20 Маусым, 2018

Қармақшылық мектеп бітіруші түлектер ҰБТ тапсыруды бастады

796 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін еліміздің барлық өңіріндегідей ауданымызда да мектеп бітіруші түлектер Ұлттық Бірыңғай тестілеу сынағын тапсыруды бастады.

Қармақшылық мектеп бітіруші түлектер ҰБТ тапсыруды бастады

Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде басталған ҰБТ сынағына қатысушыларды аудан әкімі Сұлтан Мақшов пен ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Мүсілім Мирамғали құттықтап, сәттілік тіледі. Жосалы кентіндегі №250 мектеп-лицей базасында орналасқан Ұлттық Біріңғай Тестілеу орталығында 268 бітіруші бағын сынаса, ертең  Ақай ауылындағы №99 мектеп базасында, Байқоңыр қаласындағы мектеп бітірушілерді қосқанда 192 оқушы арнайы жабдықталған аудиторияларда ұлттық біріңғай тест тапсыратын болады. Биылғы оқу жылында ауданда «Алтын белгіні» 25, «Үздік аттестатты» 17 мектеп бітіруші иеленді.  

Биылғы мектеп бітіруші түлектері арасында аудан орталығындағы 7 және елді мекеннің 10 мектеп түлектері №250 метеп-лицейдегі ҰБТ орталығында тест сынағын тапсырса, ертең Ақайдағы №99 орта мектептегі ҰБТ орталығында Байқоңыр қаласы мен Төретам кенті және Ақай ауылдық округі мектеп бітіруші түлектері тест сынақтарын тапсырады.