Қазақстан • 25 Маусым, 2018

Үздік журналистер марапатталды

608 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Мәдениет және спорт министрлігі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізетін «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын қорытындылап, мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты наси­хаттаған журналистерді марапаттады.

Үздік журналистер марапатталды

Мерекелік байқаудың басты ұйымдас­тырушысы Мәде­ниет және спорт министр­лігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс коми­­теті мен Ш.Шаяхметов атын­дағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғы­лыми-практикалық орталығы сарапшыларының айтуынша, конкурсқа ұсынылған еңбек­терді елімізге белгілі журналистерден құрылған арнайы мамандар «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радио бағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» аталымдары бо­йынша сараптады. Келіп түскен 200-ге жуық материал байқау ережесіне сай іріктеліп, қазылар қорытындысы бойынша бас жүлдеге тігілген 1 миллион теңге сыйлыққа танымал публицист, шоқантанушы Жарылқап Бейсенбайұлының еңбегі лайық деп табылды. Көр­некті қаламгерге арнайы сер­тификатты Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы табыс етті.

Сондай-ақ «Үздік мақала» аталымы бойынша I орынды «Жас Алаш» газетінің қыз­меткері Нұрлыбек Сафин иеленсе, II орын «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Азамат Қасымға бұйырып, III орынды тараздық қаламгер Әзімхан Ыбырайым еншіледі.

«Үздік телебағдарлама» аталымы бойынша I орынды «Таңшолпан» бағдарламасының журналисі Серікбек Жұмабек иеленсе, II орын «Мәселе» бағ­дар­ламасының жетекшісі Нар­тай Аралбайұлына беріліп, III орынды «Сарыарқа» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің шеф-редакторы Гүлбақша Ақажанова еншіледі.

«Үздік радио бағдарлама» аталымы бойынша I орынды жас журналист Ербол Алшынбай иеленсе, II орын «Хабар» ра­дио­­сының жүргізушісі Әсем­гүл­ Аманжоловаға, III орын «Шал­қар» радиосының журна­лисі Талант Арғынғалиға бұ­йыр­ды.

«Үздік сайт мақаласы» аталымы бо­йынша I орын «Спортпортал.кз» сайтының тіл­шісі Мадияр Арыстанбаевқа, II орын республикалық «Поли­ция.кз» журналының қызметкері Еркеғали Бейсеновке бұйырды, III орынды «БАҚ.кз» ақпарат агенттігінің тілшісі Қымбат Елтайқызы еншіледі.

Сонымен қатар «Қазақстан тарихы» және «Әдебиет» пор­тал­дарының бас редакторы Ол­жас Беркінбаев бастаған төрт жур­налист құрмет грамотасымен марапатталса, 30-дан астам журналиске министрліктің Алғыс хаты табысталды.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»