Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Егемен Қазақстан
15.06.2018 3442
2

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң­намалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Респуб­ликасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Респуб­ликасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №18-I, 18-II, 92-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., №1, 2-құжат; №2, 6-құжат; №7, 33-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №9, 46-құжат; №10, 50-құжат; №11, 52-құжат; №14, 71-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №19-I, 101-құжат; №19-II, 102, 103, 105-құжаттар; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-I, 124, 125-құжаттар; №21-II, 130-құжат; №21-III, 137-құжат; №22-I, 140, 141, 143-құжаттар; №22-II, 144, 145, 148-құжаттар; №22-III, 149-құжат; №22-V, 152, 156, 158-құжаттар; №22-VI, 159-құжат; №22-VII, 161-құжат; №23-I, 166, 169-құжаттар; №23-II, 172-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат; №2, 9-құжат; №6, 45-құжат; №7-I, 49, 50-құжаттар; №7-II, 53, 57-құжаттар; №8-I, 62, 65-құжаттар; №8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №23, 118-құжат; №24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., №1-2, 3-құжат; №9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; №12, 34-құжат; №14, 49, 50, 54-құжаттар; №15, 55-құжат; №16, 56-құжат; №22-III, 109-құжат; №23-III, 111-құжат; №23-V, 113-құжат; №24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., №1, 4-құжат; 2018 жылғы 18 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2018 жылғы 10 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
489-1-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
«1. Жекеше мекеме, қоғамдық, корпора­тивтік және жекеше қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акцио­нерлік қоғам нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың (саяси партияларды, діни бірлестіктерді және кәсіптік одақтарды, құрыл­тайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды, еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды қоспағанда), сондай-ақ шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерiнің) өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысу­шылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы, –».
2. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақ­стан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №1, 8-құжат; №24, 338-құжат; 2003 ж., №11, 56-құжат; 2004 ж., №5, 30-құжат; №10, 56-құжат; 2005 ж., №13, 53-құжат; 2006 ж., №8, 45-құжат; №15, 95-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №9, 67-құжат; №17, 141-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; 2011 ж., №2, 21-құжат; №5, 43-құжат; №17, 136-құжат; №23, 179-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 13-құжат; №8, 64-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №15, 81-құжат; 2014 ж., №11, 63, 67-құжаттар; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №16, 79-құжат; №20-І, 110-құжат; №21-І, 128-құжат; №22-І, 140-құжат; №23-І, 166-құжат; №23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; 2017 ж., №1-2, 3-құжат; №4, 7-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңна­малық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
41-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жекеше мекеме, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар, заңды тұл­ға­лардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздерi және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға, еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларға, саяси партиялар, діни бірлестіктер және кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделген коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.».
3. «Қазақстан Республикасындағы мемле­кеттік әлеумет­тік тапсырыс, үкіметтік емес ұйым­дарға арналған грант­тар және сыйлық­ақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуір­дегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., №6, 8-құжат; 2011 ж., №21, 171-құжат; 2012 ж., №5, 35-құжат; 2013 ж., №5-6, 30-құжат; 2014 ж., №3, 21-құжат; 2015 ж., №23-І, 166-құжат; 2017 ж., №8, 16-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-3), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттары – үкіметтік емес ұйымдар көрсететін қызметтердің сапасына, шарттарына, мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ олардың сапасын бағалау өлшемшарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;»;
«4-2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру – мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жоспарлау процесі;
4-3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру тиімділігін талдау;»;
8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл сала­сындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – үкімет­тік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласында басшы­лықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
2) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: 
«3. Осы Заңның күші техникалық реттеу объектілеріне қатысты қағидалар, жалпы қағи­даттар мен сипаттамалар белгілейтін стандарттарға қолданылмайды.»;
3) 4-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын; 
4) 4-1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, іске асырудың мониторингі және осы тапсы­рыстың нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;»;
2) тармақшадағы «мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және іске асыратын» деген сөздер «мемле­кеттік әлеуметтік тапсырыс­ты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асыратын» деген сөздермен ­ауыстырылсын;
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
«2-1) оператор арқылы гранттар береді, гранттар беру және олардың іске асырылуына мо­ниторингті жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толық­тырылсын:
«3-1) мемлекеттік органдар іске асыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын өзінің интернет-ресурсында орналастырады;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
«5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: 
«5-1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
8) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздер «осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 4-2-бапта:
бірінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жос­парланатын және іске асырылатын тақы­рыптары мен мемлекеттік әлеуметтік тап­сырыстың нәтиже­лерін бағалауды өздерінің интернет-ресурс­тарында орналастырады;»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті атқарушы органдар:
1) Қазақстан Республикасы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәлімет­терді жинайды, қорытады және уәкілетті органға ұсынады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оператор арқылы гранттар береді;
3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республи­касының заңнамасымен жергі­лікті атқарушы органдар­ға жүктелген үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөнін­дегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
6) 5-бапта:
1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
«5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;»;
6) тармақша алып тасталсын;
9) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: 
«9) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;»;
«13) қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту;»;
13-2) тармақшадағы «жүргізу бойынша жүзеге асырылады.» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын: 
«15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиім­ділігін арттыруға жәрдемдесу бойынша жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толық­тырылсын:
«3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ба­ғыт­тары шеңберінде тақырыптар қалыптас­тырылады.»;
7) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс Қазақ­стан Республи­касындағы мемлекеттік әлеу­меттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы және мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
8) 6-1-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: 
«1. Гранттар:
1) бюджет қаражаты есебінен берілетін мемлекеттік гранттар;
2) бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен берілетін мемлекеттік емес гранттар болып бөлінеді.
2. Гранттар оператор арқылы грант беруге арналған шартқа сәйкес үкіметтік емес ұйымдар әзірлеген әлеуметтік бағдар­ламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін беріледі.»;
9) 6-3-баптың 1, 2, 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сыйлықақылар беруді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында айқын­далатын тәртіппен жүзеге асырады.
Сыйлықақылар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен Үкіметтік емес ұйымдардың дерек­қорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдарға беріледі.
2. Үкіметтік емес ұйымдар сыйлықақы алуға өтінімдерді уәкілетті органға жыл сайын 1 қыркүйекке дейін береді.
Дәл сол бір үкіметтік емес ұйым сыйлықақы алуға сыйлық­ақының бір бағытынан артық бағыт бойынша ұсынылмайды.
3. Сыйлықақы алғаннан кейін үш жыл ішінде үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы алу үшін қайта ұсынуға жол берілмейді.»;
«5. Бір бағыт бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше ізденушіге берілуі мүмкін. Сыйлықақы бірнеше ізденушіге берілген кезде сыйлықақы олардың арасында тең бөліктермен бөлінеді.». 
4. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Респуб­ликасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №9, 43-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №21, 122-құжат; №22, 128-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-VI, 113-құжат; №22-VII, 161-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; №8-II, 70-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларенгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 
5-баптың 13) тармақшасы мынадай редакция­да жазылсын:
«13) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде зерттеулер, ақпараттық-ағарту жұмысын жүргізу және халыққа консультациялық көмек көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;».
5. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Респуб­ликасының Заңына (Қазақстан Респуб­ликасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., №5-6, 29-құжат; 2014 ж., №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №21-I, 121-құжат; №22-II, 145-құжат; №22-V, 154, 156-құжаттар; №23-II, 170-құжат; 2016 ж., №7-I, 50-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
7-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалып­тастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;».
6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шіл­дедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жар­шысы, 2013 ж., №15, 80-құжат; 2014 ж., №12, 82-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №21-І, 128-құжат; №22-V, 152-құжат; 2016 ж., №7-I, 47-құжат; №7-II, 55-құжат; 2017 ж., №23-III, 111-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 5-баптың 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
«3. Ұлттық палатаның Қазақстан Республи­касының Үкіметімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы осы Заңда, өзге де норма­тивтік құқықтық актілерде және өзара іс-қимыл туралы келісімде айқындалған тәртіппен:»;
2) 18-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
«3. Ұлттық палатада, өңірлік палаталарда өздерінің жарғыларына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.»;
3) 19-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақ­шамен толықтырылсын: 
«2-1) өңірлік кеңестер делегаттарын сайлау­ды өткізу тәртібін, мерзімдерін және өңірлік кеңестерді қалыптастыру тәртібін бекіту;»;
5-тармақта:
«, сондай-ақ өңірлік кеңестер делегаттарын сайлауды өткізу тәртібі» деген сөздер алып тас­талсын; 
4) 21-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «52» деген цифрлар «50» деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшада:
«(одақтарының)» деген сөзден кейін», кәсіп­керлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
«он алты» деген сөздер «он жеті» деген сөздермен ауыстырылсын; 
3-тармақ алып тасталсын; 
5) 25-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 
«1. Өңірлік кеңес өңірлік палатаның байқаушы органы болып табылады және съезд әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала және аста­на үшін саралап белгілеген квота шегінде кәсіпкерлік субъектілерінің делегаттарынан, сондай-ақ қауымдастықтардың (одақтардың), кәсіп­керлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың өкілдерінен съезд бекіткен тәртіппен қалыптастырылады.
2. Өңірлік кеңес делегаттары өңірлік палата­ның аудандық, салалық кеңестеріндегі кәсіпкерлік субъектілері делегаттарының тікелей дауыс беруі арқылы съезд бекіткен тәртіппен төрт жыл мерзімге сайланады.»;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
6) 32-бапта:
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: 
«Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес тағайындалған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кеңес мүшелерінің өкілеттіктері осы Заңның 25-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кеңестерін қалыптастыру аяқталған күннен бастап бітеді.»;
10-тармақ алып тасталсын.
7. «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Респуб­ликасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №3, 12-құжат):
1) 6-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс­ты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру монито­рингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;»;
2) 7-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;»;
3) 9-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жастар арасында денсаулық сақтау және саламатты өмір салтын насихаттау мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қа­лыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мони­торингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;»;
4) 12-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жастардың мәдениет, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселе­лері жөніндегі бастамаларын қолдауға бағыт­талған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалып­тасты­руды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;»;
5) 13-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жастар арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;»;
6) 14-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жастар арасында конфессияаралық келісім мен діни тағаттылықты нығайту мәселелері бо­йынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қа­лыптастыруды, іске асыруды, іске асыру монито­рингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;»;
7) 15-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жастар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсы­рыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;»;
8) 17-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жастардың қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге қатысуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсы­рыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;».
2-бап. Осы Заң, 2018 жылғы 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 1) тармақшасын, 3) тармақшасының екінші абзацын және 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 13 маусым 
№160-VI ҚРЗ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.02.2019

Ақтаулық ата-аналар Оксфордтық курсты оқыды

18.02.2019

Қостанай ювеналдық сотында «Отбасы бөлмесі» ашылды

18.02.2019

Донецк қаласында бірнеше жарылыс болды

18.02.2019

Үндістан үкіметі Эверестің биіктігін қайта өлшемек

18.02.2019

Қазақстанда қанша қасқыр бар?

18.02.2019

Әсем Орынбай: Стенд атудан Азия чемпионатында Олимпиада жолдамасын иеленгім келеді

18.02.2019

Осы аптада қандай мәдени және спорттық іс-шаралар өтеді?

18.02.2019

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша қабылданған шаралар талқыланды

18.02.2019

Қостанайлық кәсіпкер ханым араб миллионер әйелге сәукеле сыйлады

18.02.2019

Түркістанда газдандыру жұмысы күшейтілді

18.02.2019

«Болашақ» бағдарламасының түлегi Тимирязев ауданының әкiмi болып тағайындалды

18.02.2019

Жұмыс істемейтін аналар үшін берілетін мемлекеттік жәрдемақы қанша?

18.02.2019

Тілекенова мен Абитова көркем гимнастикадан халықаралық сында жүлдегер атанды

18.02.2019

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Нью-Делидегі әлем кубогіне аттанды

18.02.2019

Баланың төлемақысы қанша?

18.02.2019

Нұрсұлтан Назарбаев: Жастық шағыңды босқа өткізбе

18.02.2019

Қанша ақша сыртқа кетті?

18.02.2019

Үкімет «Ақжолдың» кәсіпкерлікке қатысты сауалына жауап берді

18.02.2019

Мәжілісте мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы талқыланды

18.02.2019

Құмшық ата жерасты мешіті мен Жәудір ана мешіт-медресесі қайта қалпына келтірілетін болады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу