Қазақстан • 13 Маусым, 2018

Достық қатынастарды нығайту маңызды - Эльвира Айдарханова

564 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Респуб­ликасына мем­лекеттік сапары өзекті мәселелерді шешу тұрғысынан алғанда екі тарап үшін де маңызды болып отыр. Екі ел арасындағы диалог­тың ұтым­ды перспективалары­на келер болсақ, біріншіден, мем­ле­кет­­тер басшылары­ның бірың­ғай мәл­ім­демесінде аталып өтілген­дей, әлемдік ашық экономика сая­сатының қалыптасуына жол ашылуы мүмкін.

Достық қатынастарды нығайту маңызды - Эльвира Айдарханова

Оның негізінде тарап­тардың арасындағы өзара тиімді сауда байланыстарын одан әрі дамытып, экономикалық жаһандан­дыру мен сауда қатынастарын либералдандыру, тауар айналымы жүйесін әртараптандыру тәрізді мақ­саттарды көздеген міндеттер жүзеге асырылмақ. 

Елбасы мәлімдеп өткендей, біздің мемлекетіміз тек шикізаттық емес ресурстардан  тұратын жаңа баламалы экономика құруға дайын. Түсіне білгенге, бұл – өте тың мәселе. Себебі бұған дейін екі ел арасындағы стратегиялық бай­ланыс­тардың негізі шикізаттық өнімдерге тәуелді болып келген болатын.  

Сонымен қатар кездесу нәтиже­сін­де, жүктерді халықаралық темір жол бағытымен тасымалдау бойынша «Қытай – Қазақстан – Орталық Азия», «Қытай – Қазақстан – Парсы шығанағы елдері» тәрізді бағыттардың назарға алынуы, бұ­лар­дың барлығы айналып кел­генде, кедендік бақылаулар тәртібінің жеңілдеуіне, сауда тасымалдары мәселе­леріндегі қолайлылықтарға  қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

Бұдан бөлек, Елбасының бұл сапары барысында екі ел арасындағы бірнеше жылдар бойы қалыптасқан сенім мен достық қатынастарының нығаюына тікелей ықпал ететін ресми күші бар 9 құжатқа қол қойылды. Олардың ішіндегі ядролық және ядро­активті материалдарды немесе олардың қалдықтарын тасы­мал­дау­ға бөгет қою тәрізді қауіпсіздік мә­селелерімен қатар, қазақ-қытай ын­ты­­мақ­тастығы саласында өнді­ріс­тік қуат­тар мен инвестицияларды бір­лесе өңдеу бойынша даму ме­моран­думдары тәрізді құжаттар бар. 

Біздің мемлекетіміз Қазақстан мен Қытай арасындағы «Белдеу мен жол» жобасы бойынша ын­тымақтастық нәтижелерін өте жоғары бағалап отыр. Аталған жоба Қазақстанның жаңа эко­но­микалық саясаты тұрғысынан және «Жібек Жолы экономикалық бел­деуі» жобасы аясынан алғанда да екі ел ара­сындағы саяси, экономикалық, кедендік мәселелерді жеңілдетіп, өзара ынты­мақ­тастықты арттыра түспек.

Эльвира АЙДАРХАНОВА,

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы