Әлем • 25 Маусым, 2018

«Өзбекстан қазір өзгерді»

629 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Астанада Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы елшілігі үйінде Өзбекстан Президентінің жанындағы өкіл Дилмурод Касимов қазақстандық кәсіпкерлермен және журналистермен жүздесіп, өз еліндегі бизнес пен экономиканың дамуы, соның ішінде шетелдік кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

«Өзбекстан қазір өзгерді»

Соңғы кезде Қазақстан мен Өзбекстан арасында эконо­ми­калық қарым-қатынас ерек­ше жанданды. Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылды «Өзбекстанның Қазақстандағы жылы» деп жариялауы да бауырлас екі елдің ара­сын­дағы алыс-берістің екінші тынысын ашты. Осы жиынға арнайы қатысқан Қазақстан кәсіпкерлерінің құқық­тарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палым­бетовтың айтуынша, бү­гінде өзбек жерінде жұ­мыс істеп жатқан 350-дей қазақ­стан­дық ком­панияның 150-і соңғы реформа басталған бір жылдың ішінде құрылған екен.

– Бүгінде 2,5 мыңдай өзбек­стан­дық компания Қазақ­станда қызмет етеді. Енді міне, өзбек жерінде де қазақстандық кәсіпкерлердің емін-еркін жұмыс істеуіне бар жағдай жасалып жатыр екен. Өзбекстан Президенті жанындағы өкілдің әңгімесін тың­дап, шетелдік кәсіпкерлерге бе­рілетін жеңілдіктер туралы ес­тіп таңғалып отырмын. Келер жы­лы көрші елде Қазақстан жылы жарияланбақ. Бұл шаралар екі елдің экономикалық қарым-қа­тынасын одан әрі дамытады деп ойлаймын, – деді Болат Палымбетов.

Өзбекстан тарапы жариялаған деректерге қарағанда, екі ел ара­сындағы тауар айналымы 2018 жылдың қаңтар-мамыр ара­­лығында 1 млрд АҚШ дол­лары­нан асқан. Бұл осыдан бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,5 есе артық екен. Өзбекстан жағы өз елінің инвестициялық тартымдылығын көтеру үшін тың реформа бастаған. Өзбекстан Президентінің ұсынысымен 2017 жылы Президент жанынан кәсіп­керлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаушы өкіл инс-
титуты құрылды. Кәсіпкерлікке қатысты бұрынғы шектеулердің көбі жойылған. Мәселен, бұл елге 1-3 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салатын шетелдік компания үш жыл­ға дейін барлық табыс, кеден са­лығынан босатылады. Ин­вес­­тиция көлемі артқан сайын са­лық жеңілдіктері де ұзара береді. Өзбекстан 2025 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуді мақсат етіпті.

– Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазіргі заманда ешбір ел, ешбір мем­лекет томаға-тұйық өмір сүріп, өздігінен дами алмайды» деген қанатты сөзі бар. Әсіресе Орталық Азиядағы көр­шілес мемлекеттердің инте­гра­циясы әлемді алаңдатқан экономикалық дағдарыстан оңай шығуға әсер етеді. Өңірдегі ең ірі, іргетасы қа­лып­тасқан екі мемлекет бүкіл аймақтың өндірісін алға сүй­рейді. Өзбекстан қазір ерекше өзгеріс, серпінді даму қар­саңында. Елде 16 еркін эко­но­микалық аймақ құрылды. Кә­сіп­керліктің дамуына барлық жағдай жасалған. Сондықтан қазақ­стандық кәсіпкерлерді біз­дің елге шақырамыз, – дей­ді Өзбекстан өкілі Миршод Нас­руллаев.

Осы жиынға қатысқан отандық бизнес өкілдері Өзбек­стан­ға барған қазақ биз­нес­ме­нінің алғашқы қадамын неден, қай жерден бастауы керектігі, алаяқтық, басқа да заңсыздықтар кездескен жағдайда шетелдік кәсіпкердің қорғалуы, салық жеңілдіктерінің нақты мысалда­ры жайлы сауалдар қойып, оған толық жауап алды. Екі ел ар­а-
сында қызмет етуші кәсіп­кер­лерге арналған интернет портал құру жайы да талқыланды. Қазір қалыптасқан жылы қарым-қатынас, іскерлік байланыстарды одан әрі дамыту туралы ұсыныстар айтылды.

– Өзбекстан – бұрынғы Өзбекстан емес, 360 градусқа өз­герді. Бізде еңбек етіп, жақсы та­быс табуға барлық жағдай жа­сал­ған. Тіпті Өзбекстанда шетелдік кәсіпорын ретінде тір­ке­ліп, басқа шетелге импорт шы­ғарушы компанияларға да мем­лекеттің үлкен қолдауы бар. Келіңіздер, көріңіздер! – дей­ді Өзбекстан Президентінің жанын­да­ғы кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаушы өкіл Дилмурод Касимов.

Қазыбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

АСТАНА

Соңғы жаңалықтар