Қазақстан • 24 Маусым, 2018

Бүгін Түркияда президент және парламент сайлауы өтеді

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Түркияда президент және парламент сайлауы өтеді, деп хабарлайды «Анадолу» агенттігі. 

Бүгін Түркияда президент және парламент сайлауы өтеді

Түркиядағы сайлауда барлығы 56 млн 322 мың 632 сайлаушы дауыс береді. Сайлау учаскелерінде 180 065 жәшік орнатылады. Шетелдегі Түркия азаматтары 19 маусым күні дауыс беріп қойған. Түркияда сайлау учаскелері 24 маусым күні таңғы сағат 08-00-ден бастап ашылады. Дауыс беру аяқталған соң алдымен президенттікке кандидаттар үшін берілген дауыстар саналады.

Шетелде тіркелген сайлаушылар Түркия шекарасындағы өткізу пунктінде дауыс бере алады. Анкара үш сайлау округіне бөлінген және ел тұрғындары 11392 сайлау учаскесінде дауыс береді. Анкарада сайлауда қауіпсіздікті 16 мың полиция қызметкері қамтамасыз етеді. Сондай-ақ қауіпсіздік шараларын нығайту мақсатында 40 арнайы полиция техникасы мен 35 брондалған автомобильдер және тікұшақтар мен дрондар жұмылдырылған.  


 

Соңғы жаңалықтар