Аймақтар • 24 Маусым, 2018

Төтенше жағдай қызметіне 28 көлік берілді

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті су жаңа 28 техникаға ие болды. Бұлардың бәрі де арнайы дайындалған, жол талғамайтын, төтенше жағдай кезінде халыққа дер кезнде көмек көрсетуге арналған көліктер.

Төтенше жағдай қызметіне 28 көлік берілді

Айта кету керек, төтеншеліктерге бұл сыйлық Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында беріліп отыр. Көліктер Орал қаласында жақында ғана Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атауы берілген алаңда салтанатты жағдайда табыс етілді. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов сала мамандарына жаңа көліктердің кілтін табыс ете тұрып, «төтенше жағдайлар саласын қажетті техникалармен жабдықтау болашақта да жалғасады» деп атап өтті.

Төтеншеліктердің автопаркіне қосылған 28 жаңа арнайы көліктің 18-і – АСА (Уаз 390995-460-04), үшеуі – АЦ 5-40 Урал 4320, біреуі – АЛ-32 Камаз 43118, алтауы – «Hyundai» маркалы жедел көлік екен.

Қазыбек Құттымұратұлы,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан