ӘЧ: «Неміс машинасы» атағын қорғай ала ма?

Футболдан Германия құрамасы осыдан төрт жыл бұрын Бразилияда өткен әлем чемпионатында топ жарып, сол атағын қорғау үшін Ресей жеріне нық сеніммен келді. Тіпті германиялық футболшылар бір жыл бұрын өткен Конфедерация кубогында бас жүлдені жеңіп алып, «неміс машинасы» әлі де істен шықпағанын тағы бір рет дәлелдеді.

 

Егемен Қазақстан
21.06.2018 4130
2

Бундестим – жер шарындағы жүлдесі ең көп құраманың бірі. Гер­маниялықтар бұған дейін әлем чемпионатында төрт рет же­ңімпаз атанса, (1954, 1974, 1990, 2014), үш рет Еуропада теңсіз деп танылған (1972, 1980, 1996). Сонымен қатар Германия құ­ра­масының еншісінде әлем бірін­шілігінің төрт күміс және төрт қола медалі бар. Еуропа чемпи­онатында үш күміс және үш қола жүлде жеңіп алған.

Йоахим Лев шәкірттері биыл­ғы доп додасының басты фа­во­рит­тері саналады. Жалпы, гер­ма­ниялықтар әр чемпионат сайын жүлдеге үмітті құрама саналады. Бірақ бұл жолғы құрамаға үміт ерекше артылып отыр. Өйткені биыл Лев Германияның ең үздік деген футболшыларын таңдап алды. Әлем біріншілігі алдында Еуропаның футбол сарап­шылары, «Егер Германия құ­ра­масы бұл чемпионатқа екі құраммен келсе, екеуі де топтан шығып, финалға дейін жетуге мүмкіндіктері бар», деп жазған еді. Естеріңізде болса, бундестим былтыр Конфедерация ку­богына эксперименттік құ­ра­м­мен қатысқан болатын.

2014 жы­лы Бразилия төрінде өт­кен чем­пионатқа қатысқан фут­бол­шылардың тек бір-екеуі ғана жүрді. Ал биылғы тізімге «не­міс машинасының» бірнеше мық­ты футболшысы енбей қал­ды. Мысалы, 2014 жылы Бразилиядағы ала доп бәйгесінде Гер­мания құрамасының «Алтын добын» соққан 26 жас­тағы Марио Гетце Левтің негіз­гі тізімі бы­лай тұрсын, чем­пи­онатқа дей­інгі кеңейтілген құра­мы­на да ілінбеген. Сонымен қа­тар «Ар­се­налдың» негізгі қор­ғау­­шысына ай­налған Шкодран Му­с­­та­фи мен шабуылшы Андре Шюр­р­ле де төрт жылдықтың бас­­ты бә­се­кесіне қатыса алмады. Есе­­сі­не, жыл бойы жарақатына бай­­ла­ныс­ты жасыл алаңға шық­па­ған қақпашы Мануэль Нойерді құ­рамаға шақыртты.

Жалпы, Германия әлем чемпионатына үздіксіз қатысып келе жатқан XXI ғасырдың ең тұрақты құрамасы саналады. Мысалы, 2002 жылы финалға, 2006 және 2010 жылдары жартылай финалға дейін жетсе, 2014 жылы бас жүл­дені қанжығаларына байлады. Де­генмен, ескере кететін бір жа­йт бар. Әлем чемпионатына же­ңіс­ке жеткеннен кейін келесі біріншілікке дайындалу, атақты қорғап қалу құрамаларға қиынға соғады. Яғни, чемпиондыққа қол жеткізу оңай болмауы мүмкін, бірақ оны қорғап қалу қиынның қиыны.

Өйткені барлық құрама тек жеңімпаз құрамаға қарсы дайын­далып, жеңіске жету үшін барын салатыны анық. Осы­ған бай­ланысты, мысалды алыстан із­демей-ақ, өткен чемпио­нат­тар­дың тарихына зер салсақ, соның өзі жеткілікті. 1998 жылы әлем чемпионы атанған Франция құ­ра­­масы келесі біріншілікте топтан шыға алмаса, 2006 жылы жа­һанда теңсіз деп танылған Италия да келесі додада топтық кезеңнен әрі аса алмады. Ал 2008 жылы Еуропа чемпионатында, екі жылдан соң әлем біріншілігінде же­ңіске жеткен Испания футболшы­лары төрт жыл бұрынғы ала доп аламанында қалай мас­қа­ра болып жеңілгені футбол жан­күйер­лерінің әлі күнге дейін есін­де шығар.

Сенсацияға толы Ресейдегі әлем чемпионатының алғашқы кез­десуінде-ақ «неміс машинасы» «сыр берді». Мексика құрамасына қар­сы өткен ойында германиялық фут­болшылар күтпеген жерден 1:0 есебімен есе жіберді. Бі­рін­ші турдан кейінгі турнир кес­тесінде Германия соңғы орында келеді. Осы біріншілік ал­дында Германия құрамасы ал­ғаш­қы турда жеңіліп, топта соңғы орынға түсіп қалады де­се футбол жанкүйерлері тү­гіл, бундестимнің футболшыла­ры да сенбейтін еді. Енді «не­міс машинасы» 23 маусымда Швецияға, 27 маусымда Оңтүстік Корея құрамасына қарсы ойын өткізеді. Егер осы кез­десуде де немістер жеңіске же­те алмаса, жоғарыда біз атап өт­кен чем­пи­ондар сияқты әлем чем­пи­­онатындағы жорығын топтық ке­зеңінен-ақ аяқтауға мәжбүр бо­лады.

Германия құрамасының тізімі:

• қақпашылар: Мануэль Нойер («Бавария»), Кевин Трапп (ПСЖ), Марк-Андре тер Штеген («Барселона»);

• қорғаушылар: Марвин Платтенхардт («Герта»), Йонас Хектор («Кельн»), Маттиас Гинтер («Боруссия М»), Антонио Рюдигер («Челси»), Матс Хуммельс, Никлас Зюле, Жером Боатенг, Йозуа Киммих (бәрі – «Бавария»);

• жартылай қорғаушылар: Сами Хедира («Ювентус»), Юлиан Дракслер (ПСЖ), Тони Кроос («Реал»), Месут Озил («Арсенал»), Марко Ройс («Боруссия Д»), Леон Горецка, Сабастьян Руди (екеуі де – «Бавария»), Юлиан Брандт («Байер-04»), Илкай Гюндоган («Манчестер Сити»);

• шабуылшылар: Марио Гомес («Штутгарт»), Тимо Вернер («РБ Лейпциг»), Томас Мюллер («Бавария»).

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Egemen Qazaqstan алғашқылардың бірі болып Chartbeat құралын пайдаланады

13.11.2018

Жаңақорған ауданында 116 бас қой белгісіз аурудан қырылып қалды

13.11.2018

Қызылордада қауіпті аймақтар анықталып, даярлық мәселелері күшейтілді

13.11.2018

Ақтөбеде жоғары жылдамдықтағы интернет желісі ұлғаяды

13.11.2018

Елбасы Астана клубының төртінші отырысына қатысты

13.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті

13.11.2018

«Айша бибі» мен «Ақыртас» әлемдегі ерекше туристік нысандардың тізіміне енді

13.11.2018

Павлодарда Португалиялық профессор студенттерге дәріс беріп жүр

13.11.2018

Т.Сүлейменов ел өңірлеріндегі жылу бағасының әртүрлілігін түсіндірді

13.11.2018

Тайваньда таеквондодан Президент кубогі додасы аяқталды

13.11.2018

Елордалықтар 14 қарашада жалпыхалықтық диктант жазуға қатысады

13.11.2018

Үкіметте 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

13.11.2018

Б.Сағынтаев өңірлердегі халықтың нақты табысының көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды

13.11.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтар адамдардың қажетіне жарай бастады

13.11.2018

Шымкентте 5 000 000 теңгеге бағаланған көгершін көрмеге қойылды

13.11.2018

Қызылорда облысында газ құбыры құрылысы басталады

13.11.2018

Елбасы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті

13.11.2018

Венгрияда синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы бірінші орынды иеленді

13.11.2018

Тарифтерді көтерген монополистер заң алдында жауап береді

13.11.2018

Алматыда мектеп оқушылары арасында шешендік өнер байқауы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу