Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

Үкімет үйінде Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалық етуімен өткен жиында ауылшаруашылығы өнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын өзектендіру мәселесі қаралып, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы мен Алматы агломерациясын жүзеге асыру тақырыбы талқыға түсті.

Егемен Қазақстан
19.06.2018 3117
2

Апат салдары анықталады

Үкімет отырысында алдымен күн тәртібінен тыс қаралған мәселе − Жамбыл облысында орын алған «Астана — Алматы» пойызы жолаушылар вагондарының жолдан шығып кетуіне қатысты тиісті мекеме өкілдері мән-жайдың анық-қанығын баяндап берді. Қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтау мақсатында жедел штаб құрылып, оның жұмысы жайында  «Қазақстан темір жолы» ҰК президенті Қанат Алпысбаев баяндады. «Бұған дейін пойыздың мұндай жолдан шығып кету оқиғалары болмаған. Теxникалық жағынан түсініксіз жайттар көп. Атап айтқанда, жолаушылар пойызы түзу жолда аударылып кеткен. Сосын ол жердегі теміржолдың диагностикасы ағымдағы жылы 6 маусым күні жүргізілді. Сол кезде ешқандай кемшіліктер анықталмаған. Негізі, рельстер және басқа да қосымша бөлшектер тек 60 пайызға пайдаланылған болатын», - деді Қ.Алпысбаев. Жолаушылар пойызының апаты кезінде 25 адам түрлі жарақат алып, бір жасөспірім көз жұмды. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қайтыс болған жасөспірімнің отбасына 2 405 000 теңге көлемінде өтемақы төлеген. Бұдан бөлек, жарақат алған азаматтарға 500 000 - 1 000 000 теңге аралығында өтемақы беріледі. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев орын алған оқиғаның нақты себептері анықталғанға дейін бақылауда болатынын жеткізіп, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағдарламасы бекітілді

Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту арқылы өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын бес жыл ішінде кемінде 2,5 есеге арттыру көзделген. Осы ретте етті және сүтті мал және құс шаруашылығын, суармалы жерлер мен қант саласын дамыту бойынша ұзақмерзімді салалық бағдарлама әзірленді. Аталған бағдарлама аясында қой және жылқы шаруашылығымен айналысатын 80 мыңнан астам отбасылық фермалар құру жоспарланған. Бұл ретте, жайылымдарды − 58 млн га-дан 100 млн га-ға дейін кеңейту, ірі қара малдың санын − 15 млн-ға дейін, қойлардың санын − 30 млн-ға дейін жеткізу көзделген. Аталған межеге қол жеткізу үшін алдымен қажетінше жер телімдерін бөліп беру, фермерлік шаруашылықтарға мал басын сатып алу үшін және де техника мен жабдықтарды сатып алуға жеңілдетілген несие беру қарастырылып отыр. Бұған қоса, жайылым инфрақұрылымын қалыптастыру арқылы біршама түйіткілді мәселенің оң шешім табуы көзделген. Ал сүтті мал шаруашылығы бағдарламасы бойынша отбасылық фермалардың санын − 380-нен 930-ға дейін, ірі сүт-тауар фермаларын 108-ден 170-ке дейін, сүт зауыттарының санын − 163-тен 174-ге дейін ұлғайту жоспарланған. Нәтижесінде сүт өндіру көлемін − 1 млн т-ға ұлғайту жоспарда бар. Құс шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында құс етін өндіру көлемі 4 есеге немесе 560 мың тоннаға дейін ұлғайтып, оның 150 мың тоннасы сыртқа экспортталмақ. Сонымен қатар, жұмыртқа өндіру көлемі 1,5 есеге артып, 2,5 млрд жұмыртқаны құрайды, оның 1,5 млрд-ды экспортталады деп болжануда. Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев өз баяндамасында биыл тұқым шаруашылығын субсидиялаудың жаңа тетігі енгізілетінін айтты. Оның аясында белгіленген нормалар бойынша фермерлердің тұқым сатып алуға жұмсаған шығындарын 100 пайыз өтеу қарастырылған. Ұлттық экономика минитрі Тимур Сүлейменовтың мәлімдеуі бойынша сырттан асыл тұқымды мал әкелу арқылы мал шаруашылығындағы жалпы өнімді − 200 млрд теңгеге яғни 10 пайызға арттыруға болады.

«7-20-25» бағдарламасына субсидия беріледі

Жиында Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың мемлекеттік жоспарлау жүйесі бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама мәртебесіне қайта бекіту туралы ұсынысын Үкімет мүшелері бірауыздан қолдады. Айта кетерлігі, келер жылдан бастап жалға берілетін үйлердің құрылысына қосымша 10 млрд теңге, ал инженерлік коммуникацияларды тартуға тағы 20 млрд теңге бөлінеді. Сондай-ақ, бұрын әкімдіктер салған үйлер тек Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына ғана берілсе, бұдан былай барлық азаматтарға қолжетімді болмақ. Аталған бағдарлама бойынша өңірлерде бір шаршы метрдің бағасы − 140 мың теңге. Ал Астана, Алматы, Ақтау мен Атырауда − 180 мың теңгеден аспауы тиіс. Сонымен қатар, баспана салу жағынан да бірқатар өзгерістер бар. Бұрын әкімдіктер тендер өткізіп, қолжетімді тұрғын үйлер салса, енді ол баспананы жеке меншік компаниялардан бірден сатып алуға болады. Бұған қоса, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы іске қосылғаннан кейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Қазақстанның ипотекалық компаниясы бұған дейін төлеп келген 10 пайыздық займдар енді тоқтатылды. Бірақ бүгінгі күнге дейін несие алған азаматтардың алаңдауына еш негіз жоқ. Аталған бағдарлама бойынша келісім негізінде қанша субсидия бөлінді, соның барлығы толығымен берілетін болады. Айта кетерлігі, алдағы уақытта субсидия тек «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілмек. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Ұлттық қордан бөлінген қаржы өңірлерге беріліп, ол қаражатқа үйлер салынғанымен халықтың оны пайдалануға мүмкіндігі жоғын сынға алды. «Сол себептен бірлесе отырып бұл сұрақтың барлығы шешімін табуы қажет. Инженерлік құрылымдарға бөлінбейтін қаржыны өңірлердегі әріптестер, жылдам уақытта шешулеріңізді сұраймын, өйткені егер де ол шешілмейтін болса үйлер әрі қарай тоза береді» - деді ол.

Алматы агломерациясын дамыту басты міндет

Алматы агломерациясын іске асыру барысы жайында ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Р.Скляр, Алматы қаласының әкімі Б. Байбек және Алматы облысы әкімінің орынбасары Л. Тұрлашов баяндады. Онда 2030 жылға дейінгі ұзақмерзімді жоспардың жобасы әзірленіп, 150-ден астам іс-шараны жүзеге асыру көзделген. Б. Байбек қала агломерациясы құрылған жоспарға сай орындалып жатқанын айта келіп, осы жылдың соңына дейін жекеменшік сектордың толықтай газбен қамтамасыз етілетінін жеткізді. «Алматы облысы әкімдігімен бірлесіп, неғұрлым маңызды бағытта – экология, көлік, туризм және қауіпсіздік бойынша нақты жобалар қамтылған Алматы агломерциясының 2030 жылға дейінгі ұзақмерзімді жаңа жоспарын әзірледік. Оны тиісті министрлікке жолдадық. Бірақ жоспар жобасының соңғы үлгісі әлі келісілмеді. Жобаның соңғы үлгісіндегі шараларды жеткілікті дәрежеде қаржылай қамтамасыз ету керек. Агломерацияның жоспарына сәйкес Алматы облысының әкімдігімен тиісті жұмыстар жүріп жатыр», - деді әкім. Оның айтуынша, Алматы айналма жолының құрылысы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген мерзімге дейін аяқталады. «Үлкен Алматы айналма жолына 6 радиалды жол салуға қаржы қарастырып, оны 2024 жылға дейінгі белгіленген мерзімін қысқартып, Елбасының белгілеген 2020 жылға дейін аяқтауды ұсынамыз», - деді әкім. Осы орайда, Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев 100 пайыз газбен қамтамасыз ету бойынша бірінші Алматынының газдандыру мәселесі қаншалықты шешім тапқандығын сұрады. Қала әкімі, газдың жеке үйлерге толық жеткенін, газ бағасы қымбат болған соң, оны қолдануға тұрғындардың келіспей отырғанын, бұл мәселені шешу үшін 4 компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Б.Сағынтаев энергия үнемдеу жобалары бойынша инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

19.11.2018

Энергия үнемдеу жобаларын іске асырудан түсетін жыл сайынғы үнем 3,5 млрд теңгені құрайды

19.11.2018

Үкіметте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

19.11.2018

Жыл басынан бері қазақстандық және шетел әуе тасымалдаушылары 13 жаңа бағытты ашты

19.11.2018

QazaqGeography съезі ұйымның жаңа кеңсесінде өтті

19.11.2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

19.11.2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу