Қазақстан • 15 Маусым, 2018

Ұлттық валюталармен есептесу тиімді

411 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен аптада Қытай­дың Циндао қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы­ның саммитінде ұйым­ға мүше-мемлекеттердің қар­жы­лық есеп айырысуларын ұлттық валютаға көшіруді ұсынған болатын. 

Ұлттық валюталармен есептесу тиімді

Елбасы өз ұсынысын әрі қарай мүше мемлекеттердің орталық банк­те­рінің басшылары талқылап, ор­тақ ше­­шімге келу туралы айтқан еді. 

Бүгінде еліміздің сырт­қы саяса­ты­ның басым ба­ғыт­тары­ның бірі болып санала­тын ШЫҰ-ға мүше­лік өзге мем­лекеттер­мен қа­­рым-қа­тынас­тар­дың бар­лық салалары бойын­ша өңір­лік өзара іс-қимыл­дар­д­ың ма­ңызды тетігіне айналып отыр. 

Осы мәселеге байланыс­ты Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің пікірін білдік.

Ол ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үшін экономикалық ынтымақтастықты дамыту­дың маңыздылығы күннен-күнге артып келе жатқанын атап өтті. 

– Сауда-саттық ынты­мақ­­­тас­тықта ұлттық валюта­лар­­­ды қолдануды біз бір­неше мәрте ЕАЭО аясында тал­қыладық, ШЫҰ-ға мүше мем­лекеттердің сауда-сат­тық қаты­настар­ды долларсыз­дан­дыру бас­тамасына қызығу­шы­лық­тары арта түсуде, – дейді Д.Ақышев. 

Ұлттық банк басшысы ШЫҰ-ға мүше мем­ле­­кет­тер­дің 2020 жыл­ға де­йін көпжақ­ты сау­да-экономикалық ын­ты­мақ­­тастық бағдар­ла­масы аясында жаһандық қар­жы-экономикалық дағ­дарыс­тың салдарын еңсеру бо­йынша ШЫҰ-ға мүше мем­лекеттердің ұлттық дең­гейде қабылдайтын дағ­дарысқа қарсы шаралар іске асырылып жатқанын, дамушы нарықтары бар елдердің әлемдік нарық капиталына қолжетімділігі талаптары, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасында есеп айырысу кезінде ұлттық валютаны қолдануды кеңей­ту мүм­кіндігі талқылану үс­тінде екенін атап өтті. 

– Ұлттық валютамен өз­­ара есеп айырысуға өту ұйым­­ға қа­ты­сушы ел­дер эко­­­но­­ми­ка­сы­ның қауіп­­сіз­­дігі тұр­ғысынан алған­да сөзсіз тиімді әрі маңыз­ды. Орталық банктер жұ­мы­сын осы бағытта, оның ішін­де тиісті жол картала­рын әзірлеу арқылы жал­ғас­ты­­ра­т­ын болады, – деп сө­зін тү­йіндеді Ұлттық банк басшысы.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»