Қазақстан • 25 Маусым, 2018

Мың бояулы шаһардың бір күні

315 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында алғаш рет Алматы қаласының фотосуреттер және суреттер, заманауи теледидарлар QLED озық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, инновациялар көрмесі өтті.

Мың бояулы шаһардың бір күні

Жауһар жарықтар алмалы қаланың айшықты тынысын таныта түседі. Қала ортасындағы Панфилов көшесі жаяу жүргіншілер еркін қоз­ғалатын әрі демалатын ор­талыққа айналған. Арнайы орындықтар, сусын сататын орындар, балалар ойнайтын алаңдар жасақталған көшенің ұзына бойында қолөнер бұ­йымдары сатылатын базарлар ұйымдастырылғанын да айта кет­кеніміз жөн.

Мың бояулы шаһардың мерекесін танытатын шарада Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен QLED Samsung Elektronics Central Eurasia компаниясының прези­денті Бен Юн сөз сөйледі.

Еліміздің егемендігінің алдында маңызды шешімдер қабылданған Қазақстанның бұрынғы астанасының ерекше рөліне тоқталған Бауыржан Байбек бүгін Алматы мәдениет, бизнес және қаржы орталығы екенін, ол сондай-ақ іс-шараны ұйымдастырған Samsung Electronics компаниясына алғы­сын білдірді.

Алматыда 1996 жылдан бері жұмыс істеп келе жат­қан Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының президенті Ун Чол Юн өз ке­зегінде өздерінің қазақ­стан­­дықтарға арналған инно­вациялық жетістіктерді енгізуге қуанышты екендіктерін айтты. Бір жыл бұрын олар Аста­надағы EXPO-2017 көрмесінде QLED сызығын енгізсе, енді міне, Алматыда мереке күнін ұйымдастырып отыр.

Өзгеше бояумен түрленіп сән-салтанат тапқан Панфилов көшесі бойындағы Samsung QLED теледидарлары арқылы жоғарғы сапалы әдемі суреттер, көз жауын алған әшекейлі өрнектер мың түрлі бояуға малынған қаланың әсем дидарын танытады. Жаяу жүр­гіншілер жолының көңіл дем­дейтін әспеттілігі демалу­шы­ларға айрықша тыныс бер­гендей екен. «Алматыда өт­кен бір күн. Өмірге арналған қала» кітабының тұсаукесері оқырмандар арасында ерекше қызығушылық туғызды. Жаңа басылымда Алматы қаласының бірегей суреттерін, таныс кө­ше­лерді және азаматтардың күн­делікті өмірін көре аласыз.

Алматы қаласына арналған фотография мен сурет көрмесі және бір актілі «Шахерезеда» балеті келушілерге қуаныш сыйлады.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ