Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой,

Түркістан ер түріктің бесігі ғой,

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Егемен Қазақстан
20.06.2018 207
2

Бұл баршаға белгілі, биыл туғанына 125 жыл толып, түркі жұрты төріне шығарып отырған Алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабайұлының әйгілі жыры. Жалпы, кездейсоқтық деген болмайды, биыл Түркістанды ең көп жырға қосқан Мағжан ақынның мерейлі датасымен бірге тұтас түркі жұртының тарихи бесігі Түркістанның да төрге озған жылы болып тұр.

Әуелі, Шымкент мегаполис, Түркістан облыс орталығы болады деген ақжолтай хабар жеткен болатын. Енді Елбасының арнайы Жарлығымен облыстың атауы Түркістан болып өзгергенін естіген жұрт­тың төбесі тіпті көкке жетіп отыр. Елімізде жаңа мегаполистің пайда болуымен бірге Түркістанның облыс орталығына һәм облыс атауына айналуы құтты болсын! Бұл – шын мәнінде түркі дүниесінің тарих сахнасында қайта түлеуі, рухани жаңғырудың үлкен жетістігі. Сананың сілкінуі, жадының жаңғыруы, ұлттық кодтың ұранға айналуы осы болса керек! 

Сөзді Мағжанның «Түркістан» атты атақты жырымен бастаған едік. Осы жырында дауылпаз ақын «Түркістан» деп бір қаланы меңзеп отырған жоқ; шабыты шалқар шайыр Тәңірінің несібіне, ер түріктің бесігіне, екі дүниенің есігіне балаған қасиетті жер ретінде түркілер елі – Тұранды айтып отырғаны анық. Оның айқын айғағын жоғарыдағы алғашқы шумақтан кейін іле-шала келетін «Ертеде Түркістанды Тұран дескен, Тұранда ер түрігім туып-өскен» деген жолдардан да анық көруге болады. Мұстафа Шоқайдың тұтас Түркістаны да Орталық Азияны толық қамтитын үлкен ұғым болатын. 

Тарихтың тамырына қан жүгіртіп қарар болсақ, Түркістан атауы ерте кезеңдерге бастап барады. Мұрағат іздері сонау Қытай қорғанынан Каспийге, Орал тауынан Ауғанстанға дейінгі ұлан-ғайыр аймақты Түркістан деп атағанына куәлік етеді. Түркістан жалпы, Орталық Азияда дәуірлеу дәуірімен бірге көтеріліп келе жатқан атау. Бұрын Тұран деп те аталған түркілер елі Түркістан – негізінен мұсылман-түркі өркениетінің де бесігі саналады. 

Кейін осы қасиетті атауды көшпелілер сана­сы­нан өшіру кезең-кезеңімен іске асыры­ла бастады. Түркістан ұғымын саяси шек­т­еу мақсатында Түркістан генерал губер­наторлығы құрылды. Сол тұста тарихи Яссы қаласы да бірте-бірте Түркістанға айналып кетті. Қаласының атауы әуелден «Әзірет Сұлтан, пир-і Түркістан» деп, Қожа Ахмет Ясауиды меңзеп айтылатын. Кейін ол «әзірет» деген діни сөзден жалаңа­ш­танып, Түркістан атауы қала берді. Шындап келгенде, бір жағы қате де емес. Себебі Түркістан идеясының рухани діңгегі Әзірет Сұлтан – Қожа Ахмет Ясауи екені де анық.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бұл ұғым қайта жаңғыра бастады. Елбасы­мыз Түркістанды түлету үшін көптеген ауқымды шаралар атқарды. Түркістанда күллі түркі жұртына ортақ Қ.А.Ясауи атындағы университет ашылуы да тарихи санамызға сілкініс әрі серпіліс берген болатын. Түркістан ұғымын дамыту үшін Президент Н.Назарбаевтың  Орталық Азия идеясын ұсынғаны да белгілі. Қазірет қонған қасиетті Түркістан еліміздің рухани астанасы ғана емес, ол – түгел түркі ту тіккен Тұран жұртының да қастерлі атауы екенін айттық. Сондықтан байырғы атауын жаңғыртып, Орталық Азияны да рухани-мәдени тұрғыдан Түркістан деп айтуымыз керек шығар. 

Осы орайда биыл наурыз айында бауырлас мемлекеттердің басшылары Астана төрінде қайта бас қосуының да негізінде Мағжан жырлаған ұлы ұғымның жатқаны анық. Міне, бүгін сол игі істердің жалғасы есебінде, облыс атауымен бірге Түркістан қайта түлеп, атаудың аясы кеңіп, қастерлі ұғым Ұлы Далада ту көтерді. Ол кешегі Алаш арыс­тарының ұлы мұраттарының қайта жаңғыруы, рухани серпілісі болатын.

Ежелден ел билеген игі жақсылар мен ғұлама-ғалымдардың құтты ордасы болған қастерлі қарашаңырақ, бүгінде елбасылар бас қосып, кеңес құратын, түркі әлемін түгендейтін іргелі орталыққа айналып келеді. Бұл тұрғыдан келгенде Түркістан қаласы түркі жұртына темірқазық мекен болған тұтас Түркістанның да тұтқасы болып саналады. Қарашаңырақ Қазақстан – түркі әлемінің іргелі орталығына айналып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев түркі әлемінің лидеріне баланып отыр. Осындайда есімізге Түркия Рес­пуб­ликасының экс-президентi Абдолла Гүлдің Түркiстанға арнайы келіп, Елбасы­мызға билiктiң ежелгi белгiсi – аса таяқты табыс ете тұрып, Мемлекет басшысын түркiтiлдес халықтардың көшбасшысы деп танитынын жеткiзгені есімізге түседі. Енді қайта түлеген Түркістан арқылы тарихи бір тамырлас жұрттар арасында еліміздің тұғыры тағы да биіктей түседі деп сенеміз.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.09.2018

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі болуы мүмкін бе? (ВИДЕО)

18.09.2018

11 жылдан кейін қайталанған тарихи кездесу

18.09.2018

Мемлекет басшысы қосарланған салықты болдырмайтын Өзбекстанмен арадағы келісімге өзгерістер енгізді

18.09.2018

Елбасы Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету заңына енгізілген өзгерістерге қол қойды

18.09.2018

Студент жастардың жатақхана мәселесі шешілуде

18.09.2018

Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

18.09.2018

Жеңімпаздар әлем чемпионатына барады

18.09.2018

«Астана» 4 қазан күні өз алаңында Францияның «Ренн» клубымен ойнайды

18.09.2018

Атырауға алғаш рет Елбасының көшпелі көрмесі келді

18.09.2018

Қостанай облысының оңтүстік өңірі егін орағын аяқтап келеді

18.09.2018

Бауыржан Қарағызұлы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

18.09.2018

Ақмола облысында 61 ІТ сыныбы ашылды

18.09.2018

Әлихан Смайылов Қаржы министрі болып тағайындалды

18.09.2018

«Адырна» республикалық әдеби-көркем ұлттық журналы аламан бәйге жариялады

18.09.2018

Статусты сәйкестендіру керек

18.09.2018

Қостанай облысында адасқан тырна аңшылық шаруашылығына тапсырылды

18.09.2018

Ақмола облысында 2870 орынды қамтитын 11 жатақхана салу жоспарлануда

18.09.2018

Әулиеата аймағында туризмді дамытудың нақты жоспары жасалды

18.09.2018

Құрылыс компаниялары қызығушылық танытуда

18.09.2018

Елімізде жұмыспен қамтылған жастардың саны - 2,1 млн адамды құрайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Búgingi qazaq áıeli

Qazaq áıeli qaı zamanda da qatparly taqyryp bolǵan. Epostyq jyrlar men ertegilerde, jyraýlar poezııasynda qazaq áıeliniń, qazaq qyzynyń asqaq beınesi áspetteldi, sulýlyǵy jyrlandy, jan dúnıesiniń izgilikti qasıetteri pash etildi. Baǵzydaǵy Tumar hanym men Umaı anadan bastap qazaq tarıhy da Domalaq ana, Aıpara ana, Qyzaı ana, beridegi Bopaı hansha men uly Abaıdyń ájesi Zere syndy ardaqty esimderge kenen bolyp kelgeni belgili. Qashannan-aq halyq qasıetiniń qormaly, ulttyń uıaty áıel bolǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу