БҰҰ миссияларына қазақстандық 40 әскери қызметші жіберіледі

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында  Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы миссияларына Қазақстанның әскери қызметшілерін жіберу туралы ұсынысын жариялады.  

Егемен Қазақстан
15.06.2018 796
2

«Парламенттің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №15 қаулысына сәйкес ҚР Қарулы Күштерінің офицерлерін бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі жартылай міндеттерді орындау үшін БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына  әскери байқаушылар ретінде жіберу жүзеге асырылады. 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 11 офицер 12 ай  Батыс Сахарада және Кот Дивуарда БҰҰ-ның миссияларына қатысты. Парламент мақұлдаған Гаити мен Либериядағы басқа 2 миссияға жіберу контингент ауқымының қысқаруына және БҰҰ-ның сұрауының болмауына байланысты жүргізілмеді. Кот Д`Ивуардың тұрақталуына байланысты осы  елдегі БҰҰ-ның миссияларына әскери байқаушылар  мұнан ары жіберілмейді», - делінген Елбасы ұсынысында.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының дерегінше, қазіргі уақытта Батыс Сахарада БҰҰ-ның миссиясында Қазақстанның 5  әскери қызметшісі қызмет атқаруда. Көптеген қазақстандық офицерлер бітімгершілікке қосқан үлесі үшін медальдармен наградталды және миссиялардан алғыс алды. Сондай-ақ Сахарада БҰҰ-ның миссиясында басшылық лауазымдарға тағайындалған қазақстандықтар да бар.

«БҰҰ-ның басшылығы әскери қызметшілердің даярлық деңгейіне жоғары баға берді және олардың санын арттыруға мүдделілік танытуда. Осыған байланысты бітімгершілік қызметке қатысуды кеңейту мақсатында әскери байқаушылар мен штабтық офицерлерді, ҚР Қарулы Күштерінің офицерлерін БҰҰ-ның миссияларына қатысу географиясын кеңейту ұсынылады. Бұл БҰҰ-ның бітімгершілік операциясын жүргізу аумағындағы қауіпсіздік пен ағымдағы ахуал туралы ауқымды ақпарат алуға және осы ақпаратты контингент құрамында миссияға одан ары қатысу жөніндегі ұстанымды пысықтау үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Одан басқа миссияда болу нәтижесінде алынған халықаралық стандарттар жөніндегі тәжірибе мен жұмыс дағдылары Қарулы Күштердің еліміздегі оқу-жаттығу талаптары өткізетін оқу, білім беру процесінде қолданылады. Командалық және штабтық лауызымдарға тағайындау кезінде ескеріледі. Осы контексте Қорғаныс миинстрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, қауіпсіздік саласындағы әскери-саяси ынтымақтастығы, саяси ынтымақтастығы және Қазақстанның басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарын ескере отырып, басымдық берілген бітімгершілік миссияларының тізімін әзірледі», - делінген Президент ұсынысында.

Президенттің пайымынша, БҰҰ-ның миссияларындағы Қазақстан әскери байқаушылары мен штабтық офицерлерінің санын арттыру халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосумен қатар Қазақстанның беделін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметі аясында халықаралық қауіпсіздіктің жауапты мүшесі ретінде нығайта түседі.

«Осы айтылған міндеттерді шешу үшін ҚР Конституциясының 53-бабына сәйкес мыналардың құрамында әскери байқаушылар мен штабтық офицерлер ретінде БҰҰ-ның миссияларына қатысатын ҚР Қарулы Күштерінің офицерлерін 40 адамға дейін жіберу туралы ұсыныс енгіземін», - деді Мемлекет басшысы.

Жалпы отырысты ашқан Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин ең алдымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін БҰҰ-ның миссияларына қатысу үшін  жіберу туралы ұсыныстары қаралатындығын мәлім етті.

«Құрметті әріптестер! ҚР Конституциясының 53-бабы 5-тармақшасына сәйкес Президент ұсынысы бойынша Парламент халықаралық міндеттемелерін орындау үшін республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды», - деп атап өтті. Елбасы ұсынысын ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов жариялады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел Парламентіне қазақстандық офицерлер жіберілетін БҰҰ миссияларының тізімін ұсынды. ҚР Президенті ҚР Конституциясының 53-бабына сәйкес бірқатар контингенттің құрамында әскери байқаушылар мен штабтық офицерлер ретінде БҰҰ-ның миссияларына қатысатын ҚР Қарулы Күштерінің офицерлерін 40 адамға дейін жіберу туралы ұсыныс енгізген болатын.  «Бірінші - БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы миссиясы. Екінші - БҰҰ-ның Кипрдағы бейбітшілікті қолдау жөніндегі қарулы күштері. Үшінші - БҰҰ-ның Үндістандағы және Пәкістандағы әскери байқаушылар тобы. Төртінші - БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері. Бесінші - БҰҰ-ның Батыс Сахарада референдум жүргізу жөніндегі миссиясы», - делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысында.  ҚР Парламентінің депутаттары Елбасының бұл ұсынысына толықтай қолдау білдіріп, арнайы Қаулы қабылдады. 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2019

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 27 жыл толды

20.01.2019

ШҚО Күршім ауданында 6 жастағы бала суға кетіп қалды

20.01.2019

Қазақстанда бала асырап алуға көмектесетін арнайы агенттік құрылады

20.01.2019

Ресейлік «Арктика-М» спутнигі 2019 жылы маусым айында іске қосылады

20.01.2019

Чили жағалауында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды

20.01.2019

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

20.01.2019

Экономиканы роботтандыру: қатер ме, мүмкіндік пе?

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

19.01.2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

19.01.2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

19.01.2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

19.01.2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

19.01.2019

​Қазақстанның Елшісі НАТО Бас хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды

19.01.2019

Рейтер: Трамп пен Ким Чен Ын ақпанда кездеседі

19.01.2019

Алматыға Катардан алғашқы жүк рейсі келді

19.01.2019

Ақмолалықтар мүгедектер үшін автобустардың қолайлылығын бақылауда

19.01.2019

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

19.01.2019

Филиппиннің ең бай адамы қайтыс болды

19.01.2019

Қазақстанда «ақылды қала» пайда болды (видео)

19.01.2019

«Нұр Отан» мектеп асханаларын жалға алушыларды тексерумен айналыспайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу