Атырауда мемлекеттік тілдің дамуы жайында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Қазақ әліпбиін кириллицадан латын қарпіне көшіру мемлекеттік тілдің дамуына оң ықпал етеді, жаһандану жағдайында ұлттық тілдің сақталуына жол ашады. Атырау облысы әкімдігі мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ұйымдастырған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушы ғалымдар осы тұжырымды қуаттады. 

 

Егемен Қазақстан
13.06.2018 1205
2

«Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру: жаһандану жағдайындағы мемлекеттік тілдің дамуы» тақырыбын арқау еткен шара аясында лингвист ғалымдар мен зерттеушілер әлемдік коммуникациядағы латын графикасының рөлі, әліпби ауыстырудағы әлемдік тәжі­рибе және ғылыми-әдіснамалық ұстанымдар, рухани жаңғыру: ұлттық білім жүйесіндегі инновациялық әдістеме жайындағы ойларын ортаға салды. 

Латын графикасына көшуді қамта­масыз ететін алғышарттар мен тетіктерді талқылауға арналған пленарлық мәжі­ліске облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатыс­ты. «Әліпби ауыстыру – тарихи оқиға. Осы халықаралық конференция жұ­мысы мемлекеттік маңызды мәселе­нің теориялық және тәжірибелік сұрақтарын ортаға салып, ғалымдардың пікірлерін бөлісуге бағытталып отыр. Соның ішін­де латын графикасына ертерек көш­кен туыс­тас түркі тілдес елдердің тәжі­рибелері, шетелдік ғалымдардың сали­қалы ойлары алдағы жұмысымызға сеп­тігін тигізеді деп есептейміз», деді аймақ басшысы.

Мәжіліс салтанатты сәтпен басталды. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Абзал Тәлтенов осы шараның құрметті қонағы ретінде туған жеріне арнайы келген филология ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Хасанұлын 80 жас мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті. 

ТМД көлеміндегі әлеуметтік лингвис­тиканың негізін қалаушы белгілі ғалым Бақытжан Хасанұлы «Мемлекеттік тілді жаһандану тұзағына түсірмеу керек» деген пікірін айтты. «Ғалым ретінде әліпбидің соңғы қабылданған нұсқасы социолингвистикалық талаптарға сай емес деп есептеймін. Сондықтан алдымен латын графикасына көшірудің ұстанымдарын айқындап алуымыз керек. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білі­мі институтының фонетистері да­йын­даған «Ұлттық әліпбидің» дұрыс түзілгеніне социофонетикалық тұрғыдан көз жеткізуге болады. Қазақ тіліне қыз­мет ететін қазақ әліпбиін ағылшын перне­тақтасындағы 26 таңбаға таңу – қателік. Заманауи компьютердің әліп­биімізді негізге алып, қызмет көрсетуін қам­тама­сыз ету жолында нақты шаралар жасалуы тиіс», дейді Бақытжан Хасанұлы. 

Оның айтуынша, жаңа әліпби ретін­де ұсынылып отырған техникалық әліпби қабылданса, тіліміз компьютерге икем­деледі, ағылшындандыру про­цесі жүре­ді де, ұлттық бояуымызды жоғал­тамыз. Осы ретте ғалым «Ұлттық әліпби» жал­пыхалықтық қолдауға ие болса, еште­ңеден ұтылмас едік» деген пікірін ортаға салды. 

Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуат Бораш атқарылып жатқан жұмыстарды баяндай келе: «Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі жасалды. 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшу жоспарланып отыр. Маусым айының соңында алфавиттің тұжырымдамасын бекітіп, қыркүйекте Ұлттық комиссияға ұсынамыз. Содан кейін латын қарпіне оқу-әдістемелік жағынан көшу басталады», деді. 

Конференцияға Қырғызстан, Өзбек­стан, Түркия, Әзербайжан, Ресей елде­рінен келген ғалымдар, оқытушы­лар мен студенттер қатысты. Өзбекстан Респуб­ликасындағы Әндіжан мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Шахида Шахабитдинова алфавит проблемасына әлеуметтік тұрғыдан қараудың маңы­зына тоқталды. Әзербайжан Ұлт­тық ғылым академиясы Тіл білімі инсти­тутының бөлім меңгерушісі, ғылым докторы Майыр Әскеров қазақ әліп­биінің жаңа нұсқасын қабылдау ең алдымен түркітілдес халықтарды өзара жақындастыруға бағытталған қадам деген пікірде. Әліпби жасау кезінде лингво-психологиялық негіздегі ережелерді сақтау керек. Осы ережелердің сегізі латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінде барын байқадық дейді ол.

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақ­тастық кеңесі бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман латын графикасына негізделген әліпби мәселесі бойынша Түркі кеңесі мен Халықаралық Түркі академиясы зерттеулер жүргізгенін, 2012 жылы бірыңғай әліпби үлгісін жаса­ғанын айтты. «Қазақ әліпбиін латын графикасына негіздеп қайта жасақтау процесі басталғанда бірыңғай әліпби үлгісі бойынша ортақ термионология кеңесінің жұмысын, өзге түркітілдес мемлекеттердің зерттеу жұмыстарын Қазақстанға жолдадық. Енді, міне, қабылданған соңғы әліпби үлгісінде сол жұмыстардың ескерілгенін көріп отырмыз», дейді О.Коджаман.

Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту республикалық үйлестіру-әдісте­мелік орталығының директоры Ер­бол Тілешев, А.Байтұрсынов атын­дағы Тіл білімі институтының директо­ры Ер­ден Қажыбек, Қазақстан Прези­денті жанындағы Мемлекеттік басқару акаде­миясы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Болат Жексенғалиев, Қазақ­стан Республикасы Ұлттық ғылым ака­де­миясының корреспондент-мүшесі, Л.Н.Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Шерубай Құрманбайұлы, басқа да ғалымдар латын графикасындағы жаңа қазақ әліпбиін енгізудің маңызды тұстарына тоқталды.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында өткен конференцияда ғалымдар, тіл жанашырлары мен қоғам қайраткерлері байыпты баяндамалар жасады. Екі күнге созылған шара қорытындысы бойынша дайындалған ұсыныстар жаңа әліпби енгізілер тұста ескерілсе, мақсаттың орындалғаны. 

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу