1 шілдеден бастап зейнетақы мөлшері артады

Бүгін Елбасы Жолдауын іске асыру аясында 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы тағайындау әдістемесін өзгерту туралы өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова зейнетақы жүйесіне енгізілетін өзгерістер туралы айтып берді.

Егемен Қазақстан
25.06.2018 8818

Оның айтуынша, еліміздің алдында бірінші кезекте тұрған міндеттердің бірі — азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлемдік стандарттарға сай ету, зейнетақы жүйесін дамыту арқылы олардың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында зейнеткерлік жасқа лайықты өмір сүру үшін зейнетақы төлемдерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған «ҚР зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» қабылданған. 

«Президент өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа алғанда 1,8 есеге ұлғаяды деп атап өтті. Биыл шілдеден бастап базалық зейнетақы тағайындау өзгереді. Барлық қарт адамдарға еңбек өтілі болғанына немесе болмағанына байланысты демогрант (мемлекеттік зейнетақы) қамтамасыз етіледі», деді С.Жақыпова.

Спикердің түсіндіруінше, жоғарыда аталған Тұжырымдамада зейнетақы төлемдерінің мөлшері инфляция деңгейінен 2% өсіп, оның көлемін жыл сайын арттыру көзделген.

«Осылайша, 2018 жылы 1 қаңтардан бастап инфляция деңгейінің 6% болғанын есепке ала отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8%-ке артты. Базалық зейнетақының мөлшері 6%-ке жоғарылап, оның мөлшері 15 274 теңге болды», — деп нақтылады ол.

Зейнеткерлер арасында кедейліктің алдын алу және азаматтардың жұмысқа қабілетті шағында экономикалық белсенділігін ынталандыру мақсатында Тұжырымдаманы іске асыру одан әрі жалғастырылады.

Базалық зейнетақыны зейнеткерлік жасқа жеткен кезде, сондай-ақ, азаматтардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындау қарастырылады.

«Яғни, барлық зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы мөлшері еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты болады», деді С.Жақыпова.

Егер бүгінгі таңда барлық зейнеткерлерге бірдей ең төмен күнкөріс деңгейінің 54% мөлшеріне базалық зейнетақы немесе 15 274 теңге алып отырса, биылғы 1 шілдеден бастап оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты артатын болады. Өтілі он жылдан аз немесе мүлдем болмаған азаматтарға базалық зейнетақының ең төменгі күнкөріс деңгейінен 54% белгіленетін болады. Ал 10 жылдан кейін әрбір жыл үшін базалық зейнетақы 2%-ке ұлғаяды.

«Базалық зейнетақының ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғары мөлшері 100% немесе 28 284 теңгені еңбек өтілі 33 жыл және одан көп болған азаматтар алатын болады», деп түсіндірді вице-министр.

Бұл ретте зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған және нақты зейнетақыны тағайындаған кезде есепке алынған еңбек өтілі; 2) 1998 жылдан кейінгі еңбек өтілі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдері негізінде есепке алынатын болады.

«Зейнетақыны есептеу барысында еңбек өтілі ғана емес, егер зейнеткер әйел адам болса, бала туып, баланы үш жасқа дейін тәрбиелеп отырған кезеңдері де ескеріледі. Және бала 16 жасқа дейін мүгедек болса, сол мүгедек баланы тәрбиелеп, асыраған ананың да еңбек өтіліне бұл жылдар қосылады. Сондай-ақ 1, 2 топтағы мүгедектерге күтім жасаған азаматтардың жылдары еңбек өтіліне енгізіледі», деп қорытындылады С.Жақыпова.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.07.2018

Елорда тұрғындары кітап алмасты

22.07.2018

«Цифрлық Қазақстан»: Үкімет басшысы отандық АТ-компаниялармен мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселесін талқылады

22.07.2018

Шолпан-Атада Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті

22.07.2018

Тары өндірісі тасада қалмасын десек...

22.07.2018

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға арналған баспасөз мәслихаты өтті

22.07.2018

Білім гранттарының 70 пайызы «ІТ» мамандықтарына бөлінеді

22.07.2018

Қызылордада 18 ауылшаруашылық кооперетиві құрылды

22.07.2018

Шемонаиха тұрғындарына баспана кілті тапсырылды

22.07.2018

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

21.07.2018

Денистің дара жолы

21.07.2018

ЖСҚ-ны әзірлеу ісі сылбыр

21.07.2018

Атыраулықтар Денис Тенмен қоштасты

21.07.2018

Тараз қаласына Денис Тенді еске алуға арналған баннер орнатылды

21.07.2018

Денис Тенді еске алу шаралары Өскемен мен Семейде өтті

21.07.2018

АҚШ-тың атақты хореографтары Астанада шеберлік сыныптарын өткізеді

21.07.2018

Қостанай облысында жыл басынан бері қылмыс азайған

21.07.2018

Астанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті

21.07.2018

Алматылықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды

21.07.2018

Қостанай облысында жаз басталғалы 12 адам суға кетті

21.07.2018

Астаналықтар Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жұмыс таба алады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Атақ қымбат па, абырой қымбат па?

Бүгінде қандай жолмен келсе де атақ үшін есі кете, есерлене қимылд­ай­ты­ны­мыз­ды бәрі біледі. Айта­лық, жуырдағы бір мереке күндерінде орден сатылыпты. Бұл орденнің атауы қандай дерсіз – «Қазақстанның құрметті азаматы».

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу