Премьер-Министр жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңірде Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының» іске асырылу барысымен танысу үшін Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.

Егемен Қазақстан
25.06.2018 2217
2

Ақмола облысы — еліміздің негізгі аграрлық–өнеркәсіптік өңірлерінің бірі. Бақытжан Сағынтаев өңірге келгеннен кейін «Қазақстанның Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС ауыл шаруашылығы және коммуналдық техниканың индустриялық-технологиялық паркінде болды. ҚАИК жұмысының мысалында Премьер-Министр өңірде Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысымен, сондай-ақ облыстың кәсіпорындарында цифрлық технологиялар мен Индустрия 4.0 элементтерін енгізу шараларымен танысты.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, Ақмола облысындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі осы жылдың қаңтар-мамыр айларында 244,8 млрд теңгені, НКИ өнімдері — 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 102,8% құрады. Жалпы сегіз жыл ішінде Индустрияландыру картасы аясында 79 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 7,9 мың жұмыс орны ашылды. 2018 жылы 53,4 млрд теңге сомасына 1330 жаңа тұрақты жұмыс орнын ашумен алты жоба жоспарланған. Бұдан өзге, 2018 жылдан кейін пайдалануға беру мерзімімен, 473,5 млрд теңге сомасына, 3 мың жаңа жұмыс орнын құрумен төрт жоба бойынша жұмыс жалғасын таппақ.

Бүгінгі таңда металлургия, машина жасау, химия және азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс индустриясы саласындағы 20-ға жуық ірі компаниялар өнімділік қуатын ұлғайтып, жұмыс процестерін оңтайландыруға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық технологияларды енгізіп жатыр.

Цехты аралау барысында Премьер-Министр ауыл шаруашылығы техникасын құрастырудың технологиялық үдерісімен танысты. «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС директоры О. Балыбин ИИДМБ аясында іске қосылған зауыт 2017 жылы 698 млн теңге сомасына 507 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын шығарғанын; 2018 жылдың үш айында 265 млн теңгеге 208 бірлік техника шығарылғанын мәлімдеді.

Үкімет жыл сайын АӨК-тің техникалық жабдықталу деңгейін көтеруге көңіл бөледі. Өткен жылы жалпы 32,6 млрд теңге сомасына 288 трактор, 263 жоғары өнімді астық жинау комбайны және 88 егіс кешені сатып алынды. Техниканың негізгі түрлері бойынша жаңару пайызы 2,6% құрады. Осы жылдың бес айында 576 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, оның ішінде 101 трактор, 29 комбайн, 53 егіс кешені — 7,5 млрд теңгеге. Ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялауға 3,4 млрд теңге қарастырылған.

Өңірдің АӨК дамыту барысымен танысу «Бижан ет өңдеу зауыты» ЖШС нысанында жалғасады, онда Б. Сағынтаевқа Президенттің дайын ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын ұлғайту жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы баяндайды.

Облыстың аграршыларымен кездесуде АӨК дамытудың жандандырылған мемлекеттік бағдарламасы аясында ұсынылатын, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдаудың жаңа мүмкіндіктері, құралдары мен тетіктері, сондай-ақ елорданың азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланады.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралау жоспарланған.

Мәселен, №1 қалалық емхананы тексеру кезінде Бақытжан Сағынтаев өңірдің денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру барысымен танысады. Облыстың медицина саласының қызметкерлерімен кездесуде медициналық қызметтердің сапасы, саланы қайта реттеу және жеке қызмет көрсету секторын дамыту мәселелері талқыланады.

Б. Сағынтаевқа Халыққа қызмет көрсету орталығында ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мысалдарын, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының өңірлік жобаларын ұсынады.

Премьер-Министрдің жұмыс сапары облыс әкімдігінде бизнес өкілдерімен және активпен өтетін кеңеспен тәмамдалады. Онда осы жылдың бес айында атқарылған жұмыс қорытындылары мен Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасында» ескерілген міндеттерді шешу бойынша алдағы жоспарлар талқыланады.

Еске сала кетейік, Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан өңірлерін жұмыс сапарымен аралап жүр. Бұған дейін Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарына жұмыс сапарымен барып қайтты.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

21.02.2019

Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

21.02.2019

Үкіметті уақытша басқару Асқар Маминге жүктелді

21.02.2019

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

21.02.2019

Елбасы Үкіметті таратты

21.02.2019

Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

21.02.2019

Сенаторлар халықаралық келісімдерді ратификациялады

21.02.2019

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

21.02.2019

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаушыларды ұстады

21.02.2019

Түркістан облысының өз футбол командасы құрылады

21.02.2019

Жайық өзені бойында ауқымды рейд өткізілді

21.02.2019

Биыл 65 мың ірі қара сатып алуға ақша бөлінеді

21.02.2019

Бас прокуратура өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді

21.02.2019

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

21.02.2019

Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу