Қазақ дастарқаны

Қазақтың байтақ даласындай ақ дастарқаны, сол дастарқанға қойылған табиғи тағамдары, кіршіксіз көңілі, қайтсем үдеден шығамын деп құрақ ұшып, құлдай жүруі – бұл өзге жұрттарда кездесе бермейтін бір әлем. 

Егемен Қазақстан
14.06.2018 1104
2

Жағаласқан жаһанданудан да, тайталасқан саясат деген «салдақыдан» да Қытай қорғанындай қорғайтын, жасындай жарқылдап өткен Мағжан Жұмабаевтың: «Елдің елдігін сақтайтын – әдебиеті, тарихы, жол-жоралғысы» деуі тегін болмаса керек. Бұрын қазақ тағамды талғаммен ішпейді деп, кейбір «сәуегейлер» айтса, санамызға сәуле түсіргендей қабылдап, бас­қаның асына бас қойып, бас ие беріппіз. Енді қарасақ, қазақ тағамы талайдың тілін үйіріп, таңдайына татыған тұста, өзгені қойып өзі­мізде барымызға бас иіп отырмыз.

Арғы тарихқа ой жіберсек, ежелгі қазақтың ет, сүт тағамдарының ерекше татымын, ал өзен жағалағандардың балық аулап күн көргенін археологиялық қазбалар кезінде табылған мәліметтер растап отыр. Сөзіміз жалаң болмас үшін нақты дәйекке жүгінер болсақ, жылқыны алғаш қолға үйреткен баяғы алып аталарымыз екені белгілі. Дастарқанның сәні ғана емес, берекесі саналатын қымызды да бірінші рет сол бабаларымыз баптапты. Оған Сарыарқадағы Ботай мәдениетін зерттеген ғылымдар еңбегі мысал бола алады. 15 мыңнан аса қыш көзелдерінің сынықтарын құрастырып қарағанда, ішінен бие сүтінің қалдығын тапқан. Оны 2009 жылы Англия оқымыстылары мақұл­­дап, бие сүтінің жұғынын бүгінгі қы­мызбен салыстырғанда – көп айырмашылық жоқ деген байламға келген. Олар бұл байламын алға тарта отырып, қымыздың отаны Қазақ елі деген пікірді ғалыми тұрғыда дәйектеп те берген.

Қазақ дастарқанға қойған әрбір тағамды қасиетті санаған. Бұл үй дәміне де, түз дәміне де ортақ болған. Дастарханнан аттап кетуді – қасиетсіздік деп білген. Бір аяқтан ас ішіп сатқындық жасаған пендеге назаланса «дәм-тұзым атсын» деген. Дастарқан жайғанда адамды алалаудан аулақ болған. Алты жасар бала да, алпыстағы абыз да ілгері – кейін отырып, бір дастарқаннан дәм таратқан. Бұл ұлттың тектілігін, кісілігін, кішілігін танытатыны сөзсіз. Текті адам бай, кедей демей, жайылған дастарқанды киелі, тастап кетуге болмайды деп ұққан.

Бір жаугершілік заманда мықты батыр бастаған сарбаздар жортып келе жатып, кедейдің үйіне кез болыпты. Сарбаздардың алға озбақ ниетін аңғарған батыр шаңдатып өте шығуды әбес санап, тізгін тартып, қараша үйге түсіпті. Кедейдің әйелі алақандай дастарқанын жайып дәм-татуы онша болмаса да сулы-суан қара көжесін қонақтарына ұсыныпты.

Батыр қара көжені алдына алып, одан кейін қылышын қынабынан суырып, тізесінің астына қойыпты. Сарбаздар «Қылыш қынаптан шықса бас кетуші еді», деп үрейленіп қалыпты. Ас ішіліп, қылыш қынапқа салынып, сыртқа шыққан соң, бір сарбаз: «Бас кетпей, қылыш қынапқа салынды...» депті батырға күмілжіп. Сонда батыр кедейдің жары дастарқанын жайып, барын бергенін, оны түсінбей қорсынып ақ ниетіне дақ түсірген біреу табылса, оның басы кететінін айтыпты. «Сендер қылыштан қорқып көже ішсеңдер, мен басымды кедейдің ілтипатына, оның алақандай дастарқанына иіп, берген көжесін сүйсініп іштім» депті.

Қазақ шамасы жетсе дастарқанын жұпыны етпеуге тырысқан. Бұрынғы әжелеріміз кәделі сыбағаны, кемі бір кескен қазыны, жал-жаяны, ұн ішінде ұстап, сынық құртын, бір шақпақ қантын, өзге де дәмдісін сандығының түбіне сақтаған. Ондағысы, қонағым риза болсын дегендік еді. Қонақты құт, онымен бірге қызыр келеді, ұрпағыма бақ қонады деп ерекше бағалаған. Алла Тағаланың: «Пайдаланыңдар, ішіңдер, жеңдер. Бірақ ысырап қылмаңдар» деген өсиетін бұлжытпай орындаған.

Бұл күнгі дастарқан – сан түрлі. Ұлттық тағамның қатары өзгелердің барымен толықты. Дәулеттілердікі үстелдің «қабырғасын» қайыс­тырады, аста-төк, ішкеннің, жегенің артта, ішпегенің алдыңда дегендей. Дастарқан жайып шақырған үйге бару, бармау жағы, кімдердің болатыны – ол да үлкен мәселе екені және бар. Нарықтың төл баласындай орта тап пен қалтасы жұқа, қалт-құлт еткендер өзінше тірлік жасайды. Көптен қалмайын, ұл-қызымды жасыт­па­йын деп неси кіреді, қал-қадірінше дастарқан жасайды. Артынан сол несиені қалай төлеймін деп жүріп, күйбеңдеумен күні өтеді. Бергенше мырза болып, кейін алқымыңнан алатын банк­терге 5 миллион адам қарыз көрінеді.

Бүтін қазақтың дастарқаны мен бүгінгі заманның дастарқанындағы бір айырмашылық, ол – кейде жөнсіз ысырапшылыққа жол берілетіні дер едік. Дастарқан бәсекесін қыз­дырған жерде ысырапшылық көп болып тұр. Тойды қойып, ас беріп, құран оқытқан кезде, жас-кәрі демей астатөк дастарқан жа­йып, оның мұрты бұзылмай қалатын жайлар болып жатады. Осы жерде данышпан Абайдың: «Ақшаны адамшылықпен табатын адам аз. Бірақ адамшылықпен тапса да, оны адамшылықпен жұмсамайтын адам өте аз», деген сөзі ойға орала береді. Өмірден озған адамға тиетіні, бәрі жетеді деп дастарқанға қойған тағам түрі емес, сауатты оқылған Құран дұғасы көрінеді.

Ендеше, азат елдің ұлттық дастарқаны деген ұғымды қалыптастырып, бұл салада халықтық қалыбымызды көрсетсек ұтылмас едік. Бұлай деуімізге себеп, еліміздің қаласы мен даласының біраз асханасын өзге жұрт адамдары алып, дастарқан жайып жүр. Біздің өнімнен жасалған сол дастарқандағы тағамға көбіміз тамсана, бас қоятынымыз бар. Осындай үрдісті ұлттық тағаммен қазақ дастарқаны деген атаумен әлі де жайната түссек өзіміз тойғанды қойып, әлем жұртының назарын өзімізге ауда­рар едік. Бұл да ұлтымызды танытудың бір жолы болар еді. Қазақтың табиғи таза тағамы, ас-суы қазіргідей барыс-келіс мол заманда абыройымызды асырары анық.

Сүлеймен МӘМЕТ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының білім беру саласының мамандарымен кездесті

14.11.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

14.11.2018

Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды

14.11.2018

Үкімет басшысы Жамбыл облысында болды

14.11.2018

Атыраулықтар жалпыұлттық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті

14.11.2018

Қ.Тоқаев: Бюджетті қарау кезінде тек мемлекеттік мүдде үстем болуы тиіс

14.11.2018

Африканың Батыс Сахарасында күрделі тапсырмаларды орындады

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысында тағы бірнеше кәсіпорын жалақы өсірді

14.11.2018

Халықаралық балалар шығармашылығы Фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында 40 пәтер пайдалануға берілді

14.11.2018

Елбасы кітапханасы ақтөбелік жоғары оқу орнына 350-ден аса кітап тарту етті

14.11.2018

Алматыда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі талқыланды

14.11.2018

Алматы жұртшылығы жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Алматыда «Көшпенділер әуені» атты дәстүрлі орындаушылардың ІІ Республикалық байқауы өтті

14.11.2018

Алматыда дәстүрлі «Болат Тұрлыханов кубогі» өтеді

14.11.2018

Бақытжан Сағынтаев Таразда Халықты жұмыспен қамту орталығына барды

14.11.2018

Асқар Мамин өңіраралық семинар-кеңеске қатысты

14.11.2018

Премьер-Министрге «Смарт-Тараз» және Тараз-Хаб жобалары таныстырылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу