Сенат Төрағасы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерді Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады.

Егемен Қазақстан
25.06.2018 8564
2

Ол Сенат депутаттары да, өзі де ақпарат саласының мамандарына құрметпен қарайтынын, олардың кәсіби шеберліктері, патриоттық,  адамгершілік қасиеттерін жоғары бағалайтынын атап өтті.

«Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі тұрақты түрде өсіп келеді. Тіпті әлеуметтік желілер пайда болса да, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі бәсеңдемейді. Керісінше олар озық технологияларды жұмыс құралына айналдырып отыр», деді Қ.Тоқаев.

Төраға біздің елдегі журналистика ауқымды реформалардың ұдайы алдыңғы сапында екенін, баспа және электрондық басылымдар миллиондаған адамдардың көңіл түкпірінен берік орын алғанын атап өтті. Отандық бұқаралық ақпарат құралдары кәсіби түрде шебер, шынайы және жедел жұмыс жүргізуде.

Сенат Төрағасы біздің еліміз күрделі геосаяси жағдайдағы дамудың өзгерістер кезеңін бастан өткеріп жатқанына назар аударды. Әлемнің әр бұрышында жанжалдар азаймай отыр, санкциялық түрдегі теке-тірестер өршіп барады. «Жаһандық екі үрдіс – жаһандану мен ұлтшылдықтың арасындағы қарама-қайшылық та ұлғая түсуде. Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың жауапты және беделді мүшесі ретінде өзінің ұлттық мүдделерін қорғауда тиісті ұстанымдарды табандылықпен паш етіп отыр»,  деді Тоқаев.

Төраға халықтың шынайы сеніміне ие әрі шет елдерде беделі зор біздің еліміздің Мемлекет басшысы халықаралық аренадағы Қазақстанның ұлттық мүддесін әрдайым биік ұстап келе жатқанын атап өтті. «Елбасының Көшбасшылық әрі Тұңғыш Президент мәртебесі еліміздің саяси жүйесіндегі тұрақтылықтың сенімді кепілі», деді ол.

Заң шығару жұмыстары туралы айта келіп, Сенат Төрағасы «Тұңғыш Президент - Елбасы туралы»,  таяуда қабылданған «Қауіпсіздік Кеңесі туралы» заңдар елдегі ішкі және сыртқы саясатты жүргізуде Елбасының жетекші рөліне құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ететіні әрі қазіргі әлемдегі дүрбелеңге толы жағдайларда маңызды рөл атқаратыны туралы хабардар етті. «Елбасы – біздің Конституциямыздың және ішкі саяси тұрақтылықтың сенімді кепілі. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы ретіндегі сіңірген еңбегі аса ауқымды, тарихи маңызы зор», деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Төраға Президенттің таяудағы Жолдауында цифрлық технологиялардың дендеп енуіне байланысты қазақстандықтарды жаһандық өзгерістер мен қатерлерге дайын болуға шақыруына журналистердің назарын аударды. Қ.Тоқаевтың пікірінше, бұл міндет тек қоғамның қолдауымен табысты шешіледі. Сондықтан цифрландыру идеясының мән-маңызын қалың бұқараға жеткізуде журналистерге аса жауапты міндет жүктеліп отыр.

Бұқаралық ақпарат құралдары жастардың күш-қуатын шығармашылық арнаға қарай бұруы тиіс. Жас ұрпақ барлық әлеуметтік маңызды іс-шараларға белсене араласуы қажет. Сенат басшысы еліміздің дәстүрлі құндылықтарын сақтауға және ұлықтауға, қоғамның рухани өмірін жаңартуға бағытталған Елбасының «Рухани жаңғыру» тұжырымдамасын іске асыруда ақпарат құралдарының рөлі ерекше деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ақпарат саласында белсенді қызмет етіп жүрген бірқатар баспасөз өкілдеріне Сенаттың Құрмет грамотасын және Алғыс хатын табыс етіп, Отанымыздың жарқын келешегі жолындағы еңбектері табысты болуына тілектестігін айтты.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Egemen Qazaqstan алғашқылардың бірі болып Chartbeat құралын пайдаланады

13.11.2018

Жаңақорған ауданында 116 бас қой белгісіз аурудан қырылып қалды

13.11.2018

Қызылордада қауіпті аймақтар анықталып, даярлық мәселелері күшейтілді

13.11.2018

Ақтөбеде жоғары жылдамдықтағы интернет желісі ұлғаяды

13.11.2018

Елбасы Астана клубының төртінші отырысына қатысты

13.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті

13.11.2018

«Айша бибі» мен «Ақыртас» әлемдегі ерекше туристік нысандардың тізіміне енді

13.11.2018

Павлодарда Португалиялық профессор студенттерге дәріс беріп жүр

13.11.2018

Т.Сүлейменов ел өңірлеріндегі жылу бағасының әртүрлілігін түсіндірді

13.11.2018

Тайваньда таеквондодан Президент кубогі додасы аяқталды

13.11.2018

Елордалықтар 14 қарашада жалпыхалықтық диктант жазуға қатысады

13.11.2018

Үкіметте 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

13.11.2018

Б.Сағынтаев өңірлердегі халықтың нақты табысының көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды

13.11.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтар адамдардың қажетіне жарай бастады

13.11.2018

Шымкентте 5 000 000 теңгеге бағаланған көгершін көрмеге қойылды

13.11.2018

Қызылорда облысында газ құбыры құрылысы басталады

13.11.2018

Елбасы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті

13.11.2018

Венгрияда синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы бірінші орынды иеленді

13.11.2018

Тарифтерді көтерген монополистер заң алдында жауап береді

13.11.2018

Алматыда мектеп оқушылары арасында шешендік өнер байқауы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу