Қазақстан • 18 Маусым, 2018

«Аспан көшпенділері» альбомы жолға шықты

375 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Неше түрлі тәуекелдерге барудан шаршамайтын «Аквафон» тобының таяуда «Аспан көшпенділері» альбомы жолға шықты.

«Аспан көшпенділері» альбомы жолға шықты

 «Этноны көре білу де өнер» деген ұранмен өмір сүретін көп қырлы дарын иелері бұған дейін де ұлан-ғайыр Қазақстанды насихаттауға арналған «Бұлт бағушылар» альбомын шығарған болатын. Сонымен аталмыш топ фольклор ешқашан қартаймайды деп есептейді. Одан ежелгі замандардың рухын ғана еспейді әрі өте заманауи естілмек.

Ал «Аспан көшпенділері» жаңа альбомында неофолк стиліндегі бес түркілік композиция бар. Биыл «Аквафон» тобының әндері Каир Ыстанбұл, Дальян төрі­нен естілді.

Жуырда ғана Латвиядағы бейнебаян түсірілімінен оралған топ жаңа альбомның Бішкек, Шымкент қалаларында өткен «Алакөл қанаттары», «Оңтүстік самалы» фестивальдерінде тұсауын кесіп, Алматыдағы Quadrate театры мен Ресей консулдығында таныстырып үлгерді.

Өнерлі топтың пайымдауынша, «Аспан көш­пен­ділері» – Қазақстанға арналған музыкалық бағыш­таулардың ішінде ерекшесі. Бұл жерде фольклорлық стильмен қатар, поп, рок және джаз қатар әуелейді. Жаңа альбомды жасауға топтың негізгі мүшелері – Павел Аксенов, Олег Белов, Евгения Губанова, Ольга Нагаевамен бірге жиырма шақты адам жұмыс істеген. Олардың қатарында Сара Найман, Венера Оразбекова, Мария Касиманова, музыканттар Талғат Хасенов (Мәскеу), Евгений Пожидаев, «Мотор-Роллер» тобының көшбасшысы Ильяс Аутов пен Эдуард Двухименный («Северный ветер» тобы) бар.

Павел Аксенов: «Өмірімнің басым бөлігі Қазақ жерінде өтті. Бала күнімізден бері қазақ халқының әндерін естіп, құлағымызға сіңдіріп өстік. Бұл халықтың рухы мен тарихын кез келген оқулықтан да артық айта алады.

Олег Белов: «Осы жоба арқылы біз кең-байтақ Қазақ­станды құшағымызға алуға ұмтылдық. Үлкен Алматы мен кішігірім Саймасай туралы әндер жазып, біз оны Алакөл, Балқаш, Қапшағай, Шарын, Тянь-Шань, Сарыарқа болып шырқадық.

Ольга Нагаева: «Бұл өлкеде тек та­би­ғи аймақтар ғана тоғыспайды. Ұлы Жібек жолының жүрегінде өркениеттің көп­ғасырлық дидарласуы жатыр. Мен Тараз жақта өскен адаммын және оны бүкіл жаныммен сеземін.

Евгения Губанова: «Біздің альбом Ұлы Жібек жолының жаңғыруын жырлайды. Дәл осы өлкеде ерекше мәдениет салтанат құрған. Сондай-ақ альбомға «Қарлы таулардың етегіндегі қала» эксперименттік әні кірді.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ