Үкімет отырымында елді мекендерді сумен жабдықтау мәселелері қаралды

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралып, елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті цифрландыру мәселелері талқыланды.  

Егемен Қазақстан
13.06.2018 2422
2

Мемлекеттік бюджет тиімді игерілуі тиіс

Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығындағы әлеуметтік-эконо­микалық даму мен респуб­ликалық бюджеттің атқарылу қорытындысы туралы Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов пен Қаржы министрі Б.Сұлтанов, сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев баяндады. Ол бойынша экономиканың салаларындағы 5 айдағы жалпы көрсеткіште өсім байқалады. Ел экономикасына тартылған инвестицияның артып, инфляциялық процестердің баяулауы ІЖӨ-нің 3,9 пайызға жетуіне тікелей ықпал етіп отыр. Ал жыл басынан бері табиғи газ өн­діру − 6 пайызға, шикі мұнай өндіру – 6,5 пайызға, темір рудасын өндіру 6 пайызға артқан. Бұл жалпы өндірістік саланың дамуын көрсетеді. 

Бұған қоса өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде қағаз өнімдері өндірісі −14,4 пайызға, химия өнеркәсібі −11,2 пайызға, темекі өнімдері – 10,5 пайызға, сусындар − 8 па­йызға, азық-түлік өнімдері 6,3 пайызға өскен. Сондай-ақ машина жасау саласының көрсеткіштері 12,2 пайызға артып, жиһаз өндірісі 6,6 пайызға ұлғайған.

«Жыл басынан бері негізгі ка­питалға салынған инвестиция­лар 25,3 пайызға ұлғайды. Бұл Шым­кент мұнай өңдеу зауытын жаң­ғыртуға және Теңіз кен орнын бола­шақта кеңейту жобасын іске асыруға негізделген. Сыртқы сау­да айналымы айтарлықтай өсім көрсетіп, 21 млрд АҚШ долларын құрады. Экспорт көрсеткіштері 27 пайызға артты. Бұл орайда шикі­заттық емес тауарлар экс­порты­ның өсімі 11,2 пайызды құрады. Сонымен қатар еңбек нарығы көр­сеткіштерінің оң динами­касы байқалды. Биыл жыл басынан бері 134,8 мың адам жұмысқа орналас­тырылды», – деді Т.Сүлейменов.

Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру бойынша экономиканы ұзақ мерзімді несиелендіруді қамтамасыз ету мен ипотекалық несиелендіруді дамыту арқылы тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру жайында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев баяндады. 

«Ұзақ мерзімді несиелендіруді дамыту мақсатында банктерге «7 – 20 – 25» бағдарламасы аясында 200 млрд теңге бөлініп, ол қаражат ипотекалық несиелендіруге бағыт­тала­ды. Болашақта бұл сома 1 трлн теңгеге артып, банктердің ипо­те­калық портфелінің қазіргі көлемін 2 трлн теңгеге дейін жеткізу көз­делген», – деді Д.Ақышев. 

Алғашқы бес айда мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындысы туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеп, жергілікті бюджет табыстары 120 млрд теңге сомасына артығымен орындалып, 957 млрд теңгені құрағанын айтты. «Республикалық бюджет шығыстары 3 684,5 млрд теңгеге игерілді. Игерілмеген қаражат 58,4 млрд теңгені құрады», – деді Бақыт Сұлтанов. Жалпы, мемлекеттен игерілмеген қаржы Қорғаныс министрлігінде 17,2 млрд теңгені, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнде 8,5 млрд теңгені, ал Ішкi iстер министрлiгiнде 5,4 млрд теңгені құрап отыр. Бұл ретте Мәдениет және спорт министрлігінің үлесі 7,8 млрд теңге болса, Қаржы министрлiгiнің үлесі 3,3 млрд теңгені, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің игерілмеген сомасы − 3,4 млрд теңгені Жоғарғы соттың үлесі − 1,8 млрд теңгені құраған. 

Бірінші жарты жылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы­мен танысқан Премьер-Министр Бақыт­жан Сағынтаев бес айдың нәтижесі бойынша ауыл шаруа­шы­лығы және өнеркәсіп салаларында өсім байқалғанын атап өтті. Соны­мен қатар республикалық объек­тілердің құрылысына бюджеттен бөлінген 275,5 млрд теңгенің 15 пайызы ғана игерілгендігін сынға алып, жыл соңына дейін қалған 233,3 млрд теңгені тиімді жұмсауды тапсырды.

Ауыз сумен қамтудың жаңа тетіктері ұсынылды

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ауыл­дық елді мекендерді ауыз сумен қамтудың жаңа механизмдерін ұсынып, биыл бекітілген Қазақ­станның 2025 жылға дейінгі стра­тегиялық даму жоспары жа­йында баяндады. Онда атал­ған мерзімге дейін халықты орта­лық­тандырылған сумен жабдықтау қалаларды 100 пайызға, ауылдық жерлерді 80 пайызға дейін қамта­масыз ету көзделген. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын­да Үкіметке ауылдарды ауыз сумен қамту үшін жыл сайын 100 млрд теңгеге дейін қаражат бөлу керек­тігін тапсырылған болатын. Аталған міндеттерді орындау үшін министр «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізу қажет деп есеп­тейді. 

«Секторды одан әрі дамыту­дың жаңа бағыттары мен жобаларды қаржыландырудың жаңа механизмдерін қарастыру қажет. Сондай-ақ индикаторларды өзек­тендіру, су арналарының өнді­рістік процестеріне кешенді тех­но­логиялық жаңғырту жүргізу керек. Бұған қоса сумен жабдықтау жүйелерін толық автоматтандыру және бюджет шығындарын азайту мақсатында заманауи технологияларды қолдану керек», – деді министр. Ж.Қасымбектің айтуынша, сумен жабдықтау жүйелерін толық жабдықтап, автоматтандыру өндірістік ысырапты 15 пайызға дейін, судың пайдасыз ағып кетуін 2 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Осының есебінен жыл са­йын 35,7 млрд теңге үнемделмек. 

Сумен жабдықтау және су тарту секторын коммерцияландыру бойынша «Нұрлы жол» бағ­дарламасында басталған қай­тарымды қаржыландыру меха­низмдерін одан әрі қолдану алдағы уақытта да жалғасады. Бұған қоса Еуропа Қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) әріптестік аясында сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңғырту бо­йынша жалпы құны 24,4 млрд теңге болатын 13 жоба іске асырылуда.

Мемлекеттік қызметтер электронды форматқа көшеді

Үкімет отырысында қарал­ған үшінші мәселе – шағын және орта кәсіпкерлікті цифрландыру. Шағын және орта кәсі­керлікті қолдау бойынша «Цифр­лы Қазақстан» мемлекеттік бағ­дар­ламасының іс-шараларын орындау барысы туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлей­менов баяндады. Оның айтуынша, egov.kz порталында бизнес­ке және халыққа ұсынылатын 746 мемлекеттік қызметтің 452-сі автоматтандырылған, онда 6,8 млн-нан астам пайдаланушы тіркелген, олар 190 млн-нан астам қызмет алған. Бұған қоса мобильді қосымшаны пайдаланған 3,3 млн-нан астам қолданушыға 10 млн-нан астам қызмет көрсетілген. 

«Бизнес үшін ашық цифрлы платформаны құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл — кассалық және бухгалтерлік есеп жүргізу, персоналды басқару, тауарлар мен қызметтер қозға­лысын бақылау, ресурстарды шығындау мониторингі, электрон­ды құжаттар айналымы сынды қызметтерді жүзеге асырады. Біз­дің болжамдарымызға сәйкес, 2022 жылға қарай 100-ден астам ІТ-ком­пания сервистерін платформада жариялайды», – деді Ұлттық экономика министрі.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев болса, қалалар мен аудандардағы құрылған бизнес-орталықтардың цифрлы жүйеге көшуі жайында мағлұмат бер­ді. Оның айтуынша, ауылдық жерлерде қызметін жүргізетін кәсіпкерлердің құзыретін көтеру үшін биылдан бастап цифрлы сауаттылықты арттыруға оқыту бағ­­дарламасы іске қосылады. Жыл са­йын оқытумен 15 мыңнан астам кәсіпкер қамтылатын болады, бүгінгі таңда бұл бағдарлама бо­йынша 7 мыңнан астам адам оқы­тылды. Сонымен қатар биыл­ғы жылдың екінші жарты жылдығы­­нан бастап қанатқақты режім­де Ұлт­тық кәсіпкерлер палатасы Астана және Алматы қалаларын­дағы кәсіпкерлерге қызмет көр­сету орталықтарының жұмысын толық электронды форматқа көшіруді жоспарлап отыр. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстардың жүргізілуі алдымен қағазбастылықтан арылу­ға, бизнесті тексеруді 30 пайыз­ға қысқартуға мүмкіндік береді. Цифрлы жүйе қолданысқа енген соң, 2022 жылға қарай кәсіпкерлік саласындағы шығындар 8,4 млрд теңгеге қысқармақ.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2018

Елбасы көрмесі – Атырауда

19.09.2018

Таразитану қарлығаштары

19.09.2018

Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастығы дамуға бағытталуда

19.09.2018

Қылқалам шеберінің дара жолы

19.09.2018

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тағайындалды

19.09.2018

Сенат Төрағасы Бразилияның жаңа елшісіне тілектестігін білдірді

19.09.2018

Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр

19.09.2018

Жанат Шаймерденов  «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды

19.09.2018

Алматыда «ANQ 2018» XVI Азия Сапа Конгресі өтуде

19.09.2018

Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Алматы қаласына барды

19.09.2018

Білім жарысында болашақ экономистер

19.09.2018

Петропавлда жылу беру маусымы басталды

19.09.2018

Астанада әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды дамыту декларациясы қабылданады

19.09.2018

«Барыс» Омбының «Авангард» клубынан 3:4 есебімен ұтылды

19.09.2018

Қостанайлық  спортшы қыз Азия мен Океания чемпионатынан қос алтын медаль әкелді

19.09.2018

Көп көрсеткішке көңіл толмайды

19.09.2018

Елбасы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

19.09.2018

Аралдағы жатақхана туралы ақпарат негізсіз

19.09.2018

Оралда Құрманғазы Сағырбайұлының мерейтойы аясында республикалық конференция өтті

19.09.2018

Өскеменде Қазыбек би даңғылы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу