Футбол • 15 Маусым, 2018

Ресей — Сауд Арабиясы: қызықты фактілер

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Ресей ұлттық құрамасы әлем чемпионатының ашылу ойынында Сауд Арабиясын 5:0 есебімен жеңді.

Ресей — Сауд Арабиясы: қызықты фактілер

Гол соққандар: Юрий Газинский 12, Денис Черышев 43, 90, Артем Дзюба 71, Александр Головин 90+4.

Матч жайлы аздаған фактілер:

* Бұл кездесу Ресей құрамасының әлем чемпионатындағы екінші ірі жеңісі. Алғашқысы 1994 жылы Камерун (6:1) ұжымына қарсы ойын болатын. 

* Сауд Арабиясы әлем чемпионатына бесінші рет қатысып отыр. Дебюті 1994 жылы болып, сол жылы 1/8 финалға дейін өнер көрсетті. Бұл әзірге араб халқының дүбірлі додадағы үздік көрсеткіші. Осыдан кейінгі үш чемпионатта топтық кезеңнен әрі аса алмады.

* Әлем біріншілігінің ашылу ойынындағы ең ірі жеңіс 1934 жылы тіркелді. Бұл жылы Италия құрамасы АҚШ-ты 7:1 есебімен ұтты.

* Әлем чемпионатын өткізуші ел алғашқы ойында ешқашан ұтылмаған. Кеше Ресейде де осы нәтиже қайталанды. 

* Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы кездесу Мәскеудегі "Лужники" стадионында 78 мың жанкүйердің алдында өтті. Ашылу салтанатында британиялық әнші Робби Уильямс пен ресейлік опера әншісі Аида Гарифуллина өнер көрсетті.

Бүгін мынадай матчтар өтеді:

18:00 Египет — Уругвай;
21:00 Марокко — Иран;
00:00 Португалия — Испания.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51