Қытай Қазақстанға тікелей инвестиция құю көлемі бойынша 4-ші орында тұр

Қазақстан өзімен көршілес мемлекеттермен тығыз ынты­мақтастық орнатып, сауда-саттық, қауіпсіздік және басқа да өзекті мәселелер бойынша оңтайлы саясат жүргізіп келеді. Осы орайда елімізбен іргелес жатқан Қытай мемлекеті­мен арадағы байланыстың маңыз­ды ­екені анық көрінеді. Өйт­кені басқасын айтпаған­да, әлем­­д­ік экономикадағы жетек­­ші орынға ие бұл елмен орнатылған қарым-қатынас­тың жөні бөлек.

Егемен Қазақстан
13.06.2018 1537
2

­

Көршілес елдер бір-бірімен алыс-беріс, барыс-келіс жасап, белг­ілі бір дең­гейде өзара ынтымақ­тас­тық­ты дамытуы заңды­лық. Осы заңдылық аясын­да өрістеп келе жатқан Қазақ­стан-Қытай байланыстары бүгінде жаңа сипатқа ие болып отыр.

Екі ел арасындағы әріп­тес­тік мәселелері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен аптада Бей­жіңге жасаған мемле­ке­­т­тік сапарында кеңінен тал­­қы­­ланып, екіжақты ын­ты­­мақ­­тастықтың басым бағыт­­­тары пысықталды. Са­пар аясында Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүр­гізіп, еліміз үшін оң­тай­лы уағдаластықтарға қол жет­кі­зіл­ді. Келіссөздер бары­сында іскер топтар мен жо­балар­ды жүзеге асыруға ат­сал­ы­сатын шаруашылық субъек­ті­лер Қытай Халық Респуб­ли­касымен инвести­циялық ын­­тым­ақтастықты ілгеріле­ту­­дің негізгі драй­вер­лері болып са­н­алатынына назар ауда­рыл­ды. Сондай-ақ келіс­сөздер кезінде Қытай тарапы Қазақ­станның ауыл шаруашылығы өнімін өз нарығына енгізуге, энергетика, мұнай-газ, мəде­ни-гума­нитарлық байланыстар, жаңа технологиялар мен цифр­­ландыру салаларын­дағы екі­жақты серіктестікті терең­детуге ықылас білдірді.

Жалпы, Қазақстан-Қытай қатына­сында сауда, инвести­ция салалары негізгі ба­сым­дыққа ие. Сондықтан осы мә­се­леге қатысты бір­қатар де­рек­­терге назар аудара кетейік.

Қай елмен болсын әріптес­тік орнату барысында оның саяси және экономикалық әлеуетін дұрыс ба­ғам­дап, зерделеу аса маңызды. Бұл орай­да Қазақстанның жинақтаған тә­жі­рибесі мол. Осы тәжі­ри­белер елі­­міздің өзге мемлекеттермен ынты­мақ­­тастығын дамытуда кеңінен қол­­данылуда. Мәселен, Қытайдың әлем­дік аренадағы саяси салмағы, эко­номикалық әлеуеті еліміз үшін белгілі. Сондықтан Қазақ­­стан әлемдік ауқымдағы маңыз­ды әрі ірі инвес­тор болып табылатын Қытайдың инвестициялық қуатын тиімді пайдалануды көздейді. Бұл арада экономикасы дамыған Еуропалық одақ елдерінің өздері де қытайлық инвес­торларды тарту мақсатында арнайы бағдарламалар қабыл­дап жатқанын айта кеткеніміз жөн.

Бүгінде Қытай біздің елі­міз үшін аса маңызды әрі сенім­ді әріптес мемлекет болып саналады. Қазақстан-Қытай байланыстарының бүгін­гі заманауи келбеті сауда-эко­номикалық салада айқын көрінуде. 

Екіжақты ынтымақтас­тықтың дамуына «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасы серпін берді. Бұл бағытта индустрияландыру, инвестиция салаларына қатысты бірлескен бағ­дар­ламалар түзілді. Бүгінде құны 27,6 млрд долларды құрайтын 51 жоба­ның тізімі жасалды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өт­­кен аптада Бей­­жіңге жасаған мемле­ке­т­­­­тік сапары аясында екі­жақ­­ты ын­ты­мақ­­­тастықты дамы­ту­ға жаңа сер­пін бере­т­ін, ­эко­но­микалық бағытқа негіз­­де­л­ген инвестициялық жоба­л­арға қол қо­­­йылуы да Қазақ­стан-Қытай қатына­сы­­ның одан әрі жандануына жол аша түспек.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың сапары барысында Қазақстан Инвес­ти­ци­я­лар және даму министрлігі мен ҚХР-дың Даму және реформалау жө­нін­­дегі мемлекеттік комитеті арасында өн­дірістік қуаттар мен инвестиция­лар са­ла­сындағы Қазақстан-Қытай ын­ты­мақ­тас­тық жоспарын бірлесіп әзір­леу жөнін­дегі өзара түсіністік туралы ме­мо­­ран­думның бекітілуін ерекше атап көр­­сет­кеніміз жөн. Сонымен қатар сапар кезінде екі елдің бизнес өкіл­дері қа­тыс­қан Іскерлік кеңес өтіп, со­ның нәти­­же­сінде 8,7 млрд доллар көле­мін­­дегі 17 инвестициялық, 1,6 млрд дол­лар­­ды құрайтын 8 қаржылық, 700 млн дол­лар болатын 7 сыртқы сауда жəне 8 ком­мер­циялық емес келісім бекі­тілді. Нақтылай айтқанда, құны 13 млрд доллардан астам қаржыны құрай­тын, барлығы 40 құжатқа қол қойыл­ды. Бұл құжаттар еліміздің еркін эконо­ми­ка­­лық аймақтарын, кен орындарын иге­руге, энергетикалық жобалар жа­са­уға, био­химиялық клас­тер құруға жəне басқа да салаларға инвестиция тарту­ға мүмкіндік бермек. Айта кетейік, Іскерлік кеңесіне Қытай тарапынан 270, Қазақстан жағынан 130, барлығы 400 адам қатысқан.

Негізінде, Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың қытайлық іскер топ өкіл­дерімен кездесуін ерекше атап өтуге болады. Өйткені бұл басқосуда елімізде табыс­ты жүзеге асырылып жатқан инвес­ти­циялық жобалар мен алда­ғы уақытта іске асыру көз­деліп отырған жобалар жөнін­де кеңінен ақпарат берілді.

Бүгінде Қытай әлем елдері арасында Қазақстанға тікелей инвестиция құю көлемі бойынша 4-ші орында тұр. 2017 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 10,5 миллиард долларды құраған. Қазір Қазақстанның мұнай-газ, химия жəне азық-түлік өнеркəсібі, машина жасау, жеңіл өнеркəсіп салаларында қытай капиталының қатысы бар 1200 кəсіпорын жұмыс істеуде. Мұның барлығы Қазақстан-Қытай әріптестігінің экономикалық тұр­ғыдағы байланыс деңгейін көрсетеді.

Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты дамытуда экономикалық серіктестікті нығайтуға басымдық берілуде. Осы орайда қытайлық компанияларымен түрлі салалар бойынша бірлескен жоба­ларды жүзеге асыруға байланыс­ты нақты келісімдер бекітіліп отыр. Бұл келісімдерде азық-түлік, авто­өнер­кәсіп, биотехнология, медицина және басқа да жобалар қамтыл­ған. Атал­ған құжаттарда экспортқа ла­йық­ты, сапалы өнімдер шығару талабы алдыңғы қатарға шығарылып отыр. 

Сонымен қатар Қытайдың ірі автомобиль компаниясымен жылына 100 000 бірлік көлік шығаратын кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды. Бұл компания өнімдерінің 20 пайызын электромобильдер құрай­ды және ол еуразиялық кеңістік­тегі елдерге экспортталады. Бұл жобаға салы­натын инвестиция көлемі 1,3 млрд АҚШ долларын құрайды. Мұны еліміздегі ірі инвестициялық жобалардың қатарына қосуға болады. Аталған жобаны жүзеге асыруға қытайлық компаниялармен қатар еуропалық компаниялар да атсалыспақ. «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ басқарма төр­ағасы Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстан нарығына неміс, британдық компаниялардың да қызығушылығы жоғары. Мәселен, күн қалқандарын шығаратын ірі кластерге төрт бірдей мемлекет қатыспақ. Бұл жобада Францияның, Қытайдың және Ресей мен Қазақстанның мүмкін­дік­тері біріктірілмек. Осы жоба аясын­да күн­нен қуат алатын стансалар салу көз­делг­ен. Қазірдің өзінде бұл жоба­ның өнім­деріне Ресей, Қазақстан мен Орта­лық Азия мемлекеттерінен сұраныстар түсіп жатыр. Демек біз қазір Қытай Халық Рес­пуб­ликасымен қарым-қаты­нас­тар­дың жан-жақты әрі жоғары тех­но­ло­г­ия­лық кезеңіне шықтық деп айта аламыз. 

Бүгінде Қазақстан мен Қытайдың түрлі саладағы қатынастары өзінің жоғары деңгейін көрсетуде. Басқа ел­дер­дің инвесторлары секілді қытай­лық инвесторларды да бірінші кезекте Қазақстанның нақты жоспары қызық­тырады. Қазақстанның бұл тартым­ды­лығына үстеме ретінде елімізде ин­весторларға, оның ішін­де қайта өңдеу саласына үлес қоса­тын шетелдік кәсіп­керлерге көп мүмкін­діктер беріліп отыр­ғанын айтуға бола­ды. Сондай-ақ инвесторларды қол­дауға бағытталған заңнамалық жүйе орнықтырылған.

Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мәсе­лелері тек екіжақты келіссөздер шең­берінде ғана емес, халықаралық және аймақтың ұйымдар аясында да жүзеге асырылып келе жатқанын айтуы­мыз керек. Бұл орайда екі елдің Шан­хай ынтымақтастық ұйымы шең­берінде сенімді әріптес ретінде үнқатысуын ерекше атап өтуге болады. Бүгінде әлемдік деңгейдегі беделі өсіп, өзіндік жолын қалыптастырған ШЫҰ-ның Қытайдың Циндао қаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Саммитінде Қазақ­стан мен Қытайдың сенімді әріптестер екені айқын көрінді.

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу