Қазақстан • 20 Маусым, 2018

Елбасы тағдырлы және тағылымды шешім қабылдады - Серікбай Ибадуллаев

642 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашанда ұлт руханиятының алтын ұясы – оңтүстікке айрықша көңіл бөліп келеді. Өңір халқы да Мемлекет басшысының салиқалы саясатын қолдап, әрбір игі бастамасының жүзеге асырылып келе жатқанына куә болуда. 

Елбасы тағдырлы және тағылымды шешім қабылдады - Серікбай Ибадуллаев

Жуырда Шымкент қаласы тұрғындарының миллионға жетуіне байланысты жергілікті әкімдік пен мәслихат республикалық маңызы бар қала мәртебесіне қатысты бірлескен шешімге қол қойған болатын. Сондай-ақ облыс орталығын Түркістан қаласы ету жөніндегі ұсыныс та жасалды.

Әрине, бұл ізгі қадамдардың барлы­ғы жан-жақты сараланып, барлық мәсе­ле есептеліп-ескеріліп жасалып отыр. Өңірдегі демографиялық өсімді, әлеу­мет­тік-экономикалық даму деңгейін сарап­таған Елбасы Шымкенттің мегаполис атанатынын осыдан 3-4 жыл бұрын айтқан болатын. Енді міне Ұлы түркі бабаларымыздың түпқазығы саналатын қасиетті өлкені – Түркістан облысы деп атау жөніндегі Елбасының көреген шешімі өңір халқын қуантып отыр. «Түркістан» атауы Ұлы Даланың дәуірі мен дауысын бүгінге жеткізіп тұр.

Түркістан – рухты жігерлендіріп, Алашты арқаландырып, тағдырлы кезеңдерде қазақ дейтін халықты сақтап, берекесін арттыра білген, хандар мен билердің, батырлардың мәңгілік мекеніне айналған қасиетті жер. Түркістанның облыс орталығы ретінде даму мүмкіндігі мол екенін сеніммен айта ала­мын. Оның даму әлеуетінің жоғары екен­дігіне ілгеріде осы қала әкімінің орын­­басары қызметін атқарып жүргенде көз жет­­кізген болатынмын. Түркістанның 1500 жылд­­ық мерейтойында штаб басшысы ретін­­де де қаланың өсіп-өркендеуіне өз үле­сім­д­і қостым. Туризм саласы бойынша да қаланың әлеуеті мол және облыс орта­л­ығы ретінде әлемдік аренада еліміздің беделін, мәртебесін көтеретініне сенімдімін.

Түркістанға, облыстың атауына қатысты Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаев тағдырлы және тағылымды шешім қабылдады. 

Серікбай ИБАДУЛЛАЕВ,

облыстық мәслихаттың

депутаты, «Құрмет» орденінің иегері

ШЫМКЕНТ