Аймақтар • 08 Маусым, 2018

Атырауда кәріз суын тазарту ғимаратының жаңа жүйесі салынып жатыр

682 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа кәріз тазарту ғимаратының қолданысқа берілуі облыс орталығының сол жақ бөлігіндегі кәріз суын тазалау проблемасын шешеді. Ол алдағы жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Кәріз тазарту ғимаратының жаңа жүйесінің құрылысына 70  маман тартылған, биотоған, тазартылған су коллекторы,  тазартылмаған су коллекторы, лай алаңы, бас кәріз сорғы стансасы құрылысы салынып жатыр.

Атырауда кәріз суын тазарту ғимаратының жаңа жүйесі салынып жатыр

Қаланың сол жақ бөлігіндегі кәріз тазарту ғимаратының кешені Атыраудың оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасады.

Кешен жұмысын бастағаннан кейін қазіргі қолданыстағы "Сасықсай"  жабылады,  жергілікті тұрғындар бірнеше жыл бойы осы мәселе бойынша шағымданып жүрген еді. Кешенде бас кәріз стансасы алаңы, кәріз тазарту ғимараты алаңы, биологиялық тоған алаңы мен булану алаңы бар. Кешен қуаты тәулігіне  70 000  куб метр пайдаланылған су. 

Құрылыс 2019  жылы аяқталады. Айта кетейік,  14 ақпан 2018 жылы  Атырау қаласы әкімі Серік Шапкенов тұрғындармен кездесуінде КТЖ ғимараты 1978  жылы қолданысқа берілгенін, содан бері күрделі жөндеу жасалмағанын айтқан еді. Пайдаланылған су булану алаңына жеткенге дейін тазартудың толық сатысынан өтпейді. Бұл тұрғындардың наразылығын тудырып келді:  апат болған жағдайда қаланы  лас су басатын еді.