АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы қайта жанданды

АҚШ пен Қытай арасындағы сау­да соғысы қайта жанданып, жаңа фазаға ауысты. Саясаттан гөрі сауданы ма­ңыз­дырақ көретін АҚШ-тың бизнес қауымдастығының өкілі саналатын президент Дональд Трамп өткен аптада отандас өнеркәсіпшілерінің мүддесін қорғау мақсатымен АҚШ-қа енгізілетін Қытай тауарларына 25 пайыздық баж салығын арттыру туралы шешімге қайта оралып, ақыры оған қол қойды. Сөйтіп Америка бюджет түсімін 50 млрд долларға арттыруды да көздеп отыр.

Егемен Қазақстан
22.06.2018 6392

Бұл салық америкалық технологиялар мен зияткерлік мен­шік­ті Қытай тарапына беруде әділет­сіздікке тосқауыл болады, сөйтіп амери­калықтардың жұмыс орны сақталатын болады», деді Д.Трамп Ақ үйде осы құжатқа қол қояр кез­де.

«Еруліге қарулы» дегендей, бұл шараға Қытай тарапы «Синьхуа» агент­тігі арқылы бірден жауап беріп, Сауда министрлігінің өкілі оны «АҚШ сауда соғысын бастауға итермелеп отыр» деп бағалады. «Біз де сол масштабта және сол көлемде баж салығын енгіземіз. Осыған дейінгі барлық экономикалық және сау­да келісімдері күшін жоятын болады» деді ол. 

Бәрі де алдын ала есептеліп, дайын тұрған болуы керек, өткен аптаның соңында Қытай баж салығын 50 млрд АҚШ долларына арттыратын Қытайға жеткізілетін АҚШ тауарларының тізімін де айтып үлгерді. Осы жолы оның қатарына ауыл шаруашылығы тауарлары да енгізіліпті. Ал бұлар Трампқа дауыс беретін АҚШ-тың ауылшаруашылық аймақтарындағы сайлаушылардың мүдделеріне қайшы келетін болды. Сөйтіп Трамп ескермегенімен Қытай жағы сауданы саясаттың құралына қалай айналдыруды ескеріп отырған сияқты.

«Америка дауысының» айтуы­на қарағанда, АҚШ-тың Сауда министрлігі Қытайдың АҚШ-қа енгізілетін 1102 тауарының тізімін жариялап, осылардың бәріне 6 шілдеден бастап баж салығы 25 пайызға артатынын мәлімдеген. «Бұлар негізінен Қытайдың «Қытайда жасалған – 2025» техно­логиялық бағдарламасына үлес қоса­тын өнеркәсіп секторының өнімдері. Олар авиа-ғарыштық технологияларды, ақпарат және технологияны, роботтехниканы, жаңа материалдар мен автомобильдерді қамтиды» делінген мәлімдемеде. 

Бір қызығы салық ұялы телефон­дар мен телевизорларға артты­рыл­маған. Ал Қытайдың бұл тауарларын америкалықтар қызыға алып жа­та­ды.

Айта кететін жайт, америкалық­тардың сәуір айында жасаған алғаш­қы тізімі 1333 тауар­дан тұратынын айт­қан болатынбыз. Бірақ одан кейін мамыр айында келісім болып, екі жақ та «сауда соғысын» тоқ­тату­ға келіскенін «ЕҚ-ның» 24 мамырындағы нөмірінде жазған едік. («ЕҚ»., «Сауда соғысы аяқталды»., 24.05.2018 ж). Арада ай өтпей «со­­ғыстың» қай­та басталғандығының өзі ұсақ мемлекеттер ғана емес, алыптар арасындағы тұрақтылықтың да құ­былып тұрғанын көрсетіп тұр.

Америкалықтар 6 шілдеден бас­тап күшіне енетін шешім алдымен 818 түрлі тауарды қамтып, ол бюджетке 34 млрд доллар қосымша кіріс түсіретінін айтып үлгерді. Екінші кезеңде 284 түрлі тауарлар енгізіледі екен, бұлар сәуір айында жасалған тізімде болмағандар. Бұлардың дені «Қытайда жасалған – 2025» технологиялық бағдарламасын іс­ке асыруға бағытталған тауарлар. Сөй­тіп  АҚШ өз қарсыласының тех­но­логиялық тұрғыдан өркендеуіне кедергі кел­тіретін ыңғай танытып та отыр. 

АҚШ президентінің сауда жө­ніндегі кеңесшісі Питер Наварро бұған дейінгі АҚШ пен Қытай арасындағы келіссөздер ешқандай прогресс әкелмегенін, сондықтан да америкалықтардың мүддесін қорғау үшін осы шараның жасалып отырғанын айтты. «Президент америкалықтар үшін осы қадамға барып отыр, өйткені бұл біздің технологияларымыз бен зияткерлік мен­шіктерімізді Қытайдың пайдаланып кетуінен сақ­тайды» деді ол. 

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.07.2018

Елорда тұрғындары кітап алмасты

22.07.2018

«Цифрлық Қазақстан»: Үкімет басшысы отандық АТ-компаниялармен мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселесін талқылады

22.07.2018

Шолпан-Атада Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті

22.07.2018

Тары өндірісі тасада қалмасын десек...

22.07.2018

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға арналған баспасөз мәслихаты өтті

22.07.2018

Білім гранттарының 70 пайызы «ІТ» мамандықтарына бөлінеді

22.07.2018

Қызылордада 18 ауылшаруашылық кооперетиві құрылды

22.07.2018

Шемонаиха тұрғындарына баспана кілті тапсырылды

22.07.2018

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

21.07.2018

Денистің дара жолы

21.07.2018

ЖСҚ-ны әзірлеу ісі сылбыр

21.07.2018

Атыраулықтар Денис Тенмен қоштасты

21.07.2018

Тараз қаласына Денис Тенді еске алуға арналған баннер орнатылды

21.07.2018

Денис Тенді еске алу шаралары Өскемен мен Семейде өтті

21.07.2018

АҚШ-тың атақты хореографтары Астанада шеберлік сыныптарын өткізеді

21.07.2018

Қостанай облысында жыл басынан бері қылмыс азайған

21.07.2018

Астанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті

21.07.2018

Алматылықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды

21.07.2018

Қостанай облысында жаз басталғалы 12 адам суға кетті

21.07.2018

Астаналықтар Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жұмыс таба алады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Атақ қымбат па, абырой қымбат па?

Бүгінде қандай жолмен келсе де атақ үшін есі кете, есерлене қимылд­ай­ты­ны­мыз­ды бәрі біледі. Айта­лық, жуырдағы бір мереке күндерінде орден сатылыпты. Бұл орденнің атауы қандай дерсіз – «Қазақстанның құрметті азаматы».

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу