Футбол • 12 Маусым, 2018

ӘЧ: Қарғыстан құтылған құрама

345 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Аустралия әлем чемпионатына Азия құр­лы­ғы­нан шыққанымен, футболшыларының дені не­гізінен Еуропада доп тебеді. Олардың басым көпшілігі Ұлыбритания біріншіліктерінде ой­най­ды. Сондақтан да сенсация жасауы мүмкін құ­ра­малардың ішінде Аустралияның шоқтығы биік тұр.

ӘЧ: Қарғыстан құтылған құрама

Аустралиялық аңыз

Бұл оқиғаға біреу сенер, біреу сен­бес. Аустралия құрамасын ке­зінде «қарғыс атқан» деп келді. Кенгуру мен жабайы ит динго жайлаған елдің командасы Родизия құрамасымен ресми ма­тч

өткізуі тиіс еді. 1969 жылы өт­кен матчтар топтамасының үшін­шісінде жасыл құрлықтың басты ко­мандасына жеңіс ауадай қажет-тұғын. Сонда футбол саласында жүрген атқамінерлердің бірі сиқыршы, әрі бақсы кісіден көмек сұрапты. Ол «менің көмегіммен жеңіске жетесіңдер, уайымдама» дейді. Аустралия 3:1 есебімен жеңіп, Әлем чемпионатына жолдама алады. Бірақ кейіннен әлгі балгерге 1000 фунт көлемінде уәде етілген қаламақыны бермей кетіпті. Содан бері, Аустралия құрамасы көптеген жылдар бойы Әлем чемпионатына шыға алмай қояды. Осы әңгімені естіген жур­налистер бұл жағдайды «футбол қарғысы» деп бағалап жі­береді. 1969 жылы құрама сапын­да болған футболшы Джонни Уоррен осы оқиға жайлы өзінің өмірбаянында жазып өтеді. Мұны естіген Джон Сафран есім­­ді тележүргізуші 2004 жылы ар­­найы Мозамбикке барып, әлгі си­қыршыны іздейді. Алайда дуа салған бақсы өмірден озып кетіпті. Есесіне, басқа балгер «бұл қарғысты алып тастаймын, тек кешірім сұрап, қаламақыны төлеңіз» дейді. Сафран балгердің айтқанын бұлжытпай орындайды. Осыдан кейін 2006 жы­лы Аустралия құрамасы ұзақ уақыттан соң Әлем чемпионатына жолдама алады. Міне, содан бері Аустралия құрамасы бірде-бір мундиальды мүлт жібермей келеді. 

Құрлық ауысқанымен, құрама өзгермеді

Өздеріңіз білетіндей, Аус­тралия бұрындары өз ай­ма­ғын­дағы елдермен ірктеу ойын­­дарын өткізіп, қарсылас біт­кен­ді жапырып жіберетін. Тіпті Самоа секілді құрамаларды 31:0 есебімен ойсырата жеңіп, әлем­дік рекорд орнатып еді. ФИФА-ның шешімі бойынша Аус­тралия Азия құрлығына ауыс­ты да, Мұхит жағалауы елдері конфедерация-

сында басты фаворит Жаңа Зеландия құрамасы болып шыға келді. Олар Латын Америкасының 5-орын алған құрамасымен жолдамаға таласады. Осыған дейінгі іріктеулерде еш қиындық көрмейтін Аус­тра­лия Азия командаларын менсінбейтін жағдайға да же­тіп еді. Өзбекстанды Азия ку­богында 7:1 есебімен же­ңіп, көр­ші құраманы жер қыл­ды. Бі­рақ соңғы іріктеуде аустра­лия­­лықтар мундиаль жолдамасын зорға иеленді. Алғашқы ірік­теу кезеңінде Қырғызстан, Тәжікстан, Бангладеш, Иор­да­ния секілді ұжымдардың тас-талқанын шығарды. Тек Иор­да­ниядан ғана 1 гол жіберіп алды. Екін­ші кезеңде Жапония мен Сауд Арабиясын алға жіберіп, топтағы үшінші орынды алды да, ке­лесі топтағы Сириямен өтпелі ойын өткізді. Оны жеңген соң Солтүстік Америкадан шыққан Гондурасты ұтты. Осылайша Берт Ван Марвейк шәкірттері ең соңғылардың бірі болып Ресейге жолдама алды. 

Көздегені плей-офф

Нидерландиялық бапкер Марвейктің жоспары жойқын. Ол әзірге бір мақсат қойып отыр. Бірінші кезекте Франция, Дания, Перу секілді ұжымдардың арасынан плей-оффқа жолдама алу. Топтан шығып алсақ, кем дегенде жүлделі орындарға таласа аламыз дейді. Құрамында сол бая­ғы кәрі қасқыр Тим Кэхил, Милле Единак секілді ойын­шы­лары бар Аустралия Том Рогич секілді талантты жастарға да сенім артады. Рогичті «Сел­тик» – «Астана» арасындағы ойын­да қа­зақ­стандық футбол жан­күйе­р­лері де көрген еді. 

Аустралия алғашқы ойынды 16 маусым күні Францияға қарсы өт­кізеді де, араға 5 күн салып Даниямен ойнайды. Соңғы матч 26 маусым күні Перу құрамасына қарсы өтпек. 

қақпашылар: Мэттью Райан («Брайтон энд Хоув Альбион», Англия), Данни Вукович («Генк», Бельгия), Брэд Джонс («Фейеноорд», Нидерланд).

қорғаушылар: Әзиз Бехич («Бурсаспор», Түркия), Милош Дегенек («Иокогама», Жапония), Мэттью Юрман («Сувон Самсунг Блюуингз», Оңтүстік Корея), Джеймс Мередит («Миллуолл», Англия), Джошуа Рисдон («Вестерн Сидней Уондерерс»), Трент Сэйнсбери («Грассхоппер», Швейцария).

жартылай қорғаушылар: Миле Единак («Астон Вилла», Англия), Джексон Ирвин («Халл Сити», Англия), Робби Круз («Бохум», Германия), Массимо Луонго («Куинз Парк Рейнджерс», Англия), Марк Миллиган («Әл-Ахли», Сауд Арабия), Аарон Муй («Хаддерсфилд Таун», Англия), Том Рогич («Селтик», Шотландия).

•  шабуылшылар: Тим Кэйхилл («Миллуолл», Англия), Томи Юрич («Люцерн», Швейцария), Мэттью Леки («Герта», Германия), Эндрю Наббут («Урава Ред Даймондс», Жапония), Димитрий Петратос («Ньюкасл Юнайтед Джетс»), Дэниел Арзани («Мельбурн»), Джейми Макларен («Дармштадт 98», Германия).

Ермұхамед МӘУЛЕН,
«Егемен Қазақстан»​​​​​​​