Футбол • 17 Маусым, 2018

ӘЧ-2018: Қазақстандықтар футбол ойындары өтетін қалаларға тікелей ұша алады

506 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ӘЧ-2018: Қазақстандықтар футбол ойындары өтетін қалаларға тікелей ұша алады

Ресейде болып жатқан футболдан әлем чемпионатына байланысты ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық жанкүйерлерге футбол болатын қалаларға тікелей рейс барын мәлімдеді. Бұл туралы комитет Facebook парақшасында жазды.

«Жаз мезгілінде төрт әуе компаниясы: Air Astana, Skat, Aeroflot және Сибирь арқылы Қазақстаннан Мәскеуге аптасына 105 рейс жүзеге асырылады. Аптасына 14 рейс Санкт-Петербургке, 6 рет Қазанға, 4 рет Сочиге, 7 рейс Екатеринбургке барады», - делінген хабарламада.