Жазира Жаппарқұл: «Күт мені, Токио. Мен са­ған тек алтын үшін ба­ра­мын»

Ауыр атлетикадан қазақ қыздары ара­сынан тұң­ғыш әлем чем­пи­она­ты­ның және Олим­пия ойында­ры­ның күміс жүл­дегері Жа­зира Жап­пар­құл Рио­да­ғы ғаламат же­ңісінен кейін «Күт мені, Токио. Мен са­ған тек алтын үшін ба­ра­мын» деп жіберді. «Ал­тын медаль алмай тұр­мыс­қа да шықпаймын» деген тағы.

Егемен Қазақстан
12.06.2018 10366
2

Қыз бала үшін тұрмысқа шығып, ана атанудан асқан бақыт жоқ. Бүкіләлемдік додада алтын медальдың табалдырығында тұ­рып сүрінген қайсар қыз ауыр атле­тикада әлі де алынбаған не­сібесі барын ұғынды-ау. Өзін көкке көтерген халқы үшін тағы да тәуекелдің қайығына ескек салмақ болған.

Әттеген-ай. Алтын қолында тұр еді. Риода. Алып мұхит әлдилеген, қара маржан Пеле доп тепкен, футбол сиқырымен әлемді арбаған мемлекетте Жазира алтын медальға сынық сүйем қалғанда сүрінгенін ойла­ғанда, өзін қайдам, өзіміздің ішіміз өртеніп кете жаздайды. Бәрі де көз алдымызда...

Алексей Ни кеше бір алтын мен бір күміс аламыз дегенде осынысы рас болса әулие емес, әулиеден былай да емес деп жазғанбыз. Бас бапкер бізді қатты таңғалдырды. Айтқаны айдай келді. Алтынды да алды, күмісті де алды. Біздің ұл мен қыздың басқасын былай қойғанда қытайлық қарсыластарының алды әлемнің 3 дүркін чемпионы, олимпия ойындарының жеңімпаздары. Әлемнің рекордтарын қалауынша өзгертіп жүрген сайыпқырандар. Соған қарсы бір дүркін әлем чемпионы және екі дүркін күміс жүлдегерге қарсы тұрмақшы. Қолында осындай қару болса ешқандай бапкер асылық сөз айтпас еді. Әуелде осы байламды естігеннен кейін бір күн бұрын біз де ойландық. Бір күн бұрын қағазға мынадай ойлар жаздық.

Сәрсенбіні қазақтар сәтті күн деп ырымдайды. Біз Жазира Жаппарқұл мен Нижат Рахи­мов­тың кейінгі жылдардағы же­тістіктерін олардың басты қарсыластарымен салыстырып, Ни айтқан жұмбақ есептің шешуін іздеп көрдік. 

Алдымен Жазира.Тойған қозыдай томпиып жүретін қы­зымыз екі дүркін әлем чем­пи­онатының күміс жүлдегері. Рио де Жанейродағы олимпия ойындарына Жазираның жолын Астанадағы әлем чемпионатында орап кеткен корей қызы Ре Ын Хи қатыспайды. Хьюстонда өткен әлем чемпионатында ол ресейлік Ольга Апанасьева екеуі допинг дауына іліккен. 

Екеуі де осал емес. Бірақ, Оль­га олимпиадаға келгісі келсе де қатыса алмас еді. «Барғыз ­ба­сың барғызбас» дегендей, допинг шырғалаңы Ресей құра­ма­сын Риодағы ірі додадан мүлде алып тастаған. Бірақ, бұл екеуі Жазираның «Абылай аспас сары белі» емес еді. Олимпия ойындарының жеңімпазы қы­тай­лық Сян Яньмен әлем чемпионатында екі дүркін алтыннан олжа салған қыз. Ол Хьюстанда өткен әлем чемпионатында қос сайыс қорытындысы бойынша 263 кило көтеріп Жазирадан бақандай жеті килоға алға кетті. Біздің қыз бағындырған меже – 256 кило. Бірақ, бұл жерде бір ескеретін жағдай, Жазира чемпионатқа қол жарақатымен барған. Осының барлығын есепке алатын болсақ, біздің томпақ қызымыздың қолында алтын медаль тұрғандай көрінеді. Әйтеуір, алла жар болып, қыдырәлейкүмсалам шылауында болсын деп тіледік. 

Қысқаша таратқанда, осылай жорамал жасағанбыз. Алдымен қыздардың сайысы басталды. Канадалық Мадеау жұлқа кө­теруді 98 киломен бастады. Бары осы екен. Ал, беларусь қы­зы үш кезегінде де 103 килоға тап­сырыс беріп, біреуін де ала алмай арманда кетті. Ол үшін олимпия ойындары осы жерден бітті. Біздің бапкерлер тартыс төрт спортшының арасында өтеді деген. Соларды бағып отырмыз, басқасы қызық болмай қалды. Жазира мен Сян Яньменнен бөлек мысырлық Сара Ахмед пен колумбиялық Солис қай медаль менікі деп жалаңдап отыр. Сян Яньмен жұлқа көтеруде 120 кило мен серпе көтеруде 145 кило тапсырыс беріпті. Біздің Жазира 110 кило мен 140 килоны межелеген. Сара Ахмед 110 мен 139 килоның арасында тұр. 

Сонымен атлеттер мен бап­кер­лердің есебі басталып кетті. Қытайлықтар біздің қызды бағуда. Армян қызы 107 кило, колумбиялық Солис 110 киломен тоқтады. Осы салмақты екінші кезегінде бағындырған Сара Ахмад енді шығатын екеуін күтіп «Қособада» жатыр. Жазира шықты. 110 килоны қиналмай алды. Сара 112 килоны көтеріп кетті. Алдында 120 килоға тапсырыс беріп желкесі күдірейіп отырған Сян 113 килоны еркін көтерді. Әлем рекордшысы бәрін алдына салып, әліптің артын бағуда. Жазира екеуі ғана қалды. Алексей Ни шар тасын әрі-бері ойнатып, Сяннан басқасын бері суырып алған. Жазира 115 килоны бір толғап төбесінде ойнатқанда күміс медальдың қалтамызда екенін ұқтық. Сян тағы бір килоға артық тапсырыс берді. Көтерді. Біздің қыздың 117 килоға шамасы жетіңкіремей қалды. Негізі, жетіп тұрған. Кейін Ни бармағын шайнағандай болған. Күміс медаль біздің қыздың буынына түсіп кетіпті. Соңғы кезегінде Сян 118 килоны көтеріп жатып мойнына түсіріп алды. Нағыз итжанды екен. Тез өзіне келді. 

Серпе көтеру. Жұлқа көте­ру­­ден 1 кило артта қалдық. Қор­қынышты емес сияқты. Өйткені Алексей Ни Жазираның жаттығуда 150 килоны еркін алатындығын айтқан. Міне, бапкердің есебі қайда жатыр. Ахмед Сара мен Солис 140 килодан аса алмады. Жазира шықты. Еркін. Көңілді. Кем дегенде кү­міс қолында екендігін біледі. Қырсық шалғанда 140 кило зіл­темірді ырқынан шығарып ал­ды. Жүрегіміз зырқ еткен. Ар­мандап отырған алты­ны­мыз­дың ауылы алыстап бара жат­қа­нын осы кезде ұқтық. Енді бәрі кеш. Кеудесінен жаны шығып кетпесе әлем рекордшысы енді есе бермейді. Солай болды. Жазира 140 килоны екінші кезекте алғанда Сян 142 кило көтерді. Жазира соңғы кезегінде 144 кило көтергенде, ол көп қи­налмастан 145-ті көтерді. Сян – олимпия ойындарының же­ңім­пазы. Енді ол жанын қина­ған жоқ. 147 килоға тапсырыс бергенімен кеудеге апарып тастап жіберді. 

Қос сайыс қорытындысы бойынша Сян Яньмен 261 кило, Жазира 259 кило, Египет қызы Сара Ахмед 256 кило жинап, үш мәртебелі орынды пышақ үстінен бөліп алды. Бас бапкерді қайдам, Жазираға алтын алмады деп өкпелей алмадық. Бір жарым миллиардқа жуық хал­қы бар халықтан іріктеліп келген Сян қандай, он миллион қазақ­тан суырылып шыққан біз­­дің қыз қандай. ойлап көр­се­ңіз сапалы ұлт екенбіз ғой деген мақтаныш кеудеңді кер­нейді. Әйтпесе мына күміс біз үшін алтыннан еш кемдігі жоқ. Жазира Жаппарқұл күміс меда­лімен барлық спорт түрлері бойынша бірінші рет олимпия ойындарының жүлдесін алған тұңғыш қазақ қызы ретінде тарихқа алтын әріппен жазылды. Тарих осылай жазылады.

Алда – Токио олимпиадасы. Ресейге салынған санкцияның зардабы біздің спортшыларға да тиді. Допинг дауы талай саң­лақтарымызды баудай түсірді.

Токиоға екі ғана ауыр атлет­тің баратындығы жөнінде шешім шығарылды. Олар кімдер?

Мінбердегі жекпе-жекте еш­кімге жеңіліп көрмеген Илья Ильин үлкен спортқа қай­та оралмақ. Қандай сынға түс­се де түсін, түрін бермейтін, қор­ғасындай мығым Зульфия Чин­шан­ло да әзір тұр. Олимпия ойын­дарының жеңімпазы Нижат Рахимов та жолын еш­кім­­ге кескізбейді. Солардың қа­та­рында қарқарадай болып Жазира қыз да тұр.

Риода жеңіске жеткенде Үкімет берген қаржысын ауыр дертпен күресіп жүрген жи­ені Әлияны емдеуге жұм­са­ған Жазира Жаппарқұл адам­гер­шілік тұрғысынан алғанда адамзаттың асылы ғой. Алла арманына жеткізгей деп тілеп жүрміз.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»

ҚЫЗЫЛОРДА

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.02.2019

Әсем Орынбай: Стенд атудан Азия чемпионатында Олимпиада жолдамасын иеленгім келеді

18.02.2019

Осы аптада қандай мәдени және спорттық іс-шаралар өтеді?

18.02.2019

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша қабылданған шаралар талқыланды

18.02.2019

Қостанайлық кәсіпкер ханым араб миллионер әйелге сәукеле сыйлады

18.02.2019

Түркістанда газдандыру жұмысы күшейтілді

18.02.2019

«Болашақ» бағдарламасының түлегi Тимирязев ауданының әкiмi болып тағайындалды

18.02.2019

Жұмыс істемейтін аналар үшін берілетін мемлекеттік жәрдемақы қанша?

18.02.2019

Тілекенова мен Абитова көркем гимнастикадан халықаралық сында жүлдегер атанды

18.02.2019

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Нью-Делидегі әлем кубогіне аттанды

18.02.2019

Баланың төлемақысы қанша?

18.02.2019

Нұрсұлтан Назарбаев: Жастық шағыңды босқа өткізбе

18.02.2019

Қанша ақша сыртқа кетті?

18.02.2019

Үкімет «Ақжолдың» кәсіпкерлікке қатысты сауалына жауап берді

18.02.2019

Мәжілісте мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы талқыланды

18.02.2019

Құмшық ата жерасты мешіті мен Жәудір ана мешіт-медресесі қайта қалпына келтірілетін болады

18.02.2019

Алматыда АИТВ инфекциясы бар шетелдіктерді тегін емдеу басталды

18.02.2019

ШҚО-да 74 елді мекенді су басу қаупі бар

18.02.2019

Педиатрия орталығында қатерлі ісік ауруына қарсы күрес күніне орай флеш-моб өтті

18.02.2019

13 жасар Бақытжан екі баланы өрттен құтқарды

18.02.2019

Алексей Полторанин Италиядағы әлем кубогі кезеңінде мәреге 4-ші болып келді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу