Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Егемен Қазақстан
19.06.2018 48
2

Тәуелсіздікке қол жеткен тұста Сарыарқаның төсіндегі Целиноградтың бейнесі де атына сай болатын. Тың және тыңайған жерлерді игереміз деп жан-жақтан ағылып келіп, одан қалып қойып қоныстанып, бара-бара қала ішінде қазақ үні көшеде көмескіленіп, ал көп ішінен бірді-екілі шыққан аз дауыс құмығып, бастырықта қалатындай күй кешкен. Бірақ елдік мұрат сынға түскенде тайталастан тайынбайтындықтарын да танытып, Қанжығалы қарт Бөгенбайдың құтты мекені – Ерейментауда орталығы болады деген неміс автономиясын құруға қарсылық танытқан рухы бар қаланың тәуелсіздік берген жаңа тынысы 1998 жылы кеңіп сала берді.

Өзге емес, өз ұл-қыздары келіп, Сарыарқа­ның салқын самалына жүздерін тосып, еркелей аққан Есілдің сыл­дырына құлақ түре, елорданың тұсау­кесер тойына қайткенде де үлгеруге тиіспіз деп таң шапағымен таласа тұрып, дайындықты торғынды кештерде де тынбастан жалғастыра беретін. Сол кездегі Ақмола көшелері қайнаған құрылыс алаңы еді. Тас төсеп жатқан құрылысшының жанынан секіріп өтіп, салынып жатқан, жөндеу жүргізіліп ғимараттың арасынан сыналап өту үйреншікті жайға айналған. Қазіргідей жөндеу жүретін көшені жауып қою деген де болмайтын. Өйткені жағалай құрылыс. Бәрінің ойы межелі күні жұмыстарын бітіріп, Астана күніндегі қуанышқа сақадай сай тұру. Уақытпен санаспай, ұйқы-күлкі көрмей, тынбастан қаншама жұмыс атқарылды десеңізші?!

Көптен күткен күн де келіп жетті. Астананың тұсаукесері болатын күні қала бой түзеген жас арудай таранып, сыланып, сұлуланып тұрған еді. Содан бері де 20 жыл өтіп кетіпті. Осы жылдар елордамыздың сыртқы бейнесін де, ішкі мазмұнын да толықтай өзгертті. Қаланың байырғы көше­лерінде терезелері топыраққа белден еніп, жапырайып тұрған үйлер бұзылып, қаншама еңселі көшелер бой көтерді. «Сакко Ванцетти», «Карл Маркс», «Делегатский», «Октябрьский» және басқа да толып жатқан көшелер құлаққа жағымды, жанға жылы тиер, халқымыздың аяулы ұл-қыздарының есім­дерін, ұлттық мүддеге сай атауларды алды. 

20 жыл бұрын 37 мектептің біреуі ғана қазақша болса, қазір мектеп саны ұлдар мен қыздарға бөлек ашылған екі қазақ-түрік лицейін қоспағанда – 84, ал олардың дені қазақ мектептері екен. Ол кезде Астанада мешіт те мектеп тәрізді жалғыз еді. Орталық базар жанындағы мешітке (Ол кезде Садуақас Ғылмани есімін иеленбеген) айт күні Елбасы келіп, барша жамағаттың қуанғаны да есте. Сол уақытта қалада жаңадан салынған әр ғимараттың ашылуы үлкен мереке болатын. Алғаш түрік бауырлар «Интерконтиненталь» қонақүйін ашқанда сол күні қатыса алмаған қала тұрғындарының кейін арнайы барып көрген сәттері де жадымызда. «Алатау», «Қазақстан» спорт кешендерінің пайдалануға берілгені, Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театрының, «Синема сити» кинотеатрының ашылуы мәдени, рухани, спортсүйер қауым үшін қандай тамаша жаңалықтар болып еді.

Астанада бүгінгідей сауда және ойын-сауық орталықтары да жоқ-тұғын. Ең алғаш «Еуразия» сауда орталығы ашылғанда жұртшылық ішінде көрме аралап жүргендей сезінетін. Ауылдан келген туыстар вокзалда, сауда үйлеріндегі эскалаторларға таңданып, «Бәйтерек» кешеніне шығып, Елбасы алақанының таңбасына қолын қойып ырымдағанына талай рет куә болдық.

Астана армандар жүзеге асатын қалаға айналды. Жастар үшін қаншама іргелі жоғары оқу орындары ашылды. Әу баста олардың көшін Еуразия ұлттық университеті бастаса, бүгінде Назарбаев Университетіне ұласқан білім ордалары 20 жыл ішінде қаншама жасты түлетіп, қияларға қанат қақтырды.

Бейбітшілік және келісім сарайы, «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық кешені, «Әзірет Сұлтан» мешіті және қаланың өзге де көрікті жерлері, әлемге әйгілі сәулетшілер қолтаңбалары, еңсесі биік «Ақорда» резиденциясы, Министрліктер үйі және басқа да толып жатқан кеңселер, тұрғын үйлер, қонақүйлер мен мейрамханалар, қаланың жасыл белдеуі, шаһар ішіндегі сансыз саябақтар сүйікті Астананың көркіне көрік, ажарына ажар, сымбатына сымбат қосып тұр. Қараған сайын көзің де, көңілің де сүйінеді.

Өткенде көне Мысырға саяхаттап келіп, ұшақтан түскен астаналық турист «Түу, біздің Астанамызға жетер қала жоқ екен. Каир көшелерінің ластығы сұмдық. Көнеден жеткен пирамида ғимаратының сырты ысталғаны сондай, бастапқыда қандай түс болғаны белгісіз. Көшесінде аузы-мұрныңды басып әзер дем аласыз, аяғыңыздың асты қоқыс. Жарқыраған Астанама жетер шаһар жоқ» дейді.

 Жарқырай түс! Арайланып, абаттана түс, менің арайлы Астанам!

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

22.01.2019

Жастар жылының логотипі бекітілді

22.01.2019

Жол азабына ұшырағандарға шекарашылар көмекке келді

22.01.2019

Р.Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

22.01.2019

Жаңақала ауданында жоғалған адам табылды

22.01.2019

Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

22.01.2019

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

22.01.2019

Төсек тартқан науқасты үйде күтетін «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алу керек

22.01.2019

Қарағанды облысында адасқандар құтқарылды

22.01.2019

Іскер әйелдер қауымдастығы – қайырымдылық бастамашысы

22.01.2019

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22.01.2019

Алуа Балқыбекова: Қазақтың боксшы қыздарымен әлемде барлығы да санасады

22.01.2019

Қасиетті қамшы

22.01.2019

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

22.01.2019

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жаңа жобаны таныстырды

22.01.2019

Ақырзаман жақын ба?

22.01.2019

Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

22.01.2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

22.01.2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

22.01.2019

Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу