Мәуліт Чауышоғлу, Түркияның Сыртқы істер министрі: Астана – Қазақстанның жарқын болашағының бойтұмары

Түркияда осы жексенбіде Президент және Парламент сайлауы болады. Тарихы тамырлас, туысқан елдің аса маңызды саяси науқанды сәтті өткізуіне тілектестігімізді білдіре отырып, біз Түркия Республикасының Сырт­қы істер министрі Мәуліт ЧАУЫШОҒЛУМЕН елдеріміздің  арасындағы екіжақты байланыстар мен Астана қаласы турасында өрбіген сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.  

Егемен Қазақстан
22.06.2018 2672
2

­­– Құрметті министр мырза, Сіздің ойы­ңызша бауырлас мемлекеттер – Қа­зақстан мен Түркия арасындағы ын­ты­­мақ­­тастық бүгінгі күні қалай дамып жа­тыр?

– Былтыр бауырлас мемлекет – Қа­зақстанмен дипломатиялық байланыс­тар орнатылуының 25 жылдығын айрық­ша атап өттік. Түркі әлемінің ли­дері – Президент Н.Назарбаевтың кө­реген бас­шылығымен Қазақстан дамудың даң­­ғыл жолындағы нық қа­дамдарымен әлем­дік сахнада сыйлы орын­ға ие болды. Қазақ­станның осы жетіс­тіктеріне біз де айрық­ша қуа­ныш­­тымыз. 

Бауырлас елдер арасындағы байланыстар сауда-экономикалық, қорғаныс өнер­кәсібі, энергетика, байланыс, білім, мәдениет және туризм тәрізді әртүрлі салаларда нығайып жатыр. Түрік компаниялары Қазақстан экономикасына барлығы 3,2 миллиард доллар тікелей инвестиция құйды. Екі елдің сауда көлемі былтыр алдыңғы жылға қарағанда 23%-ға артып, 2,4 миллиард долларға жетті. Бұл көр­сеткіштерді одан әрі арттырып, мемлекет басшыларымыз атап көрсеткен 10 миллиард долларға жеткізудің мүмкіндіктері қарастырылуда.

Oртақ тарихи және мәдени тамыр­ластығы бар мемлекеттер арасындағы бай­ланыстар қарқынды дамып келеді. Қазақстандық туристердің Ан­талья сияқты өңірлерімізді таңдауы қуан­тады. Сон­дай-ақ қазақстандық жастар Түр­кия­ның жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. 

– 2009 жылы Қазақстан мен Түр­­­кия арасында Стратегиялық серіктес­тік келісіміне қол қойылған соң мем­лекет­теріміз арасындағы байланыс­тар жа­ңа сатыға көтерілді деп айтуға бо­лады. Осы­дан кейінгі өзгерістерге тоқ­тал­ып өтсеңіз. 

– Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылы Түркияға келген кезде қол қойылған Стратегиялық серік­тестік келісімінен кейін елде­ріміз арасында Жоғары деңгейлі стра­тегия­лық ынтымақтастық кеңесі құ­рылды. Ал­ғашқы жиыны 2012 жылы президент­тер басшылығымен министрлерден құрылған делегация­лар арасында өткізіліп, ынты­мақ­тастықтың түрлі деңгейлері қарас­ты­рылған ауқымды серіктестік меха­низмін құрады. Биыл жазда Түркияда үшінші жиы­ны өткізілуі жоспарланған Кеңес барысында ақсақалымызды қонақ ету біз үшін үлкен мәртебе деп ойлаймын.

Стратегиялық байланыста­ры­мыз­­дың негізгі локомотиві – жоғары дең­гей­лі саяси қарым-қатынастар мен сау­да ынтымақтастығы. Геосаяси тұр­ғы­дан Еура­зияның кіндігінде орналасқан бауырлас Қазақстанмен қазіргі ынтымақ­тастығымызды, әсіре­се коммуникация және энергетика тасымалдау салаларында жүзеге асы­руға барлық мүмкіндіктер бар. Кас­пийден өтетін Орта дәліз бастамамызбен былтырғы жылдың қазан айында ашылған Баку – Тбилиси – Карс темір жолының Ақтау және Құрық порттары арқылы Қазақстан темір жол желісіне қосылуы тек қана екі мемлекет емес, сонымен қатар сол өңірдің экономикалық және сауда байланыстарындағы әлеуетті қолдану жолында маңызды қадам.

Еліміз Каспий бассейнінің әлем­мен интеграциясын жүзеге асыру мақса­тында сол өңірдегі мемлекеттермен ынтымақтастық құрып, үлкен жобаларды жүзеге асырып жатыр. Баку – Тбилиси – Жейхан мұнай және Баку – Тбилиси – Ерзурум табиғи газ құбыр желісімен Баку – Тбилиси – Карс темір жолынан кейін 12 маусымда ашылу рәсімін өткізген ТАНАП жобасы осы бастамалардың ең соны үлгісі. Каспий ресурстарын тиімді маршруттармен әлемдік нарыққа жеткізу арқылы аймақта ынтымақтастық және екіжақты сенімнің дамуына үлес қосатынына кәміл сенеміз.

– Биыл Қазақстанның елордасы Астананың 20 жылдығы. Астананың са­­лынуына түрік мердігерлердің зор үлес қосқаны белгілі. Жыл сайын өсіп-өніп келе жатқан Астананың ха­лықаралық аренадағы және түркі әле­мі үшін маңызына тоқталып өт­сеңіз. 

– Aстананың елорда болуының 20 жылдығымен барша қазақ бауырларымызды құттықтаймын. Астананың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бас­шы­лы­ғындағы тәуелсіз, заманауи­ және гүлденген Қазақстанның жарқын бо­лашағының бойтұмары бола бере­ті­ніне сенімдімін. 

Aстана елорда болып жарияланған күн­нен бастап қарқынды дамып, тәуел­сіз Қазақстанның символына ай­­нал­ды. Қаланың дамуына түрік іс­кер­лері­нің, сәулетші, инженер және жалпы жұ­мыс­шылардың үлкен үлес қосқанын мақтаныш етеміз. Түрік компаниялары Бейбітшілік жә­не келісім сарайы, Хазірет Сұлтан ме­шіті, Назарбаев Университеті кампусы, Қазмедиа орталығы тәрізді қа­ла­ның көркіне айналған маңызды ғи­мараттардың құрылысында қолтаңба қал­­дырды. Қазір елордада бой көтер­ген ғимараттар – Қазақстанның біздің компанияларға деген сенімімен қатар, екі елдің бірлесе атқарған ортақ жұ­мы­сы нәтижесінде пайда болған синер­гияның нақты үлгісі.

Aстананың жаһандық және аймақ­тық мәселелер қарастырылған маңызды дипломатия орталығына айналуын да үлкен ризашылықпен бақылап отырмыз. Сирия тақырыбындағы Астана кездесулерімен қатар, былтыр қыркүйек айында Президент Ердоғанмен бірге біз де қатысқан Ис­лам Ынтымақтастығы Ұйымының Бірінші ғылым және технология сам­миті тәрізді халықаралық шаралар Астана мен Қазақ­станның оң имиджін ны­ғайта түседі.

Қазақстанның осы жетістіктерінде тәуелсіздік алғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев басшылығымен жүргізілген диалог пен бейбітшілікті көздейтін бел­сен­ді сыртқы саясаттың маңызы үлкен. 

– Елдеріміз арасындағы байланыс­тарды нығайтудағы мемлекеттер басшыларының үлестері туралы ой­ла­рыңызбен бөліссеңіз. 

– Екі лидер арасындағы шынайы достық мемлекетаралық байланыс­тардың одан әрі тереңдеуіне үлкен үлес қосады. Қос ел арасындағы жоғары деңгейлі іс­сапар­лардың жиілігі осының бір көр­сеткіші. Астанадағы Сирия кездесулері екі мемлекеттің Сирияда соғыстың тоқтауын қамтамасыз ету, бейбіт өмірді қайта құру ісіне қосқан үлесінің ең басты мысалы.

Мемлекеттеріміз БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК тәрізді көпжақты платфор­маларда да бір-біріне қолдау көр­сетіп, дәнекерлік, мә­дениеттер және өркениеттер диалогы, терроризм және экстремизммен күрес, гуманитарлық көмек тәрізді салаларда ынтымақтастық жүргізуде. Елі­міз Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелігіне сай­лануына да қолдау көрсетті. 2016 жылы Ыстанбұлда өткі­зілген ХІІІ Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының саммитінде екі президент та­рапынан қабылданған «Ислами жақындау» тақырыбындағы декларация – мұсылман мемлекеттер арасында шыдамдылық пен диалогтың нығайтылуына назар аударған маңызды бастама.

– Tүркі әлемінің ортақ ұйым­дарында мәдени құндылықтар мен тари­хи негізге байланысты маңызды жұмыс­тар жүргізілуде. Құрметті министр мырза, түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығының келе­шегіне, Қазақ­станның осы тұр­ғыдағы рөліне қандай баға бересіз? 

Tүркі кеңесі, ТҮРКСОЙ, Халық­аралық Түркі академиясы және Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры түркі әлемінің ортақ құндылықтарын дә­ріп­теу тұрғысынан өте пайдалы іс­тер атқарып жатыр. Түркі әле­мін мә­дени тұрғыдан қолдаған ұйым­дар құрылғанына көп уақыт өтпе­се де, қарқынды және табысты істе­рімен ортақ мақсатымызды паш ету тұр­ғысынан пайдалы іс-шараларды жүзеге асырды. 

Tүркі әлемінің лидері Нұрсұлтан Назарбаев аталған ортақ ұйымдардың құ­ры­луы мен әрі қарай дамуына көрсеткен қол­дауы мен бастамалары арқылы көшбасшы рөлге ие болуда. ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы қызметін Қазақстан азаматы Дүйсен Қасейінов атқаруда. Tүркі кеңесінің кезекті Бас хатшысы Бағдат Әмреев болады деп ше­шілді. Түркия Қазақстанның және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы бағыттағы жұмыстарын әрдайым қолдап келеді. 

Атқарылатын шаруа әлі де жет­кілікті. Осы ретте тілі, діні және мә­дениеті ортақ елдеріміз арасындағы та­рихи, мәде­ни және гуманитарлық байланыстарды нығайту мақсатымен құрылған бұл ұйымдарға бұдан да үлкен қолдау көрсету қажет деп ойлаймын. Қазақстанның ортақ ұйымдарға қолдауының одан әрі жалғасын табатынына, арта түсетініне сенімім мол.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен
Қамбар АХМЕТ,
«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Д.Қыдырәлі – Түлкібас ауданының құрметті азаматы

20.09.2018

Мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасы құрылады

20.09.2018

Қостанайда жалпықазақстандық диктантқа 4 сынып оқушысы қатысты

20.09.2018

Павлодарда Google компаниясының қызметкері Қуат Есеновпен кездесу өтті

20.09.2018

Әділ Дүйсенбек. Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

20.09.2018

2018 жылдың 8 айында 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

20.09.2018

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі басталды

20.09.2018

Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасы жолжүктерді ашудың 80 дерегін анықтады

20.09.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

20.09.2018

GGG үздіктер тізімінде төмендеді

20.09.2018

Қазақстан құрамасын Кака баптайды

20.09.2018

Сапа менеджментін енгізу бәсекеге қабілеттілікті нығайтады

20.09.2018

Елімізде 1 қазаннан бастап депозит шарттары өзгереді

20.09.2018

Машина жасаушылар форумына әлемнің 20 елінен 1000-нан астам делегат қатысады

20.09.2018

Жеңімпаз қыздың қайырымдылығы көпке үлгі

20.09.2018

Б. Сағынтаев Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі Үкіметтік кеңестің отырысын өткізді

20.09.2018

Экс-чемпион бокс мектебінің директоры болып тағайындалды

20.09.2018

 Жаңа заң – жаңа үміт

20.09.2018

Мөлдірдің мөлдір әлемі

20.09.2018

Көкшетау тұрғыны тираждық лотерея ойынының миллионері атанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу