Аймақтар • 22 Маусым, 2018

Солтүстік Қазақстанда бұршақ жаууы мүмкін

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 

Солтүстік Қазақстанда бұршақ жаууы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында  23 маусымда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр айналасында болады, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, дауыл тұруы мүмкін, бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде түнде және күндіз тұман түседі.

Петропавлда 23 маусымда жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел соғып, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және күндіз тұман түседі. Қостанай облысында 23 маусым күні кей жерлерде найзағай жарқылдап, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғуы мүмкін. Бұршақ жаууы ықтимал.

 

Соңғы жаңалықтар