Қазақстан • 25 Маусым, 2018

Заңдардағы қайшылық қолбайлау болуда

435 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда тұрғындардың жылу мен ыстық судың ақысын уақытылы төлемеуінен еліміздің жылу электр стансалары (ЖЭС) үлкен проблемаларға тап болуда. Мәселен, биыл мамыр айында ғана тұрғындардың коммуналдық кәсіпорындарға төлеуге тиіс қарызы 7 млрд 630 млн теңгеге жетіпті.

Заңдардағы қайшылық қолбайлау болуда

Осындай жағдай коммунал­дық кәсіпорындардың жұмысын жақ­сарту үшін Үкіметтің жүйелі және кешенді шаралар қабыл­дауын талап етеді. Бұрынғы талап­­тар­дың қатты болмауынан үй­лерін сатып жіберген кейбір бұ­­рынғы қожайындардың қа­рыз­­дарын қайтару да қиынға түсуде.

Коммуналдық кәсіпорын­дардың тұрғындар қарыз­да­рының есебінен өсіп жатқан дебиторлық қарыздары олардың өз ұсыну­шы­ларымен есеп айырысуына, уақтылы жөндеу-жаңалау жұмыс­тарын жүргізуіне қолбайлау болуда. Сонымен бірге олардың қо­сым­ша қаржы көздерін табу мүм­кін­шіліктері де шектеулі болып отыр.

Коммуналдық кәсіпорын­дар­дың қосымша қаражат табуы үшін оларға өз істерінен басқа әрекеттермен айналысуына жол беру орынды. Қазақстан Ре­с­пуб­ликасының «Табиғи монопо­лиялар туралы» заңының 18-бабына сәйкес оларға өз жұ­мыс­т­арымен технологиялық тұр­ғы­дан байланысы бар жұмыс­тармен айналысуға мүмкіндік беріл­ген. Сонымен бірге осы жұмыстардың тізімі де жасалған. Ол: суды химиялық жолмен таза­л­ау және оны сату, электр энер­­гия­сын өндіру, жылу жүйе­ле­рін гидравликалық және тем­пе­ратуралық сынақтардан өт­кізу, жылу нысандарына жөндеу жасау және оларға тех­ни­ка­­лық қызметтер көрсету және т.б. Алайда коммуналдық кә­сіп­орын­дар квазимемлекет­тік сектор­ға жататындықтан оларға Кәсіп­керлік кодексінің 192-бабына сәйкес акцияларының елу па­йыздан артығы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар атқара­тын тізімдегі жұмыстарды ғана ат­қаруға рұқсат берілген. Бұл тізім Үкіметтің 2015 жыл­ғы 28 жел­тоқсандағы №1095 Қау­лы­сы­мен бекітіл­ген. Он­да коммунал­дық кәсіпорын­дар­­дың негізгі әрекеттеріме­н тех­ноло­гиялық тұрғы­дағы қы­з­меттер қарас­ты­рылмаған. Сөй­тіп, ЖЭС-тер табиғи монополия­лар субъек­ті­леріне жа­та­тындықтан өздері­нің негізгі әрекеттерімен техно­лог­иялық тұрғыдағы басқа жұмыстарды атқаруға заң­ды негізге ие бола тұра, осы мүм­кін­­діктерін пайдалана алмауда.

Сондықтан біз Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, осы мәселелердің шеші­луіне ықпал етуін сұрадық. Со­ның ішінде тұрғындардың қа­рыз­дарын өндіріп алудың заң­ды негіздерін жасап, сонымен қатар 2015 жыл­дың 28 желтоқсанындағы №1095 қаулымен бекітілген тізімді де қайта қарап, оның коммуналдық кәсіпорындардың қосымша жұ­мыстар атқаруына мүмкіндік беруді қарастыру қажет.

Шавхат ӨТЕМІСОВ,

Мәжіліс депутаты