Үкімет отырысы. Дамудың басым бағыттары айқындалды

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары тыңдалып, елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті цифрландыру мәселелері талқыланды.

Егемен Қазақстан
12.06.2018 2811
2

Мемлекеттік бюджетті тиімді игеру тапсырылды

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы туралы ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов пен қаржы министрі Б. Сұлтанов, сондай-ақ ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев баяндады. Онда 5 айдағы экономиканың салаларындағы жалпы көршеткіште өсім байқалады. Ел экономикасына тартылған инвестицияның артып, инфляциялық процестердің баяулауы ІЖӨ-нің − 3,9 пайызға жетуіне тікелей ықпал етіп отыр. Ал жыл басынан бері табиғи газ өндіру көлемінің − 6 пайызға, шикі мұнайдың 6 жарым пайызға, темір рудасының − 6 пайызға артуы жалпы өндірістік саланың дамуын көрсетеді. Бұған қоса, өңдеу өнеркәсібі оның ішінде қағаз өнімдері өндірісі −14,4 пайызға, химия өнеркәсібі −11,2 пайызға, темекі өнімдері − 10 жарым пайызға, сусындар − 8 пайызға, азық-түлік өнімдері − 6,3 пайызға өскен. Сондай-ақ, машина жасау саласының көрсеткіштері − 12,2 пайызға артып, жиһаз өндірісі − 6,6 пайызға ұлғайған. «Жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестициялар − 25,3 пайызға ұлғайды. Бұл Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуға және Теңіз кен орнында болашақта кеңейту жобасын іске асыруға негізделген. Сыртқы сауда айналымы айтарлықтай өсім көрсетіп, 21 млрд АҚШ долларын құрады. Экспорт көрсеткіштері – 27 пайызға арты. Бұл орайда, шикізаттық емес тауарлар экспортының өсімі − 11,2 пайызды құрады. Сонымен қатар еңбек нарығы көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалды. Биыл жыл басынан бері 134,8 мың адам жұмысқа орналастырылды», -деді Т. Сүлейменов.

Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру бойынша экономиканы ұзақ мерзімге несиелендіруді қамтамасыз ету мен ипотекалық несиелендіруді дамыту арқылы тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру жайында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев баяндады. «Ұзақ мерзімді несиелендіруді дамыту мақсатында банктерге «7–20–25» бағдарламасы аясында 200 млрд теңге бөлініп, ол қаражат ипотекалық несиелендіруге бағытталады. Болашақта бұл сома 1 трлн теңге артып, банктердің ипотекалық портфелінің қазіргі көлемін 2 трлн теңгеге дейін жеткізу көзделген», - деді Д. Ақышев. Алғашқы бес айда мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындысы туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеп, жергілікті бюджет табыстары 120 млрд теңге сомасына артығымен орындалып, 957 млрд теңгені құрағанын айтты. «Республикалық бюджет шығыстары 3 684,5 млрд теңгеге игерілді. Игерілмеген қаражат − 58,4 млрд теңгені құрады», - дейді Бақыт Сұлтанов. Жалпы мемлекеттен игерілмеген қаржы − қорғаныс министрлігінде − 17,2 млрд теңгені, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнде − 8,5 млрд теңгені, ал ішкi iстер министрлiгiнде −5,4 млрд теңгені құрап отыр. Бұл ретте Мәдениет және спорт министрлігінің үлесі − 7,8 млрд теңге болса, қаржы министрлiгiнің үлесі − 3,3 млрд теңге, ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің игерілмеген сомасы − 3,4 млрд теңген болса, жоғарғы соттың үлесі − 1,8 млрд теңгені құраған.

Бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысымен танысқан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, бес айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында өсім байқалатынан атап өтті. Сонымен қатар, республикалық объектілердің құрылысына бюджеттен бөлінген 275,5 млрд теңгенің 15 пайызы ғана игерілгендігін сынға алып, жыл соңына дейін қалған − 233,3 млрд теңгені тиімді жұмсауды тапсырды.

Ауылдарды ауыз сумен қамтудың жаңа тетіктері ұсынды

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ауылды елді мекендерді ауыз сумен қамтудың жаңа механизмдерін ұсынып, биыл бекітілген Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары жайында баяндады. Онда аталған мерзімге дейін халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау қалаларда 100 пайызға, ауылдарды жерлерде 80 пайызға дейін қамтамасыз ету көзделген. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында Үкіметке ауылдарды ауыз сумен қамту үшін жыл сайын 100 млрд теңгеге дейін қаражат бөлу керектігін тапсырған болатын. Аталған міндеттерді орындау үшін министр, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына мынадай өзгерістерді енгізу қажет деп есептейді. «Секторды одан ары дамытудың жаңа бағыттары мен жобаларды қаржыландырудың жаңа механизмдерін қарастыру қажет. Сондай-ақ, индикаторларды өзектендіру сонымен қатар, су арналарының өндірістік процестеріне кешенді технолоиялық жаңғырту жүргізу керек. Бұған қоса, сумен жабдықтау жүйелерін толық автоматтандыру және де бюджет шығындарын азайту мақсатында заманауи технологияларды қолдану керек», - дейді министр. Ж. Қасымбектің айтуынша, сумен жабдықтау жүйелерін толық құралдандырып, автоматтандыру − бұл өндірістік ысырапты 15 пайызға дейін, судың пайдасыз ағып кетуін 2 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Осының есебінен жыл сайын 35,7 млрд теңге үнемделмек.

Сумен жабдықтау және су тарту секторын коммерцияландыру бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасында басталған қайтарымды қаржыландыру механизмдерін одан әрі қолдану алдағы уақытта да жалғасады. Бұған қоса, Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкімен (ЕҚДБ) әріптестік аясында сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңғырту бойынша жалпы құны 24,4 млрд теңге болатын 13 жоба іске асырылуда.

Мемлекеттік қызметтер электронды форматқа көшеді

Үкімет отырысында қаралған үшінші мәселе – шағын және орта кәсіпкерлікті цифрландыру. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын орындау барысы туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндама жасады. Оның айтуынша, egov.kz порталында бизнеске және халыққа ұсынылатын 746 мемлекеттік қызметтің 452-сі автоматтандырылған, онда 6,8 млн-нан астам пайдаланушы тіркелген, олар 190 млн-нан астам қызмет алған. Бұған қоса, мобильдік қосымшаны пайдаланған 3,3 млн-нан астам қолданушыға10 млн-нан астам қызмет көрсетілген. «Бизнес үшін ашық цифрлық платформаны құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл — кассалық және бухгалтерлік есеп жүргізу, персоналды басқару, тауарлар мен қызметтер қозғалысын бақылау, ресурстарды шығындау мониторингі, электронды құжаттар айналымы сынды қызметтерді жүзеге асырады. Біздің болжамдарымызға сәйкес, 2022 жылға қарай 100-ден астам АТ-компания сервистерін платформада жариялайды»,- деді ұлттық экономика министрі.

 «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиевболса, қалалар мен аудандардағы құрылған бизнес орталықтарының цифрлы жүйеге көшуі жайында мағұлмат берді. Оның айтуынша, ауылдық жерлерде қызметін жүргізетін кәсіпкерлердің құзыреттілігін көтеру үшін биылдан бастап цифрлық сауаттылықты арттыруға оқыту бағдарламасы іске қосылатынын айтты. Жыл сайын оқытумен 15 мыңнан астам кәсіпкер қамтылатын болады, бүгінгі таңда бұл бағдарлама бойынша 7 мыңнан астам адам оқытылды. Сонымен қатар, биылғы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап пилоттық режимде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Астана және Алматы қалаларындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының жұмысын толық электронды форматқа көшіруді жоспарлап отыр. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстардың жүргізілуы алдымен, қағазбастылықтан арылуға, бизнесті тексеруді 30 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді. Цифрлы жүйе қолданысқа енген соң, 2022 жылға қарай кәсіпкерлік саладағы шығындар 8,4 млрд теңгеге қысқармақ.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

«Жаңа еңбекақы төлеу жүйесіне көшу - оңтайландыру нәтижелеріне тікелей байланысты болады» Алик Шпекбаев

20.09.2018

Кесенелер тұрғызу жарысқа айналып бара ма?..

20.09.2018

Бүгін елімізде машина жасаушыларының VI форумы басталды

20.09.2018

Атырауда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

20.09.2018

Бакуде дзюдодан әлем чемпионаты басталды

20.09.2018

Қоқыс өңдейтін цех ашар едім - Сергей Привалов

20.09.2018

Доллар бағамы 358 теңгеге түсті

20.09.2018

Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

20.09.2018

АҚШ-тағы «Флоренс» дауылынан зардап шегушілер саны артты

20.09.2018

«Хат қоржын» (20.09.2018)

20.09.2018

Еурокомиссия Амазонға қатысты антимонополиялық тексерулерін бастауы мүмкін

20.09.2018

Әлеуметтік мәртебесі рәсімделеді

20.09.2018

Көкірек көзіміз қайтсек ашылады?

20.09.2018

Оралда бұқаралық домбыра тартудан рекорд жасалды

20.09.2018

Ұлттық ұлан командирлері біліктілігін шыңдады

20.09.2018

Қызылордада «Үздік анықтаушы» анықталды

20.09.2018

Балуандар Бухаресте бақ сынайды

20.09.2018

Кенияда жаттығып жүрген қазақ қызы

20.09.2018

Ақын Сараның 165 жылдығына арналған айтыс өтті

20.09.2018

Кинематографияға қатысты құжат мақұлданды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу