Қазақстан • 22 Маусым, 2018

Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық ынтымақтастығы нығая түспек

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федерация Кеңесінің арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының 12-ші отырысы аясында Қазақстан мен Ресей парламенттері жоғарғы палаталарының делегациялары Алтай өлкесіндегі Белокуриха қаласында кездесу өткізді, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі. 

Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық ынтымақтастығы нығая түспек

Тараптар Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында шекара маңындағы ынтымақтастықты және туризмді дамыту мәселелерін талқылады. Делегация мүшелері Қазақстан мен Ресей қатынастарындағы цифрлық күн тәртібі туралы баяндама тыңдады.

Екі елдің сенаторлары екіжақты байланыстарды нығайту үшін парламентаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Тараптар талқыланып отырған мәселелерге көзқарастардың ортақтығы туралы айта келіп, өзара іс-қимылдың барлық салалары бойынша ынтымақтастықты жалғастыру туралы айтты.

Қазақстан делегациясының басшысы, Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары, Сенат пен Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның тең төрағасы Сергей Громов кездесудің нәтижелі болғаны туралы айта келіп, ресейлік әріптестерді Комиссияның келесі 13-ші отырысын өткізуге Қазақстанға шақырды.

Соңғы жаңалықтар