Ауыр атлетика • 09 Маусым, 2018

Ауыр атлеттер санын шектеуге қатысты Қазақстан Халықаралық сотқа шағымданады

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Олимпиада ойындарының жаңа квалификациялық жүйесін енгізуге қатысты Халықаралық арбитражды сотына (CAS) арыз бермек. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

Ауыр атлеттер санын шектеуге қатысты Қазақстан Халықаралық сотқа шағымданады

"Жаңа ережелер бойынша, Қазақстан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына тек екі спортшысын ғана апара алады. Құрама сапы допингке қатысты даулардың көп болуына байланысты шектелген.

Соңғы он жылда Қазақстанның ауыр атлеттерінің допинг-сынамаларынан 36 рет тыйым салынған заттар анықталды. 2008 жылдан бері Қазақстан сияқты ешбір ел допингпен бұлай жиі ұсталған жоқ", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына Илья Ильин бара алады. Ол 2008 және 2012 жылғы Олипиада жүлделерінен допинге байланысты айырылып, екі жылға спорттан шеттелген еді. Тыйым 2016 жылдың 10 маусымынан бастап есептеледі. Осылайша алдағы күндері шеттету мерзімі аяқталады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше