Аймақтар • 25 Маусым, 2018

Зардап шеккендерді қолдауда олқылық бар

326 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биылғы су апатынан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына жәрдем беруде жергілікті билік заң талаптарын бұзып отыр. Атап айтқанда, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 18, 58-ші баптары және Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу қағидалары мүлікке келтірілген зиянды өтеуді талап етсе, жергілікті жерде бұл талап орындалмаған.

Зардап шеккендерді қолдауда олқылық бар

Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімдігі зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеуге ақшалай төлемдер жасамаған. Ал Семей қаласының әкімдігі бастапқыда жылжымайтын мүлік объектісіне келтірілген зиянды өтеу үшін су тасқынынан зардап шеккен әрбір тұрғынмен өтемақы төлеу туралы шарт жасап, содан кейін бұл төлемдерден белгісіз себептермен бас тартқан. Сонымен қатар Аягөз қаласында су басқан тұрғын үйлерді техникалық зерттеп-қарау және су тасқыны салдарынан зардап шеккендердің мүліктеріне келтірілген зиянды бағалау заңнаманың талаптарына сәйкес жүргізілмеген. Мәселен, бір үй бойынша техникалық зерттеп-қарауды 3-4 рет жүргізу жағдайлары орын алған.

Екіншіден, зардап шеккендердің үйлерін­де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүр­гізу тәртібі де айқындалмаған. Сондық­тан кей­бір жергілікті атқарушы органдар зардап шек­кен­дермен тиісті шартты жасамай, азамат­тық-құқықтық жауапкершілікті және жұмы­сының сапасына кепілдікті қарастырмай, тұрғын­дар­дың үйлерінде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Бұл зардап шек­кендердің үйлерінде сапасыз жөн­деу­­лер жүргізуге соқтырған. Мысалы, Аягөз қа­л­асындағы 72 жастағы зейнеткер Р.Гусева өз хатында үйін жөндеу үшін оның бір бөл­ме­сін бұзғаны, қабырғаларында жарық­тар пай­да болғаны, төбесінің толығымен жа­бы­­лмағаны, жөндеудің сапасыз жасалғаны ту­ра­лы жазған. «Бұл егде адамды қорлау, кемсіт­у ғой» деп ол өз хатында наразылық білдіреді.

Үшіншіден, биылғы маусым айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге нарықтық бағамен тұрғын үй сатып алу қарастырылған болатын. Бірақ тұрғын үйді сатып алуда оның 1 шаршы метрінің бағасын есептеу тәртібі мен үйдің салынған жылы, жағдайы, таңдау талаптарын көздейтін қағидалар болмағандықтан, жергілікті атқарушы орган ескі тұрғын үйлерді немесе құнына сай келмейтін тұрғын үйлерді өздеріне белгілі тұлғалардан сатып алған.

Осылайша, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарын сақтамау және қажетті құқықтық актілердің болмауы су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға соқтырған. Аталған фактілердің барлығы Шығыс Қазақстан облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарының өтініштерінде көрсетілген.

Біз осы мәселелерді Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауалмен жолмен, аталған жайттарды қарастыруды, шешімін табуды сұрадық.

Нұртай САБИЛЬЯНОВ,

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы