Балп-балп басқан балуандар қайда?

Ордабасы ауданында күш атасы Қажымұқанды еске түсі­ру­ге арналған қазақша күрестен жыл сайынғы дәстүрлі тур­нир өтті. Бүгінде қазақ күресінен ең ірі жарыс осы. Кіл мық­тылар осы жарыста тоқайласады. Бұл жолы да екі бірдей «Қазақстан барысы» келген. Бойымен көк тіреген апайтөс Айбек Нұғымаров пен әбжіл Мұхит Тұрсынов. Бірақ өзбекстандық Мухсин Исамудиновті көргенде көңілдегі тоқтықты жиып алдық. Кейбір балуандай қарны сыртқа ақтарылып жатпайтын, қоладан қазір құйғандай ықшам Мухсиннің сырын бір кісідей білеміз. Жыл ара­латып келеді. Жай келмейді. Біздің әспенсітіп жүрген балуан­да­рымыздың аяғын аспаннан келтіріп допша домалатып кетеді. 

Егемен Қазақстан
19.06.2018 4696
2

Өз елімізде, өз жерімізде өтіп жатқан төл күресіміз бол­ғаннан кейін өзіміздің жі­гіт­­тердің жең­генін қалайсың. Оның үстіне қазақ өз атауына иелік ете алмай өзге елге бодан болып жүргенде дүниенің бар мықтысын жыққан Қажы­мұ­қанның турнирінде түйе балуанның атағы көрші елге кетуі қорлық қой. Мухсин өз салмағында жеңіліп қалды. Кейін білгеніміз біздің бір балуанға спорт шеберлігін орындау керек болып бапкері өті­ніп сұрапты. Кейде бас бәй­геге тігілген темір тұл­пар­­дан үмітті болғандар өз сал­мағындағы бәсекеге бос­қа күшін шығындамай жа­рыс­­тан әдейі шығып қала­ды. Мухсиннің алғашқы кез­дес­уі­нде біздің балуанды жиырма секундта жамбасқа салып атып ұрғанында осындай да гәп бар екендігін ұқтық. Құрыштай шымыр Мухсин екінші кездесуін «Қазақ барысы» Мұхит Тұрсыновпен өткізді. Мұхиттың дәл мынадай дәрменсіз бол­ға­нын бұ­рын-соңды көр­меппіз. Мух­синге өз ыңғайын ұстаса бол­ды, қарсыласын қаңбақтай үйіріп әкетеді. «Қазақ барысына» екі ғана әдіс жасады. Екі жартылай жеңіс тазаға саналады. Мұхитпен қырық-ақ секунд күресті. Жамбасқа алды, қырқа шалды. Мұхит күрес күртесін алғаш киген боз­­баладай тыраң етіп екі рет, құла­ды. Бітті. Кірмегеніміз қа­ра жер. Ширек финалда Айбек Нұғымаровпен белдесті. Екеуі арбасып жүрген мезетте бір қолымен жағадан ұстап екінші қолымен белдіктен ілген Мух­син жантая бере қыр­қа шалды, қан­көбелек ойнаған Айбек бір жауырынымен оңбай құ­лады. Енді ішіңді тартпай көр. Салмағы ауыр Айбек есін тез жиып абайлап күресті. Мух­син шабуылға шықса қар­сы қайла жасап, басып қа­лып бүк ұпайын көбейтті. Расы керек, төрешілеріміз де жақ­тасты. Мухсиннің тағы бір рет жауырынмен түсірген ұпайын жамбасқа ауыстырды. Өйтпесе, таза жеңіс болғалы тұр. Мухсин бәрін түсініп жүр. Аз ғана басымдықпен жеңіс Айбекке берілді. Қуан­бадық демейміз, қуандық. Алла жар болды дедік. Өзбек ағайындарды да көріп жүрміз ғой. Ташкентте бокстан өткен Азия чемпионатын Өзбекстан чемпионатымен ауыстырып алды. Терезе басы тең тұрған жекпе-жектерде ешқашан басқаға жеңіс бермейді. Соң­ғы олимпия ойындарында да ойына келгенін істеп, әлем жанкүйерлерінің назасы­на қал­ды. Оның қасында біз­дің тө­решілердің жасап жат­қан­ды­ғы ойыншыққа пара-пар. Гәп басқада.

Тоқетерін айтқанда, баз-біреулер Олимп ойындарынан көргісі келетін қазақ күресі құлдырауды басынан өткізіп жатыр. Жүлде алып жүрген жігіттер саусақпен санаулы. Түйе балуандарды айтамыз. Бес саусақ жетпейді. Жаңадан қосылып жатқаны аз. Оңтүстік атынан соңғы жылдары ауыр салмақта Жұманазар Ерсұлтанов күресті. Сонау тоқсаныншы жылдардың ортасында дзюдомен күрескен Жұманазар құрамаға алын­бағанына ашуланып, ауылы Ордабасыға кетіп қалған. Соңғы бес-алты жылда қазақ күресіне оралып бықпырт тиген­дей қылды. Орыстар шебер­лікті ішіп құрта алмай­сың дейді. Рас сөз. Назар балуанның дзюдода сүйіп қол­данған төл тәсілі аяқпен бұт­тан іліп лақтыратынына түсіп қалмағандар аз. Және жылдамдығы ғаламат. Екі-үш жылда ауласын машина­мен тол­тырып күрестен кеткен Назарға әшейінде үш миллионбыз деп ауыз толтырып сөйлейтін Оңтүстіктен лай­ықты қарсылас табылмай-ақ кетті. Он жыл күрес күртесін ки­меген, салмағы жүз алпыс келі тартатын балуан қазақ күресінің басындағы аху­алды осылай бір байқатқан. Әр балуанның өз машығы, ың­ғай­лы әдісі болады. Мәселен, ең атақты балуа-

нымыз Бейбіт Ыстыбаев қашан қырқа ша­луға ыңғайы келген­ше қар­сыласын сағыздай со­зып айналып жүріп алады. Айбек те күтеді. Жасындай жар­қылдап күресу жоқ. Ұпай са­нымен жеңіп жатса басқа тәу­екелге бармай күрестің  маңызын кеті­реді. Осы­лар­­ды қазақ күресінің нары дейін десең дзюдо мен самбоға барса халықаралық жарысты айтпағанда Қазақстан­да топ жара алмайды. Олар қазақ күресіне мамандан­ған дерсіз. Оған да келісейік. Бірақ осы қазақ күресінен өтетін халық­ара­лық турниріне ­моңғол келе­ді. Қыранжапқан­дай етіп кетеді. Грузин балуаны келеді. Атақтылары­мыз ты­раң етіп астында жатады. Қазақ күресі деген өнер түгілі қазақ деген халықты естіп көр­меген Куба балуаны келе­ді, шетінен жамсатып ол кетеді. Жарысымызға көрші Өзбекстан, Тәжікстаннан балуандар келсе бәріміз қылпылдап қа­­ла­мыз. Көрінген келіп бетке ұстар балуандарымыздың жам­басын жерге тигізіп жат­қандығы әр қазақтың намысына тиетіндігі сөзсіз. 

Бүгінде қазақ кешеге дейін меншіктеп келген біраз асыл қазынасынан айырылды. Көкпары «Көкбөрі» болып қырғыздың тақымында кетті. Әлемдік патент солардың қолында. Тоғызқұмалаққа да талас көп. Жылқы, қымыз, қа­зы, түйе түлігі, шұбат біз­дікі дейтін едік, талас кө­бейіп тұр. Жылқы көшпелі халықтардың бәрінің қанаты болған. Ал қазы-қартаны біз ғана жемей­ді екенбіз. Патенті өзбек кә­сіп­­керінде. Қымызды неміс кә­сіпкері терең өңдеп, бірталай сертификатын жинап алды. Қазақ күресіне ешкім таласпас деп едік. Ол да тартысқа түсті. Қазақ күресінің күртесін иы­ғына ілмеген бір жігіттер ие бо­лып, өз күресімен күресе ал­май­тын қазақты әлемге мас­қаралап шоу жасап жүр. Әлем чемпиондарының түсіне кір­мей­тін қаржы тігеді. Бірақ сырттан келгендерді талассыз ұтып алатын өзбек Мухсин Исамудинов сияқты балуаны жоқ. Дайындауға талпынып жатқандарын да байқамаймыз. Дүниежүзілік дода өткіземіз деп даурыққанша алдымен балуан дайындап алса болмас па еді. 

Ертеде бір патша өмір сү­ріп­ті. Азық тапшы, тамаққа ортақ болады, пайдасы жоқ деп қарттарды бір-екі күндік азығымен биік тауға апарып тастауға әмір еткен екен. Патша жарлығына ешкім қарсы шыға алмайды. Бір жігіт қана әкесін қимай үйінде сандыққа салып бағады. Күн­дер­дің күнінде әлгі пат­ша­ның елін қалың жау шабады. Тау жақтан тұтасып әні-міні шабарман болады. Патша дағдарып ақыл салғанымен ешкім амалын табар емес. Ертесі бір жас жігіт келіп жау­дың өкпе тұсындағы тау өзе­нін жырса бәрін ағызып әке­тетіндігін айтады. Расында буырқанған ағын жолындағы қой тастармен бірге жауларды да шырқыратып жұтып жіберген. Патша жас жігіттің ақылына разы болып, өзіне бас уәзір етіп тағайындамақшы болады. Сонда жігіт бұл ақылды өзі тығып бағып отыр­ғ­ан әкесі айтқандығын біл­дір­ген екен. Патша істеген қа­те­лігіне өкініп бармағын шайнаған дейді. Бұл аңыз тәмсіл сияқты болғанымен түбінде шындық бар. Мұны неге айттық. Бүгінгі қазақ күресінің басындағы кепті баяндадық. Балуандарымыз шеберлік жағынан өспей жатыр. Оларды қамшылап жат­қан білікті бапкерлер тағы бай­қалмайды. Қаржы негізінен үлкен шоуларға салы­на­тын­дықтан, еңбек лайық­ты баға­ланбағандықтан, бұл та­қы­рыпты жылы жауып қой­ғандар бар. Не істемек керек? Қазақ күресінде екі ко­рифей бар. КСРО кезінде та­лай мықты балуандардың то­мағасын сыпырған Дихан­бай Биткөзов пен Марат Жа­хитов. Соңғысы одақ құ­ра­масында, шетелде бап­керлік мектептен өтті. Екеуі де зейнетте. Жасына жетпей болдырған, әдіс айласы кем, психологиялық дайындығы кемшін балуандарымыздың ке­регін тұғырдан түсе қой­ма­ған осы екі азамат толты­ра алады. Бірақ оларды із­деген, бапкерлік тәлімін пай­да­ланайық деген екі федерация­дан пиғыл бай­қамадық. Үйде жүргенде ба­тыр, сыртқа шыққанда қирап ұты­латын балуандарымызды осылайша өтірік малданып жүре береміз бе?!

Ондай жағдайда, ит мініп ирек қамшылаған күнімізден алысқа ұзай алмаймыз. Қазақ күресінен халықаралық жарыс өткізіп, бас жүлдесін Қап тауынан асып келгендерге ұстата берсек ұлттық белдесуіміздің қандай қасиеті қалады.

Дат сұрадық. Сіздер қалай ойлайсыздар?

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2019

UFC: Дамир Исмағұлов жеңіске жетті

24.02.2019

Михаил Кукушкин финалға шықты

24.02.2019

Дюсельдорфта әзірге жүлде жоқ

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

бакыткали (19.06.2018 20:54:38)

біздін балуандар тек Казахстанда балуан,кайсысы шетелге шыгып топ жарыпты?

Пікір қосу