты. 

«Мемлекет басшысы осы өңір­де болған кезде оның сұ­лулығына әрдайым тамсанып қана қоймай, терең тарихына да ой жүгіртеді. Өйткені Бура­бай Абылай ханмен тығыз бай­ланысты тарихқа ие. Оның үстіне өңір кейбір аңыз­дарымен де өзіне тартымды етіп келеді. Олай болса жаңа фото­альбом арқылы отандық және шетелдік туристердің наза­рын Қазақстанның інжу-мар­жанына аудара аламыз деген сенімдеміз», деді директор кеңесшісі ағынан жарылып. 

Атқарушы директор кеңес­­ші­сінің сөзіне қара­ғанда, Мад­ридте БҰҰ жанындағы Дүние­жүзі­лік Туристік ұйымның ғима­ратында фотоальбом көр­ме­сін тамашалаған іргелі ұйы­мның қызметкерлері сұлу да бірегей картиналарды ұнат­қандары соншалық, олар елор­даға міндетті түрде келу­ді жоспарлап отырған көрінеді. Сонау Испаниядан мотоциклдерімен шығып, араға 20 күн салып Астанаға жетпек ниеттерімен бөлісіп­ті. Тіпті Қазақстанға жасалатын сапарлары туралы кітап та шығармақ екен. 

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы 

Соңғы жаңалықтар