Аймақтар • 25 Маусым, 2018

Түлей бер, түркі әлемінің Түркістаны!

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Түлей бер, түркі әлемінің Түркістаны!

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Шымкент хал­қы­ның саны 1 миллионнан асу­ына байланыс-
ты қалаға рес­публикалық мәртебе беру­ін, Түркістан облысының құ­ры­луын ел-жұрт үлкен қуа­нышпен қабылдады. Бұл ел­дің көкейінде көптен жүр­ген мәселе еді.

Шымкент – XIV ғасырда қазығы қағылып, өсіп-жетіліп, әдебиет пен мәдениеттің, өндірістің ошағына айналған қала. Бір сөзбен айтқанда, рес­публикалық мәртебеге лай­ық­ты қала.

Ал Түркістан – тарихының тамы­ры тереңге кеткен, қа­сиет­ті, киелі мекен. Сол Түркіс­тан – Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесі орна­ласқан, қазақ халқына жол көрсеткен хандар мен би­ле­р­-
дің мәңгілік тыныс тапқан жері.

Елбасы Жарлығы қазір 200 мыңға жуық тұрғыны бар Түркістан қаласының өсіп-өркендеуінің бастауы болады. Енді облыс орталығы ретінде де Түркістан қаласының орны ерекшелене түседі. Аймақ­та ту­ризмнің дамуына, эко­но­ми­каның өркендеуіне жол ашы­лады.

Түркістан қаласына енді инвес­тиция көптеп тартылады, сондай-ақ былтыр ғана Түр­кістан түркі әлемінің мә­дени астанасы деген атауға ие болса, енді Түркі әлемінің на­ғыз орталығына айналуына то­лық мүмкіндігі бар.

Әлімжан ҚҰРТАЕВ,

Сенат депутаты