Әлем • 13 Маусым, 2018

Жаһан жаңалықтары: Кейси – «Детройттың» бас бапкері

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жаһан жаңалықтары: Кейси – «Детройттың» бас бапкері

Ағылшын төрешісі Мартин Аткинсон Ресейдегі әлем чемпионатына велосипедпен аттанбақ.

Аткинсон Whistle Stop Tour қайырымдылық жарысына қатысады. 47 жастағы төреші Бристолдан Калининградқа дейінгі 2700 шақырым жерді жүріп өтеді. «Бұл 18 күннің қиын болатыны анық. Бірақ қайырымдылық үшін мен осыған дайынмын», дейді төреші.

2018 жылғы Әлем чемпионатында британиялық төрешілер жұмыс істемейтінін атап өтпеске болмас. Себебі ФИФА алғаш рет 1938 жылдан бері Ұлыбритания төрешілерін әлем біріншілігіне қосқан жоқ.

Рейтингте – бірінші

Ресей теннисшілері Елена Веснина мен Екатерина Макарова WTA жұптар рейтингі бойынша көш бастап тұр. «Әлем бойынша біріншіміз! Біз бала кезден армандаған ұзақ жол болды. Сүйікті ісімізде бірінші болу – үлкен абырой және бақыт. Біздің командамызға, жаттықтырушыларға, ата-аналарға, жанкүйерлерімізге қолдау мен сенімі үшін алғыс айтамыз», дейді Веснина.

Кейси – «Детройттың» бас бапкері

Дуэйн Кейси «Детройт Пистонс» баскетбол клубының бас бапкері болды. Келісімшарт 5 жылға жасалды. Дуэйн осыған дейін «Торонто Рэпторсты» жаттықтырған болатын. Канадалық клубпен бірге Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде бірінші орынды иемденген. Мамыр айында «Детройт» командасының бас бапкері Стэн ван Гандиді қызметінен босатқан еді.

Дайындаған Ырысты ҚАДІРБЕК, 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті