Мұхтар Әуезовтің ҚазПИ-дегі қызметі

Қазақ елінің тарихында ХХ ғасырдың алғашқы ширегі ауқымды саяси, экономикалық, мәдени, әдеби, әлеуметтік өмір саласында зор өзгерістер алып келген айрықша кезең болды. Үш ғасырға созылған отаршылдық қамыттың бұғауынан босауды мақсат тұтып, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» деп атой салған жылдар да осынау дүрбелең кезеңнің еншісінде. Елдік сананың ояну дәуіріне айналған сол заманда халқымыздың өмірінде үлкен рухани серпіліс болып, бүкіл қазақ зиялылары таптық емес, ұлттық мүддедегі мемлекет құру жолында қайраткерлік танытып күресті. Соның бір нәтижесі ретінде алғаш Ташкентте ашылған білім ордасы қазақтың жаңа астанасы Алматыда 1928 жылы қайта тұсауы кесіліп, жұмыс істей бастады. Бұл сол уақыттағы көзқарас тұрғысынан қарағанда қазақ топырағындағы бүкіл ел үшін аса маңызды оқиға болды. Сонымен бірге қазақ зиялылары үшін ол үлкен жеңістің бірі де еді. Міне, биыл сол баяғы қарт ҚазПИ-дің (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) 90 жылдық мерейтойы мерекесі қоңыр күзде аталып өтілмек.

Егемен Қазақстан
25.06.2018 2028
2

Институт алғаш ашылған кезде онда небәрі 9 оқытушы қызмет атқарып, 124 студент білім алды. Уақыт өткен сайы­н оқу ордасындағы оқыту­шылар қатары мен білім алушы жастардың саны біртіндеп өсіп, оның кадрлық әлеуеті де жо­ғарылап отырды. Қазақ­стандағы тұңғыш жоғары білім ордасы болғандықтан, онда сол кездегі көзі ашық, көкірегі ояу деген ең білімді оқытушылар қызмет атқарды. Атап айтқанда, А.Байтұрсынов, О.Жандосов, Ә.Ер­­меков, Б.Алманов, І.Қа­бы­­лов, Ш.Бекжанов, С.Аман­жолов, Қ.Жұбанов, С.Сей­фул­лин, Т.Шонанов, Х.Досмұ­хаме­дов, Т.Жүргенов, І.Кеңес­баев, С.Мұқанов және т.б. белгілі мемлекет және қоғам қайрат­керлері мен ірі ғалым-ұстаздар, көрнекті қаламгерлер дәріс берді. Солардың қатарында қазақ мәдениеті мен әдебиетін өлшеусіз биікке көтеріп, әлемге танытқан бірегей тұлға, ұлы жазушы М.О.Әуезов те болды.

М.Әуезов сол кездегі сола­қай саясаттың салдарынан 1930 жылы абақтыға жабылып, одан 1932 жылы шартты мер­зімге босап шыққан соң Қазақ мемле­кеттік педагогикалық инсти­тутына оқытушылық қызмет­ке орналасады. Мұнда ол 1932-1934 жылдар арасында қа­зақ әдебиеті мен Орта Азия ха­лық­­тары әдебиетінен дәріс оқы­ды. Осылайша М.Әуезовтің қазақ­тың жаңа астанасындағы тұң­ғыш жоғары оқу орнында ұс­таздық еңбек жолының алғаш­қы әрі жемісті кезеңі бас­талды. Бүгінгі Қазақ елінің жоғары оқу орындарының қара шаңырағына айналған Абай атындағы педаго­гикалық институтында жұ­мыс жасаған кемеңгер жазушы кейіннен өмірінің соңына дейін осы пединституттан бө­лі­ніп шыққан С.М.Киров атын­дағы Қазақ мемлекеттік универ­ситетінде (қазіргі әл-Фара­­би атын­дағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситеті) ұстаздық ұлағатын жал­ғастырды.

Ол тұста елімізде жаңадан құрылған жоғары оқу орнының тасын өрге домалатып, дамыту үшін басқа да республикалардың оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынас орнатуға тура кел­ген. Бұл мәселе екі жолмен шешілді, біріншіден – маман­дардың көпшілігі кеңестік дәуір­дегі орталық Мәскеу, Ленин­град секілді қалалардан шақырылса, екіншіден – жергілікті кадрлардан да мамандар даярланды. Институттың қалыптасуы мен дамуына одақтас республикалардың көптеген жоғары оқу орындары үлкен үлесін қосты. Олар өз кітапханаларындағы кітап қор­ларымен және аудиторияларға арналған құрал-жабдықтарымен бөлісті. Сол жылдары ҚазПИ-ге жұмыс істеуге атақты ғалымдар әдебиеттанушы Н.Фатов, математик Б.Кругляк, физик В.Лит­­винов, биолог С.Логинов, эмбрио­лог А.Захваткин секілді белгілі оқымыстылар келді.

Жалпы, М.Әуезовтің шығар­машылық өмірбаянына мән бере қарасақ, оның 1930 жылға дейін Алматы қаласында бірнеше рет болғанымен, мұнда тұрақтап тұрмағандығын көреміз. Тек абақтыдан шартты мерзімге босап шыққан 1932 жылдың сәуір айынан бастап қана ол Алматы қаласында орнықты. Сөйтіп өзінің жазушылық, ғылыми-шығармашылық еңбек жолын жаңа қырынан танытқан. ҚазПИ-де ұстаздық қызмет еткен жылдары қаламгер жазушылықтан, шығармашылық-зерттеу жұмыс­тарынан бір сәт те қол үзбеген. Осы жылдары «Октябрь үшін», «Түнгі сарын» пьесалары мен «Білекке – білек», «Үш күн», «Қа­сеннің құбылыстары», «Іздер» әңгімелерін және «Абай» атты зерттеу еңбегін, оқу орны туралы бірнеше мақалалар жазды. Сол кезеңде болашақ әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясының жазылуына алғашқы арнайы даярлық жұмыстары қолға алына бастағандығын аңғарамыз. 1930 жылға дейін бірнеше кесек туындылар жазған қаламгердің «Хан Кене» пьесасы мен «Қилы заман» повесі қатаң сынға ұшырап, ақыр-соңы жазушыны абақтыға жабумен аяқталғандығы аян. Сондықтан 1930 жылдардан кейінгі туындыларында ұлы жазушы астарлап жазу, арнайы үкіметтің тапсырмасымен жазу секілді жайттарды бастан кешірді. Айталық, оның абақтыдан босап шыққаннан кейінгі алғашқы шығармасы «Октябрь үшін» пьесасын биліктің арнайы тапсырысымен жазғандығын көреміз. Ол туралы дәлелді құжаттар да бар. Пьесаны оқу барысында «тапсырма берілгенде» қазақтар мен аз ұлт өкілдерінің Қазан төң­керісіне қатысуын баса көр­­сету талап етілгені айқын бай­­қалады. Қалай дегенде де, М.Әуезов туындыларынан оның ар­найы тапсырмамен, алдын ала бел­гіленген идеологиялық талаптармен жазылған шығармасының өзінде де суреткер ретінде ақиқат шындыққа адалдық танытқанына куә болып отырамыз.

Ұлы ойшыл Абайдың «Адам­ның адамдығы ақыл, ғылым, ...жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», деген тұжырымын берік ұстанған М.Әуезов ҚазПИ-де ұс­таздық еткен жылдарында ғылыми-шығармашылық, жазушылықпен қатар ұстаздық жолдың да ұлағатты мәні мен маңызына ерекше ден қойды. Осы салада арнайы зерттеулер жүргізіп, соның нәтижесінде қазақ әдебиеті пәнінен оқулық­тар мен оқу құралдарын шығар­ғаны – осы сөзіміздің айғағы. Мә­селен, бұған 1933 жылы М.Әуе­зов Ә.Қоңыратбаев, М.Жол­дыбаевтармен бірлесіп жаз­ған орта мектептің 7-сыны­бы­на арналған «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» атты оқулығы дәлел. Жазу­шының жинақтаған барлық тарихи, әдеби деректері осы оқу құралында жинақталып, онымен жастардың оқып-танысуына зор мүмкіндіктер туды. Бұл оқулық бірнеше жыл бойы мыңдаған шәкірттердің, қазақ мектептерінің кәдесіне жарады. Ал М.Әуезов даярлаған «Абайдың твор­честволық өмірбаяны» (1933) еңбегіне институттағы оқыған лекция­лық курс материалдары топтастырылған. Осының нәти­жесінде «Абайтану» пәнінің оқу курсына жол салынды. Сөйтіп ұлы қаламгер қазақтың ұлттық әдебиеті туралы ғылымның тууы­на, қалыптасып, өсуіне елеулі үлес қосты.

Бұл тарихи жылдардағы ұмытылмас кезеңдер туралы кемең­гер жазушы: «...Бүгінгі Қазақ­стан жастарының алдында білім-өнер өрісі ұшан-теңіз. Қай білімді, қай өнерді алам десе де таңдау-талдауына шек жоқ. Ғылым сарайлары бір емес, әлденеше. Туып, бекіп орнағандарына да талай жылдар болды. Солардың ішінде аға ВУЗ-дың бірі Абай атындағы Мем­лекеттік педагогикалық институты. Бұл институтты мәдениетті жұртшылықтың бәрі де біледі... ВУЗ-дың ашылуы қазақ халқы үшін үлкен игілікті іс еді, өйткені бұл қазақ халқының мәдениет, өнер-білімінің жоғарылауына тартылған алғашқы арқалық сияқ­ты еді. Мектептен жұрдай болып келген қазақ даласы білім­паз адамдарға, әсіресе мұға­лімдерге зар еді. Сол тілеуге ең алғаш жеміс берген осы ҚазПИ. Сондықтан ҚазПИ-дің рөлі басқа ВУЗ-дардан өзгеше. ҚазПИ бізге басқа ВУЗ-дан гөрі алғашқы тұңғышымыздай болып ыстық көрінеді», деп еске алады «Білімнің тұңғыш ордасы» атты 1939 жылы жазылған мақаласында.

Ұлы жазушы осы мақаласында институт ашылған жылғы 124 оқу­шының 76-сы қазақ екенін, одан кейін 1933 жылы 515 студент, 1939 жылы 501 студент, оның 228-і қазақ болғанын, қазақ­тың қаракөз қыздарының ең көп оқитын Вузының бірі – ҚазПИ екенін, онда 1938 жылы – 32, 1939 жылы 46 қазақ қызы оқығанын айтады. Институт құрылған 1928 жылы тіл-әдебиет, физика-математика, табиғаттану бөлімдері болса, кейіннен тарих, география бөлімдері қосылып, 5 факультетке жеткенін, олардың бәрінде жеке пәндердің арнайы кафедралары жұмыс істейтінін, бұл кафедралардың ішінде «бүкіл республикалық маңызы бар кафедралар» деп тіл, әдебиет, тарих кафедраларын атайды. Кафедра мүшелерінен ҚазПИ-дің сол кезгі оқытушылары – филология ғылымдарының кандидаттары С.Аманжолов пен С.Кеңесбаевты ерекше дәріптеп, бұл екеуі қазақтың соңғы кезде өскен жас оқымыстылары, бұлар жазып шығарған тіл ғылымының оқу кітаптары бүкілқазақстандық абырой алып, мектептеріміздің тіл жөніндегі сүйеніші болып отырғанын қуана жазады.

Мақала авторы институттың үлкен бір табысы – соңғы жылдары жаңадан жақсы-жақсы оқыту­шылар, профессорлар жи­нағаны, 1928 жылы 20 шақты ғана оқытушы қызмет етсе, сол тұста 75 оқытушыға жет­кенін, олардың ішінде 7 профессор, ғылым докторлары, 15 доцент, ғылым кандидаттары деген ғылыми дәрежеге ие бол­ғандар бар екенін, бұлардың дені жас кадрлар, ҚазПИ-дің өзін біті­ріп шыққан С.Толыбеков, С.Ке­ңесбаев, Т.Тәжібаев секілді жас оқымысты түлектер екенін, оларды студенттер өздерінің жолдасындай, ағаларындай көретінін ағынан жарыла баяндайды. Ол институтта Орталықтан (Мәскеу, Ленинград қалаларынан) келген Маркович, Сильченко, Лин­чевский сынды үлкен ғалым-ұстаз­дар сабақ беретінін тілге тиек етеді.

Әйгілі академик-жазушы осы мақаласында: «...Институтта сырт­тан оқытатын бөлім бар, мұнда мың қаралы адам оқиды. Бұлардың көбі ауыл, ауданның мұғалімдері, білім дәрежесін жетіл­діруге ұмтылған қазақ жастары. ҚазПИ тұрған үйде ҚазПИ-дің інісі сияқты бір оқу орны бар. Ол мұғалімдер институты. Бұл институт шынында ҚазПИ-ден енші алып шыққан отау инс­титут. ҚазПИ-дің өкше басар жеткіншегі – рабфагы да бар. Оның оқушылары ертең-ақ ҚазПИ-ге кеп төрден орын аламыз деп құлшынып тұрғандар...»,   деп институт жанындағы құры­лымдық-көмекші бөлімдер мен аспирантура жұмыс жасайтынын ескертеді. Аспирантурада оқитындар оқу орнының өз тү­лектері, 20 шақты жастар, олар аз да болса болашағынан зор үміт күтетін талапкерлер екенін, олардың білімпаз, оқы­мысты адамдар болатынына сенімділігін, бұлар қазірдің өзін­де ҚазПИ-де сабақ беретінін ескертеді. Олардың ішінде Ә.Тоқмағанбетов, Ғ.Мұсабаев, М.Ғабдуллин сияқты ғылыми зерттеу жұмысын әлден-ақ бас­тап, жазған еңбектерімен көзге түсіп жүрген талапты жігіттер де бар екендігі айтылады. Мақала соңында институт жоғары оқу орнының үлкен дүкені іспетті болып, Дәрігерлік, Малдәрігерлік, Тау-кен инженерлері, Ауыл­шаруа­шылық секілді төрт инсти­тутты таратып шығарғанын айта отырып, «Міне, осындай өс­ке­леңдеген өнер-білім, өрге бас­қан жас қауымның ұл, қыз­дары арқылы, қазақ сахарасынан ғасыр­лар қараңғылығын қуып айдап, жойып отыр», деп ойын түйіндейді.

Институт туралы М.Әуезовтің жазған «ҚазПИ-дің жемістері» атты келесі мақаласының да биыл 90 жылдық мерейтойы­н ата­ғалы отырған университет тарихындағы алатын ор­ны ерекше.

«Қазақстанның шар қиырында мұғалім болып жүрген, мектеп бастығы болып жүрген ҚазПИ жастары толып жатса, сонымен қатар институтта оқытушы, оқу бөлімдеріне меңгеруші, партия ұйымдарында пропагандист болып кеткендері тағы бар. Мә­дениеттің басқа тарауларына, мем­лекеттік басқа жұмыстарға ара­­ласып кеткендер де, басшы қыз­­метке жоғарылағандар да көп», дейді жазушы аталған мақаласында.

Мұнда ол институт түлек­терінен мемлекеттік басшы қызметтерге жоғарылап кеткен Қазақ КСР Оқу-ағарту халық комис­сары М.Әбдіхалықов, Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің хатшысы Талалаев, Оңтүстік Қазақстан обком комсомолының хатшысы Қойбағарова, Алматы обком комсомолының хатшысы Артықов сынды азаматтардың, әдебиет пен мәдениет саласында аты шығып жүрген Тайыр Жароков, Әбділда Тәжібаев, Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, Әли Есмамбетов, Қадыр Хасанов, Еркінбеков се­кілді айтулы түлектердің есім­дерін мақтанышпен еске алады. Сол кездегі Одақтық Жоғарғы Кеңестің жарлығымен 1939 жылы 6 мамырда қарт мұғалім, жазушы Спандияр Көбеев, павлодарлық ұстаз Рахметов, шығысқазақстандық Зағира Күленова, Хан Валиев сияқты мұға­лімдердің ерен еңбектері үшін отандық жоғары дәрежелі марапаттарға ие болғанын атай­ды.

М.Әуезовтің сонау 1930 жылдары жазған «Оқуға ұмтылатын уақыт», «Мәдениет, сәулет қаласы», «Цифрлар сөйлесе не дейді?» атты бірқатар мақалалары халқымыздың өміріндегі оқу-білімге байланысты өзекті ойларын, мәдениетіміз бен өнеріміз жайлы пайымды пікірлерін, қазақ руханиятындағы Ұлы Отан соғысына дейінгі оң өзгерістерді, жағымды жаңалықтар мен жақ­сы нәтижелерді сөз етіп, осы бағыт­тағы келелі міндеттер мен ма­ңызды мәселелерді ортаға салады.

Ұлы ұстаз, академик М.Әуе­зовтің Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында еңбек еткен жылдары туралы айтқанда оның бірнеше талантты да талапты шәкірттер тәр­биелеп шығарғанын айрық­ша атаған абзал. Мәселен, сол кездегі М.Әуезовтің алдын көрген, дәрісін тыңдап, білім нә­рімен сусындаған, кейін­нен көрнекті әдебиетші-ға­лым, Қазақстан Ғылым акаде­мия­сының корреспондент-мүшесі бол­ған, профессор Есма­ғам­бет Ысмайылов «Биіктей бергің келеді» деген естелік мақа­ласында ұстазы жайлы өз ойын бы­лайша толғайды: «Бұрын шығармалары арқылы сырттай жақсы таныс Мұхаңды 1932 жылдан бері қарай көріп, біліп, араласа бастадым. Оқу-білім жолында әркімнің де ұстазы бар, бірақ Мұхаңдай жақын араласқан ұстаз-досым сирек. Біреулер қызмет бабында, семья жағдайында араласады, ал менің Мұхаңмен жақындығым ең әуелі білім алу жолында, әде­биетке құштарлық жолында қалыптасты. Ең алғаш ҚазПИ-де, Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогика институтында оқып жүргенімде Мұ­хаң бізге Орта Азия халық­тарының әдебиеті тарихынан лекция оқыды». Осылайша, әдебиеттану ғылымының екі алы­бының, ұстаз бен шәкірттің алғашқы таныстығы ҚазПИ-дің қабырғасынан басталып, кейін үлкен шығармашылық достыққа, қызметтегі тату, ынтымақтастық қарым-қатынасқа жалғасқан. Оған бертінгі жылдары Е.Ыс­майылов пен М.Әуезовтің Ғылым академиясында қызметтес болып, аралас-құраласта жүр­гендігі, талай игілікті істерді тындырғандығы дәлел. Осы тұста ұлы қаламгер-ғалымның ұстаздық еңбек жолында Қ.Мұ­хаметханов, Ә.Жиреншин, С.Қи­рабаев, З.Қабдолов, З.Ах­метов, М.Мырзахметов, М.Базар­баев сынды, т.б. көптеген айтулы шәкірттер дайындап, қазақ әдебиеттану ғылымында Әуе­зов дәстүрін, Әуезов ғылыми мектебін қалыптастырды. Бұл игі дәстүр уақыт өткен сайын тамырын кеңге жайып, жазушының ұстаздық жолындағы ұлы мұраттарын танып-білуде бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнегеге айналды.

Ұлы жазушы, ғұлама ғалым М.Әуезов еңбек етіп, шәкірттер дайындаған еліміздегі алғашқы жоғары оқу орны – Абай атын­дағы педагогикалық институт үнемі даму жолында болып, өзінен кейін ашылған барлық жоғары оқу орындарына педагог кадрлар дайындауға мұрындық болып келеді. Бүгінде 90 жыл­дығын тойлағалы отырған Абай атындағы Қазақ ұлттық педа­гогикалық университеті бол­мысы биік білім ордасы ре­тінде өркендеп өсіп, еліміздің жоғары оқу орындарының қара шаңырағына айналды. Ол сан мыңдаған шәкірттерге саналы тәрбие мен сапалы білім беріп түлетіп, тәуелсіз еліміздің дамуы­на өзінің игі ықпалын тигізіп келеді.

Қазіргі таңда университет ұжымы ректор, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Такир Оспанұлы Балықбаевтың басшылығымен білім ордасының мерейтойы­на жан-жақты даярлық жасау үстінде. Осыған орай университеттің 90 жылдық даңқты жолдарының тарихынан сыр шертетін сан салалы ғылыми-танымдық кітаптар әзірленуде. «90 жылдыққа – 90 іс-шара» бағдарламасы аясында әрбір институтта, факультетте, жалпы оқу орны бойынша өткізіліп жатқан шаралардың барлығы университеттің кешегі мен бүгінгі тыныс-тіршілігінен мол мағлұмат беруімен құнды.

Бақтияр СМАНОВ,

ҰҒА академигі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кафедра меңгерушісі, профессор

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

Аналарға құрмет

23.09.2018

Абылай ханның қара жолы - солтүстік пен оңтүстікті байланыстырған ең төте жол

23.09.2018

Павлодарда «Ертіс» футбол клубының атауын латын қарпіне көшіру ұсынылды

23.09.2018

Фильмдер қашан түрлі-түске бояла бастады?

23.09.2018

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін?

23.09.2018

Түркістанда халықаралық деңгейдегі инвестициялық және туристік форум өтеді

23.09.2018

Әдет қалыптастыру оңай ма?

23.09.2018

Тіл ықылассыз істі емес, періште көңілді ұнатады

23.09.2018

«Әкім Тарази шығармашылығының феномені» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

23.09.2018

Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды

23.09.2018

Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді

23.09.2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

23.09.2018

Энтони Джошуа ресейлік боксшы Александр Поветкинді жеңді

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

23.09.2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

23.09.2018

Астаналықтар заң мәселесі бойынша тегін кеңес алды

23.09.2018

Ақтауда триатлоннан Қазақстан Кубогының финалы басталды

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу